Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лимфа жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 05.02.2014ж


Сынып:


Сабақтың тақырыбы: §37. Лимфа жүйесі


Сабақтың мақсаты: Лимфа жүйесін, лимфа жүйесінің қызметін түсіндіру.


Сабақтың міндеті:

Білімділік: Лимфа жүйесі оның қызметі, лимфа тамырлары, түйіндері жайындағы білімдерін жетілдіреді.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды, қызығушылықтары артады, биологиялық тілдері жетіледі.

Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, өз ойын жеткізе білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиеленеді.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ


Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.


Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру(Оқушылармен амандасу, түгендеу)

II.Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа тақырып түсіндіру

IV. Бекіту

V. Бағалау

VI.Үй тапсырмасы


Үй тапсырмасын сұрау.

Тапсырма. Кесте толтыру. Жүрек – қантамырлар жүйесі ауруларының ерекшелігі пайда болу

себептері, белгілері.


Жүрек кемістігі

Қаназдық(анемия)

Ақ қан ауруы(лейкомия)














Жаңа тақырып: Лимфа жүйесі.

Лимфа жүйесі – жүрек – қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық – лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанымен құрамында нәруыз өте аз және эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы лимфа тамырларымен сұйықтық тек жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа капилярлары болады. Лимфа капилярларының қантамыр капилярынан айырмашылығы лимфа капилярларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Олардың қабырғасы өте жұқа болады. Қантамыр капилярларының екі ұшы да ашық. Лимфа капилярлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің барлығын торлап жатады.

Лимфа тамырлары. Лимфа капилярлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтықтығының бір бағытқы қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналым шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтықтығы вена қанымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде шоғырланған жасушалардан түзіледі. Пішіні – домалақ сопақша, үрмебұршақ тәрізді. Лимфа түйінінің бір жақ жаға ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде ертерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қапшықша қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналасқан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі астыңғы жақ және т.б. Лимфа түйіндері қан түзілу процесіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Сонымен қатар, әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. «Қарсыдене» деп аталатын ерекше зат түзіледі. Сонымен лимфа жүйесіне - лимфа капилярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, лимфа өзектері жатады.

Лимфа жүйесінің қызметі: а) ұлпа сұйықтықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі; ә) лейкоциттерді түзеді; б) ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сызба қызметін атқарады; в) аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

Лимфаның ағуы. Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді: 1. лимфа тамырларына жақын орналасқан қанқа бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты; 2. кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен; 3. ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу ағады.



Бекіту сұрақтары.

1. Лимфа дегеніміз не?

2. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы.

3. Лимфа жүйесінің қызметі.

4. Лимфа түйіндерінің пішіні.


Биологиялық диктант


1. Лимфа жүйесіне............................................................................................жатады.

2. Лимфа құрамында..............................................болмайды

3. Лимфа түйіндерінің сыртын....................................................қаптайды.

4. Лимфа қанға қарағанда...........................ағады.

5. Лимфа капилярларының қантамыр капилярларнан айырмашылығы............................................

6. Лимфа түйіндерінің орналасқан жері...........................................

Жауаптары: 1- лимфа капилярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, 2 – эритроциттер, 3 – дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қапшықша, 4 – баяу, 5 – лимфа капилярларының бір ұшы тұйық, 6 - қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, астыңғы жақ.


Бағалау.

Үй тапсырмасы: Лимфа жүйесі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12