жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Lesson Study - іс-тәжірибені дамыту құралы
Lesson Study – іс-тәжірибені дамыту құралы
«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектеп жанындағы интернатымен» КММ нің
информатика пәні мұғалімі
Толендиева Алма Кумарбековна
Қазіргі кезде мұғалім үшін ең басты міндет өз білімін көтеріп қана қоймай, оны дамыту, жаңашылдыққа ашық болу, күн сайын дамып келе жатқан ғылыми, технологиялық прогрестен қалмау. Себебі, білім де талап та бір орнында тұрмайды, күн санап жаңалықтар ашылуда. Сондай ақ заман талабына сай педагогика мен оқыту үдерісі де жаңалықтарға толы, соның бірі Lesson Study үдерісі, оның қолданылғанына біраз уақыт болса да толық енгізіліп, жаппай қолданылады деуге ертерек. Lesson Study – мұғалімдер тәжірибесіндегі білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау, т.с.с арқылы әріптестеріне таратады.
Lesson Study әдісінің ерекшелігі мұнда ұстаздар сабаққа қатысып, мұғалімнің әрекетін бақылап, оның кемшіліктерін анықтап, оған ақыл кеңес берудің орнына алдымен мүдделі ұстаздар топтасып, бірлесіп сабақты, және оқушылардың әрекеттерін, олардың қалай оқитындарын, оларға біліммен қатар қандай көмек беруге болатынын бірлесіп шешеді. Бұл процесс тұтастай мектептегі ұстазға қажетті құралдарды, атап айтқанда, жоспарлау, сабақ өту, тәжірибе алмасу, зерттеу, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, оқушы пікірін ескеру сияқты әрекеттерді қамтиды. Мұғалімдер ынтымақтаса отырып бір біріне көмектеседі, білімдері мен тәжірибелерін дамытады, оқушы жақсы оқу үшін сабақты жақсартады.
Біздің білетініміздей Lesson Study ерікті әрі мүдделі мұғалімдерді біріктіреді, ол үш кезеңді қамтиды және бірнеше цикл қайталанады. Осы уақыт аралығында топтағы мұғалімдерде өте мол мүмкіндіктерге ие болады, ең алдымен өзі сабақ беру кезінде мүмкін бола бермейтін оқушылардың іс-әрекетін тереңірек зерттей алады. Бұл мүғалімдерге өз сабағында сол оқушымен жұмыс жасауға ықпал етеді. Екіншіден топтағы мұғалімдер арасында кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, өз сабағы мен әдіс-тәсілдерін дамытуға ықпал етеді. Бір топтағы тәжірибесі мол маман мен жұмыс өтілін бастаған жас маман арасындағы тәлімгерлік те жүзеге асуы мүмкін.
Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден, семинарлардан, басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Коучингке қатысушылар аталмыш проблеманы шешуге мүдделі және ынталы болып, қорытынды нәтижеге деген жоғары жауапкершілікті сезінуі керек. Осылайша коучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады, бұл өзін-өзі дамытатын механизм жұмысының бір көрінісі іспеттес. Мысалы, оқу жылының соңындағы сыныптың қорытынды нәтижелері мен свод талдау негізінде және жыл басындағы жоспарларға сәйкес анықталған проблемаларды негізге ала отырып Lesson Study өткізетін мұғалімдер мен сыныптарды анықтауға болады.
Осындай жолмен Lesson Study үдерісі 8А сыныбымен жүргізілді. Анықталған проблемалар негізінде «Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы тыңдалым дағдысын қалай жақсартуға болады» деген зерттеу сұрағы қойылды.

Топ жетекшісі информатика пәні мұғалімі Толендиева А.
Мүшелері: сынып жетекшісі Абдыганиева С., биология пәні мұғалімі Ильясова А., тарих пәні мұғалімі Ақүрпекова Г., қазақ тілі пәні мұғалімі Мырзабай А.
Зерттеу сұрағы:
-
Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы тыңдалым дағдысын қалай жақсартуға болады.
Күтілетін нәтиже:
-
Сабақ барысында құндылықтарға бағытталған тапсырмалар қамтылады;
-
Құндылықтарды насихаттайды;
-
Тыңдалымды жақсартатын әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімді, тиімсіз жақтары анықталады;
-
Оқушылардың тыңдалым дағдысы жақсарады.
Жұмыс жоспары
|
Р\с |
Жұмыстың мазмұны |
Уақыты |
Жауапты |
|
1 |
«Lesson Study» зерттеу тобын құру. |
қыркүйек |
Толендиева А. |
|
2 |
«Lesson Study» зерттеу сұрағы мен мақсатын қою. Бақыланатын үш оқушыны анықтау. |
қыркүйек |
Топ мүшелері |
|
3 |
Топ мүшелерінің отырысы: Қаралатын мәселе: зерттеу проблемасына сәйкес әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар қандай болу керек? |
қыркүйек |
Топ мүшелері |
|
4 |
Топ мүшелерінің отырысы: Өткізілетін сабақтың жоспарын жасау. «Оқушылар нені біліп, нені істей алуы керек?» |
Әр сабақ алдында |
Топ мүшелері |
|
5 |
Сабақтағы бақылау парағын толтыру |
Сабақ кезінде |
Топ мүшелері |
|
6 |
Оқушылармен әңгімелесу, кері байланыс алу. |
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 09.12.2023 207
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген