Лидерлік дағдыларды меңгеру
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанның бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады.
Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында болашақ мамандардың тұтас педагогикалық үдерісті және басқару ісі бойынша кәсіптік-психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Басқару психологиясы» пәні оқытылады. Аталған пәннен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Нәзираш Сулейменовна 1-курс магистранттарына «Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану» тақырыбында дәріс оқыды. Семинар сабақтарында іскер адам психологиясы, кәсіби қарым-қатынас түрлері, іскерлік этикасы тақырыптарын талдап, пікір алмастық. Сабақ соңында дәріс пен семинарда айтылған ақпараттарды қорытып, «Іскер адамның психологиясы және іскерлік этикасы» туралы психологиялық жоба құрастырдық.
Мен Қытайдан келген халықаралық студент ретінде бұл пәннің маған ерекше маңызды екенін атап өткім келеді. Бұған дейін мен бакалавриатты Синьцзян университетінде тәмамдап, онда да басқару психологиясы, ұйымдық мінез-құлық және көшбасшылыққа қатысты пәндерді зерттеген болатынмын. Екі университеттегі бағдарлама теориялық мазмұны бойынша ұқсас болғанымен, ҚазҰУ-дағы сабақтардың практикалық жағы әлдеқайда кең екенін байқадым. Мұнда көшбасшылық дағдыларды тек теориялық модельдер арқылы емес, нақты жағдаяттар, тренингтер және жобалар арқылы меңгеру мүмкіндігі көп. Бұл айырмашылық менің көшбасшылықты тереңірек түсінуіме және оны қолдану қабілетімді дамытуыма ықпал етті.
Бүгінгі заманның даму қарқыны басқаруды тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын айқын көрсетуде. Жаһандық өзгерістер, нарықтың үнемі құбылуы және технологиялық инновациялар ұйымдардың икемділігін, жеделдігі мен бәсекеге қабілеттілігін талап етеді. Осыған байланысты басқаруды тиімді ұйымдастыра білу – тек жеке кәсіпорындар үшін ғана емес, қоғамның барлық салалары үшін маңызды. Тиімді басқару – ұйымдардың ресурстарын оңтайлы пайдалануға, қызметкерлердің мотивациясын арттыруға, жоғары сапалы қызмет көрсетуге және инновациялық шешімдерді қабылдауға жол ашады. Сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өсімге негіз болады, бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары басқару психологиясының қыр-сырын зерттей отырып, қоғамның белсенді мүшесіне айналу жолында маңызды қадам жасауда. Бұл пән студенттерді түрлі жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдауға, адамдармен тиімді жұмыс жасауға, ұжымның ынтымақтастығын арттыруға бағытталған практикалық және теориялық біліммен қамтамасыз етеді.
Тиімді басқаруды ұйымдастыру және өзге қызметкерлермен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызды бағытының бірі – лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану. Лидерлік – жай ғана басшылық емес, ол адамдарды шабыттандыру, ұжымды ортақ мақсатқа бағыттау және нәтижеге қол жеткізу қабілеті. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында көшбасшылықтың рөлі ерекше маңызға ие, өйткені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы белсенді, білімді көшбасшыларға тікелей байланысты.
Психолог-ғалым Л.Д. Столяренко «Психология управления» еңбегінде лидерлік дағдыларды жеке тұлғаның даму жолындағы басты фактор ретінде көрсетеді. Оның пікірінше, нағыз көшбасшы болу үшін адам тек кәсіби тұрғыда дамып қана қоймай, өз эмоцияларын басқаруды, адамдармен қарым-қатынасты сауатты құруды және ұжымды біріктіре білуді меңгеруі тиіс. Бұл қасиеттер шығармашылық пен инновацияның дамуына ықпал етіп, жұмыс өнімділігін арттырады.
Зерттеуші В.А. Петровский көшбасшылықтың адамның әлеуметтік ортада өзін табуына, мақсатқа жетуіне және қоғамға пайдалы әрекеттер жасауына әсер ететінін атап өтеді. Қазақстандық жастарға да, сондай-ақ Қазақстанда білім алып жатқан халықаралық студенттерге де бұл дағдыларды меңгеру елдің жаңғыруына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Басқару психологиясын меңгеру – тек оқу процесінің бір бөлігі ғана емес, болашақ көшбасшы тұлғаның қалыптасуына қажетті алғышарт. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ала отырып, мен өзімнің көшбасшылық қасиеттерімді жетілдіруге және қоғамға пайдалы болуға бағытталған маңызды білім мен тәжірибе жинақтаудамын. Қазақстанның даму жолында осындай білікті, жауапты және жаңашыл көшбасшылардың көп болуы – елдің болашағының жарқын кепілі.
Жұбаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Болтаева А.М.
Эл-Фараби атындагы КазУУ
психология гылымдарыный кандидаты, доцент
M.a.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Екі шет тілі
Абай Айбота
мамандығының 1- Курс магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз