Лидерлік дағдыларды меңгеру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лидерлік дағдыларды меңгеру

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚазҰУ-дағы «Басқару психологиясы» пәнін оқу барысында лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану мәселесі қарастырылады. Теория мен тәжірибенің ұштасуы студенттердің қарым-қатынас, командада жұмыс істеу және шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Қытайдан келген студент ретінде автор ҚазҰУ-дағы практикалық оқытудың көшбасшылықты терең меңгеруге айтарлықтай әсер еткенін атап өтеді. Ғалымдардың пікірлері лидерліктің жеке тұлғаның дамуы мен қоғам үшін маңызын көрсетеді. Қорытындысында, басқару психологиясы мен лидерлік дағдыларды меңгеру болашақ тиімді көшбасшы болудың маңызды негізі екені айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лидерлік дағдыларды меңгеру

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанның бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады.

Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында болашақ мамандардың тұтас педагогикалық үдерісті және басқару ісі бойынша кәсіптік-психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Басқару психологиясы» пәні оқытылады. Аталған пәннен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Нәзираш Сулейменовна 1-курс магистранттарына «Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану» тақырыбында дәріс оқыды. Семинар сабақтарында іскер адам психологиясы, кәсіби қарыматынас түрлері, іскерлік этикасы тақырыптарын талдап, пікір алмастық. Сабақ соңында дәріс пен семинарда айтылған ақпараттарды қорытып, «Іскер адамның психологиясы және іскерлік этикасы» туралы психологиялық жоба құрастырдық.

Мен Қытайдан келген халықаралық студент ретінде бұл пәннің маған ерекше маңызды екенін атап өткім келеді. Бұған дейін мен бакалавриатты Синьцзян университетінде тәмамдап, онда да басқару психологиясы, ұйымдық мінез-құлық және көшбасшылыққа қатысты пәндерді зерттеген болатынмын. Екі университеттегі бағдарлама теориялық мазмұны бойынша ұқсас болғанымен, ҚазҰУ-дағы сабақтардың практикалық жағы әлдеқайда кең екенін байқадым. Мұнда көшбасшылық дағдыларды тек теориялық модельдер арқылы емес, нақты жағдаяттар, тренингтер және жобалар арқылы меңгеру мүмкіндігі көп. Бұл айырмашылық менің көшбасшылықты тереңірек түсінуіме және оны қолдану қабілетімді дамытуыма ықпал етті.

Бүгінгі заманның даму қарқыны басқаруды тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын айқын көрсетуде. Жаһандық өзгерістер, нарықтың үнемі құбылуы және технологиялық инновациялар ұйымдардың икемділігін, жеделдігі мен бәсекеге қабілеттілігін талап етеді. Осыған байланысты басқаруды тиімді ұйымдастыра білу тек жеке кәсіпорындар үшін ғана емес, қоғамның барлық салалары үшін маңызды. Тиімді басқару ұйымдардың ресурстарын оңтайлы пайдалануға, қызметкерлердің мотивациясын арттыруға, жоғары сапалы қызмет көрсетуге және инновациялық шешімдерді қабылдауға жол ашады. Сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өсімге негіз болады, бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары басқару психологиясының қыр-сырын зерттей отырып, қоғамның белсенді мүшесіне айналу жолында маңызды қадам жасауда. Бұл пән студенттерді түрлі жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдауға, адамдармен тиімді жұмыс жасауға, ұжымның ынтымақтастығын арттыруға бағытталған практикалық және теориялық біліммен қамтамасыз етеді.

Тиімді басқаруды ұйымдастыру және өзге қызметкерлермен дұрыс қарыматынас орнатудың маңызды бағытының бірі лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану. Лидерлік жай ғана басшылық емес, ол адамдарды шабыттандыру, ұжымды ортақ мақсатқа бағыттау және нәтижеге қол жеткізу қабілеті. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында көшбасшылықтың рөлі ерекше маңызға ие, өйткені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы белсенді, білімді көшбасшыларға тікелей байланысты.

Психолог-ғалым Л.Д. Столяренко «Психология управления» еңбегінде лидерлік дағдыларды жеке тұлғаның даму жолындағы басты фактор ретінде көрсетеді. Оның пікірінше, нағыз көшбасшы болу үшін адам тек кәсіби тұрғыда дамып қана қоймай, өз эмоцияларын басқаруды, адамдармен қарыматынасты сауатты құруды және ұжымды біріктіре білуді меңгеруі тиіс. Бұл қасиеттер шығармашылық пен инновацияның дамуына ықпал етіп, жұмыс өнімділігін арттырады.

Зерттеуші В.А. Петровский көшбасшылықтың адамның әлеуметтік ортада өзін табуына, мақсатқа жетуіне және қоғамға пайдалы әрекеттер жасауына әсер ететінін атап өтеді. Қазақстандық жастарға да, сондай-ақ Қазақстанда білім алып жатқан халықаралық студенттерге де бұл дағдыларды меңгеру елдің жаңғыруына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Басқару психологиясын меңгеру тек оқу процесінің бір бөлігі ғана емес, болашақ көшбасшы тұлғаның қалыптасуына қажетті алғышарт. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ала отырып, мен өзімнің көшбасшылық қасиеттерімді жетілдіруге және қоғамға пайдалы болуға бағытталған маңызды білім мен тәжірибе жинақтаудамын. Қазақстанның даму жолында осындай білікті, жауапты және жаңашыл көшбасшылардың көп болуы елдің болашағының жарқын кепілі.

Жұбаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Абай Айбота

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Екі шет тілі

мамандығының 1- Курс магистранты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі