Материалдар / LessonStudy әдісінің тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

LessonStudy әдісінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
LessonStudy әдісінің тиімділігі жайлы. Оқушылардың білімінің артуына, ынталануына септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

LESSON STUDY ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Меирбаева Айнаш Айткалиевна

«Жетіарал мектеп-балабақша

кешені» КММ

ШҚО, Тарбағатай ауданы

Аннотация

Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен  өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді.

Түйін сөздер: жаңартылған білім, Lesson study үрдісі.

Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.
И. Гете.

Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады. Lesson Study әдісін қолдану барысында мына негізгі ұстанымдарға сүйенген жөн:

І. Сабаққа дейін.

1) Lesson Study тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу (бұл қадам міндетті емес).
7) Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да қолданылмайды).

Lesson study әдісі біздің мектебімізде 2017-2018 оқу жылынан бері қолға алынып жұмыс істеп келеміз. Оқу тоқсандары бойынша нысаналы сыныптар алып сол бойынша жұмыстар жүргізіп келеміз. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап,   ұйымдастыратын Найманова А.К (бастауыш сынып мұғалімі, І-деңгей), Оспанова Л.К. (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Айдарханова Н.Б. (математика пәні мұғалімі), Меткенова Б.К (бастауыш сынып мұғалімі), Мусаева М.Б. (биология пәні мұғалімі), Раздықов С.Д (география пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша 8 сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 11 оқушы. 6 ер бала, 5 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 2, оқу  екпіндісі -  3. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –25 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  орташа. Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

ІІ. Сабақ кезінде.
Lesson Study сабағы.
а) оқушыларды бақылау.

ІІІ. Сабақтан кейін.

1) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу. [қосымшада]
2) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау.

Бірінші Lesson Study циклі физика пәнінен басталды.   Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.

Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.

Бірінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,  екінші  Lesson Study химия пәнінің  жоспары құрылды. 

Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі мен сергіту сәтін ұйымдастыру  жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәтінің жасымызға сай болса деген ұсыныс жасаған  болатын. Кері байланысқа СМС жазу әдісінің тиімді болғанын ұнағандарын жеткізді.

Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар «Мозаика» әдісі бойынша жұмыстанды. Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін  өз  топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ,  әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған В және А деңгейлі оқушылар  күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, С деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге «Мозаика» әдісінің тиімді болғанын айтты.

Үшінші Lesson Study кезеңінде информатика пәнінен талданды. Информатика пәнінен үй тапсырмасы Айрен тестілеу бағдарламасында құрылған тест арқылы тексерліп,білімдері бағаланды. Жаңа сабақта оқушылар кітап арқылы білімдерін толықтырып, практикалық тапсырмада компьютер арқылы орындады. Олар сабақ кезінде жаңа көптеген ақпараттар алғанын, программалау кезінде ағылшын тілінде қолданылатын кейбір жұрнақ, жалғауларды программалық есептер шығарғанда қолданылатын туралы ақпарат алғандарын сұхбат кезінде айтты. Ашық микрофон әдісі ұнағанын, өз пікірлерін айқын жеткізгендерін айтты.

Төртінші кезеңде «Нәсілдер» тақырыбында география пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.

Жаңа тақырыпты топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. Оқушыларға картамен жұмыс істеу кезінде қиындықтар болғанын, материалдар көп уақыттың тапшылығы туралы да сұхбат кезінде тілге тиек етті.

Әрбір зерттеу сабағы өткізілгеннен кейін талданып,рефлексиялық есептер жазылып, фотосуреттерімен қойылады. [қосымшада]

Егер мұғалім айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Сондықтан қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Бұлда дұрыс болар, өйткені бұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуметін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарын тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің құрамдас бөлігіне айналдырған дұрыс және де бұндай топтарға барша ұстаздар қауымын араластырған дұрыс. Lesson Study әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда. Бұның өзі ұстаздар қауымы үшін тиімді. Мұғалімдер директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекіту үшін өздерінің бірлесе жасаған сабақ жоспарларын ұсынады. Ұсынылатын сабақ жоспарының мазмұнын жоғарыда айтылып өтті.

Lesson Study топтары өз жұмыстары барысында мынандай дүниелерге назар аударса:

Біріншіден, Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің артатындығы анық. Мұнда Lesson Study топтарына қосылғысы келмейтін мұғалімдерді күштеуге болмайтынына назар аудару керек. Ондай педагогтармен басқаша жолмен жұмыс жасаған орынды.

Екіншіден, әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға қатыстыру қажет. Ол үшін сабақ басталмастан бұрын таңдалған сыныппен не бірнеше оқушымен сұхбаттасу қажет. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойған дұрыс болар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б. Айтылған ұсыныстар мен жауаптар параққа не болмаса оқушы рұқсатымен аудиожазбаға жазылуы керек. Бұл кем дегенде 5-10 минуттай болғаны жөн. Сабақ жоспарын құру барысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде ескеріп жасалған дұрыс.

Үшіншіден, Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Коучингке қатысушылар аталмыш проблеманы шешуге мүдделі және ынталы болып, қорытынды нәтижеге деген жоғары жауапкершілікті сезінуі керек. Осылайша каучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады. Өзін-өзі дамытатын механизм жұмысының бір көрінісі іспеттес.

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес, жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.




Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.

2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180 б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!