lesson study есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

lesson study есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
lesson study есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы





Түркістан облысы.

Төлеби ауданы

Т.Назарбеков атындағы жалпы

білім беретін мектебі

Абенова Жанар Бактибаевнаның



Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есебі.

Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.

Лессон Стади зерттеу сабағының теориясы бойынша оқушының оқуына,мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін ең тиімді тәсіл-бұл зерттеу сабақтары,яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін бірлескен жұмыс тобын құрып рефлексифтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек,өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табамыз деген ойға келдік.

Бұл бағдарламаның бір ыңғайлы және тиімді жері – жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздік

Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты басшылыққа алдық.

Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;

Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:

– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобындағы тәжірибелі мамандар сабақ береді ал жас мұғалімдер бақылаушы ретінде зерттеуге қатыстырылды.

– Зерттейтін сыныпты таңдауда бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Ельгиндива М. және сынып жетекшісі Ж.Абеновамен,топ мүшелерімен бірлесе, ақылдаса отырып, зерттеуге 4«Б» сыныбы алынды. Себебі, менің сыныбымда білім сапасында артта қалушылық байқалған болатын. Зерттелетін пән ретінде қазақ тілі пәні алынды.

– Келесі қадам – сыныбымдағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта, жұмыстарды орындау барысында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бола ма?» – деп алдық.

– Зерттелетін пәнді, өзім сынып жетекшісі топ мүшелерімен біріге отырып, бақыланатын оқушылырды анықтадық. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

– Сынып жетекші(Мен өзім) мен зерттеу тобы мүшелерінің көмегімен 4 «Б» сынып оқушыларының жұмыстағы дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды.

Сауалнама қорытындысында:

Жұмысты орындау барысында көшбасшы болған саған ұнай ма? деген сұраққа 19 оқушының 12-і ия деп жауап берген. Тапсырмаларды орындау барысында әр оқушыға рөлдік тапсырма бергенін қалайсың ба? дегенде 9 оқушы ия деп қалғандары жоқ деп жазған. Демек, оқушылармен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру арқылы нәтижеге жетуге болатынын түсіндік.

– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.

Проблеманы шешу үшін «Тапсырмаларды орындау барысында қалай белсенділік танытуға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, қазақ тілі пәнінің №1 зерттеу сабағының жоспарын жасап келдім.

Топ мүшелерімен №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды және тапсырмаларды ерекше етіп ұйымдастыруды басты назарда ұстадық.

– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.Бақылаушылар Сейдуллаханова Б, Елгиндиева М, Батырбекова Ж,Дүйсеева С.бекітілді.

– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– 1 зерттеу сабағына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша әдістемелік көмек,бағыт-бағдар беріліп отырылды.

– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.

1 зерттеу сабағы қазақ тілі сабағында: Сабақтың тақырыбы: «Шылау» болды.

Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру «Ауа райы» әдісі арқылы жүрді.

Мәтінді рөлге бөліп оқыту

-Мәтін не туралы?

-Мәтіннен негізгі ой берілген бөлікті тауып,тапсырманы орындау болды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – рөлге бөліп оқығанымен, мәтін не туралы екенін айта алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын «Жылдам жауап беруге бағытталған» әдістен қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, заманауи әдістерді қолдануды жоспарладық.

2 зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы қазақ тілі пәнінің келесі тақырыбы болды. Сабақтың тақырыбы: «Шылау ». бұл сабақтың жоспарын жоғарыдағы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келдім. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға жеке бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәселе есепті оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың?» , немесе «Сенің ойыңша ? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Сабақ барысында оқушылардың «Оз ойым», «Құнды пікірім», әдістерінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтін туралы өз ойын айтуда. С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.

Жалпы, осы екі сабақты қорытындыласақ, сабақтарда оқушылардың қызығушылықтарымен санаса отырып тапсырмаларды және әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әрбір бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін Лессон стади сабақтарының тиімділігіне тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.

Сыныпта барлығы 19 оқушы. Қызы-11, Ұлы -8.

Жыл соңында үздігі-3, екпіндісі -9

сапасы 52,63% дан 63,15% ға көтерілгенін байқадық.



Түркістан облысы.

Төлеби ауданы

Т.Назарбеков атындағы жалпы

білім беретін мектебі

Абенова Жанар Бактибаевнаның

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі