Lesson Study үдерісі – мұғалімнің кәсіби дамуының тиімді тәсілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Lesson Study үдерісі – мұғалімнің кәсіби дамуының тиімді тәсілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study үдерісі – мұғалімнің кәсіби дамуының тиімді тәсілі Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеушілерге орасан зор міндет жүктейді. Білім беру бағдарламасының басты мақсаты әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрете отырып, оларға қолайлы жағдай жасау. Яғни, біздің міндетіміз – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Шындығында біз, қазіргі заманның мұғалімдері, жаңа өзгермелі заманға бейімделген жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Оқу мен оқыту үдерісін барынша тиімді жағдайда ұйымдастыру мүмкін бе? Сабақ барысында алған білімді ертеңгі күні өмірде пайдалана алатын жағдайды туғыза аламыз ба? деген сұрақтар туындайды. Табысты оқытуды жүзеге асыру үшін бүгінгі күні «Lesson Study» тәсілі еліміздегі білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын тәсілдің бірі және бірегейі болып тұр. Әрбір мұғалім ашық сабағынан кейін сабаққа жән
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алатау ауданы

149 жалпы білім беретін мектептің

тарих пәнінің мұғалімі

Ескендирова Лаззат Ескермесовна

Педагог-зерттеуші

Lesson Study үдерісі – мұғалімнің кәсіби дамуының тиімді тәсілі

Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеушілерге орасан зор міндет жүктейді. Білім беру бағдарламасының басты мақсаты әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрете отырып, оларға қолайлы жағдай жасау. Яғни, біздің міндетіміз – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Шындығында біз, қазіргі заманның мұғалімдері, жаңа өзгермелі заманға бейімделген жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Оқу мен оқыту үдерісін барынша тиімді жағдайда ұйымдастыру мүмкін бе? Сабақ барысында алған білімді ертеңгі күні өмірде пайдалана алатын жағдайды туғыза аламыз ба? деген сұрақтар туындайды. Табысты оқытуды жүзеге асыру үшін бүгінгі күні «Lesson Study» тәсілі еліміздегі білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын тәсілдің бірі және бірегейі болып тұр.

Әрбір мұғалім ашық сабағынан кейін сабаққа және өзімізге деген бағалауды күтеміз. Басқаша болуы мүмкін бе? Кейбір әріптестеріміз «жоқ» десе, кейбірі «иә» деп жауап береді. Олай болса ол бағалауды калай білеміз? Оны білу үшін Lesson Study көмекке келеді. Сонымен Lesson Study деген не? Lesson Study (сабақты зерттеу) мұғалімдер мен оқушылардың іс –әрекетін сабақ барысында зерттеу болып табылады. Яғни Lesson Study – дің негізгі мақсаты білім беру, оқыту, оқу және де осылардың сапасын арттыру және жетілдіру. Мұғалімдердің сабақты жоспарлау, өткізу жіне ойластыру бойынша бірлескен қызметінен артығы жоқ. Білім саласындағы бұл тәсіл Жапонияда қолданыста болғанына бір ғасырдан асқан. Бұл тәсіл жапон оқушыларын оқытудың жоғары нәтижелерімен дәлелденді. Ал әлемдік тәжірибеде 1990 жылдан бастап кеңінен тараса, біздің елімізге енгеніне 7 жылға жуық уақыт болған. Қазіргі кезде оны АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Корея, Қытай және басқа елдерде белсенді түрде қолданылады. Әрбір ұстаз сабағын зерттеу арқылы өзінің кемшілік тұстарын түсінеді, әрі оқушылармен байланысын байқайды.

«Зерттеу тақырыбын жүзеге асыру барысында бірлесіп, сабақты зерттей отырып, жұмыс істеуде ұстаздар арасында ұйымшылдық, бірлесіп жұмыс істеуге деген қызығушылық пайда болды. Сабаққа қажетті көрнекіліктерді бірлесіп дайындау тиімді болды. Ақылдасып, талқылай келе: «жалғыз сабақ беру үрдісінде мұғалімнің барлық оқушыларды бірдей бақылауы қиын, ал, сабақты бірлесіп зерттеу арқылы оқушылардың неден қиналатынын анықтап, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыруға болатындығын түсіндік. Зерттеу пәні әртүрлі болғанымен, сабаққа қажетті әдіс- тәсілдерді зерттеу сұрағына сай таңдаса, сабақтардың сапалы өтетініне көзіміз жетті. Сондықтан, Сабақты зерттеу тәсілі тиімді деген қорытындыға келдік». Мұғалімдер зерттеу сұрағын таңдағанда әр сыныптағы оқушылардың ерекшеліктерін және тайм - менеджмент ережелерін ескеру керектігін түсінді. Сандық және сапалық деректерді талдау барысында «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» сұрағы таңдалынып, сабақ жоспары жасалынды. Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді сараптап, үлестірмелі материалдарды терең ойластырғандықтан сабақ сәтті өтеді. Бұл жағдай топ мүшелеріне қуаныш сыйлайды. Мұғалімдердің Lesson Study тәсілі - кәсіби біліктілікті көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көздері жетті. Бұл - тек бір цикл аяқталғанда түйінделген ой. Алғашқыда сенімсіздікпен бастаған мұғалімдерде келесі циклға зор құлшыныс пайда болатыны сөзсіз. Міне, осындай пікірден кейін, бұл топтың Сабақты зерттеудің екінші циклін де жүйелі жалғастыратынына дегенмен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдау, сабаққа берілетін баға жеке мұғалімге емес барлық топ мүшелеріне бағытталатынын түсіндім. Зерттеу сұрағын бірлесіп анықтау, сабақты бірлесіп жоспарлау арқылы «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін жүйелі дағдыға айналдырсақ, оқушы пікірімен санассақ, сабағымызды жоспарлағанда оқушы пікірін ескерсек, ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік. Жалпы зерттеу тобының мүшесі болғаныма қуанамын және зерттеуімді жүйелі, үзбей жалғастырсам, сынып оқушыларының білім сапасының артатынына сенемін. Сабақты зерттеу - оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десем еш артық айтқандық емес.Lesson Studu әдісі оқушыны оқыту әдістемесін жетілдіру. Сабақты бірге әзірлеу арқылы табысқа бірге жетудің жолдарын таңдау әрекеті. Сабақты зерттеу, білім беруді жетілдіру арқылы аса сапалы білімді қалыптастыруға бағытталған ерекше тәсіл деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттерімен, мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десек те артық етпейді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі