Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері.

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Органикалық заттарды анықтау бойынша тәжірибелер жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 7


«Келісілді»

Колледж әдіскері

____ Г. Жаутикова

3 Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы: Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар.

Зертханалық жұмыс "Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу"

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2025 жылғы " 07 " ___02

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Сиқырлы таяқша, Кинометафора, Миға шабуыл, Тест сұрақтары)

Пәнаралық байланыс: Химия

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

- редуцирленетін және редуцирленбуйтін қанттарды білу

- Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттарды анықтау

Тәрбиелік:

-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

-ой өрісін кеңейту:

-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас орната білу;

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2.Күтілетін нәтижелер

Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар;

Моносахаридтер және дисахаридтердің басым түрі;

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер




Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Биология пәнінен білімі "Сиқырлы таяқша" ойыны арқылы оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейі тексеріледі.

Сиқырлы таяқша сұрақтар:

  1. Молекуласындағы көміртек атомының санына байланысты не деп аталады?

  2. Рибоза және дезоксирибоза неның құрамына кіреді?

  3. Рибоза да глюкозаның ыдырауы кезіндегі қандай циклде түзіледі?

  4. Адамның қанында глюкозаның мөлшері қанша мг-ды (3,5-5,6 ммоль/л) құрайды?

  5. Екі моносахаридтің қосылуы нәтижесінде қанша молекула су бөлініп шығады?

  6. Дисахаридтерге нелер жатады?

  7. Бидай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75%, күріште 80%, ал картоп түйнегінде қанша % - ті құрайды?

  8. Сахароза нелерден тұрады?

  9. Моносахаридтер – қандай заттар?

  10. Дисахаридтердің негізгі өкілі ............


Сиқырлы таяқша сұрақтардың жауаптары:

  1. моносахаридтер триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар деп аталады

  2. Рибоза және дезоксирибоза РНҚ мен ДНҚ-ның құрамына кіреді.

  3. Рибоза да глюкозаның ыдырауы кезіндегі пентозалық циклде түзіледі.

  4. Адамның қанында глюкозаның мөлшері 80-120мг-ды (3,5-5,6 ммоль/л) құрайды.

  5. Екі моносахаридтің қосылуы нәтижесінде бір молекула су бөлініп шығады.

  6. Дисахаридтерге сахароза, мальтоза және лактоза жатады.

  7. идай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75%, күріште 80%, ал картоп түйнегінде 25% - ті құрайды.

  8. Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұрады

  9. Моносахаридтер – суда жақсы еритін, спиртте нашар, эфирде ерімейтін түссіз кристалл заттар

  10. Дисахаридтердің негізгі өкілі сахароза


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Редуцирленетін және редурцирленбейтін қанттар туралы түсінік беру.

  2. Қаныққан және қанықпаған майлардың энергетикалық құндылықтарының айырмашылығы


«Кинометафора» тәсілі Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар тақырыбында бейнекөрсетілім:

https://www.google.com/search?sca_esv=9a8e8f6bd3ba345e&sxsrf=AHTn8zpPnYNKv5UioC4A7Zw9Qpyk1x1uGw:1740029397721&q=%D0%A0%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD+%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5+%D1%80%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%96%D0%BD+%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80+%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0+%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%81%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC:&udm=7&fbs=ABzOT_CuqIQuCya4_cBcmDQ1uRxhnPUy0jA_ZXlTlllu-h8hMk_bwckUQMPjToY80sA4zDp4V17x5qH5gcMBUsjI6AGv6yHdHdWxvv8T32LX1S8oGQbEeYggFdH7AG-GYhF_-u9pfHh-KEn-UxGCl_6ysF9PW_9X6APOOUu9Z5u0ZXf1zB6C5sTthX3lcZhmtWH8T2f8lcyJ42k72s2zSPukv_Imm6atFw&sa=X&ved=2ahUKEwjImJnRwtGLAxVdJRAIHaq0NpoQtKgLegQIDhAB&biw=1366&bih=641&dpr=1#fpstate=ive&vld=cid:d774efc1,vid:e4-2UFwyUk4,st:0

Редуцирленетін қанттар. Редуцирлену сөзі биологиялық тұрғыдан алғанда кіші өлшемге айналу деген мағынаны білдіреді.

Моносахаридтер және көптеген дисахаридтер редуцирленетін қабілетке ие (ерігіштікке). Олардың барлығының молекулаларында карбоксил тобы болады. Олардың ашық химиялық құрылымы (екі сақиналы химиялық заттар) екі еселенген жылдамдықпен дисахаридтерге ыдырауға мүмкіндік береді.

Мұндай редуцирленетін қасиетін өзара және мыс (ІІ) сульфаты арасындағы тотығу –тотықсыздану реакциясының көмегімен көрсетуге болады. Бұл тұздардың ерітіндісі көк түсті болады. Көмірсудағы мыс (І) оксидімен тотықсыздандырған соң қызыл кірпіш түс пайда болады. Түстің өзгеруі реакцияның жүргенін және берілген көмірсу редуцирлейтін көмірсу екенін көрсетеді. Ғалымдар редуцирленетін қаттарды анықтау үшін бірнеше құрамы қарапайым химиялық реакцияларды пайдаланады: ең кең таралғандары – Бенедикт және Фелинг реакциясы.

Бенедикт және Фелинг реакциясы


Азық – түліктерде ең кең таралған қанттарға глюкоза мен фруктоза (моносахаридтер), салыстырмалы түрде аз тарағандарына лактоза және галактоза (дисахаридтер) жатады. Бірқатар қанттар немесе сахарозалар редуцирленетін қанттарға жатпайды. Бірақ қант ерітіндісін қыздырғанда немесе қышқылдандырғанда гидролиз жүреді. Сахароза моносахаридтерге глюкоза мен фруктозаға дейін ыдырайды, олар редуцирленеді.

Редуцирленбейтін қанттар. Бұлар көмірсулар – полисахаридтер. Ең көп тарағаны – сахароза. Тұйық химиялық құрылымға ие. Онда бірнеше химиялық сақиналар болады, ашық тұсында құрылымды тұтас байланыстырушы ретінде атомдарды пайдаланады, соған сәйкес байланыстырушы молекулаға беретін электрондары болмайды. Сондықтан реакция кезінде тотығу байқалмайды. Ыдырату үшін салыстырмалы түрде көп уақыт керек болады.

Редуцирленбейтін қанттардың реакциялық қабілеті жоқ, альдегид тобы болмағандықтан Бенедикт тестісі теріс нәтиже көрсетілген.

  1. Сахароза ерітіндісі + 2 тамшы Бенедикт реактиві (теріс нәтиже, редуцирленбейтін агент)

  2. Фруктоза ерітіндісі + 2 тамшы Бенедикт реактиві

  3. Глюкоза ерітіндісі + 2 тамшы Бенедикт реактиві

  4. Лактоза ерітіндісі + 2 тамшы Бенедикт реактиві


1 зертханалық жұмыс «Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу»
Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың сандық талдауы пациенттің қанындағы және зәріндегі қанттың деңгейін анықтау үшін медициналық зертханаларда жүргізіледі. Фармецевтикалық компанияларда дәрілік препараттарды өндіру және 
оларды сертификаттау кезінде; тамақ өнеркәсібінде шикізат пен тамақ өнімдеріндегі қанттың концентрациясын анықтау үшін; шарап жасауда және жеміс-көкөніс дақылдарын дайындау үдерісі кезінде жасалады.
Зертханалық жұмысты жүргізу үшін оны мұқият жоспарлау керек. Бұл зерттеу мақсатын тұжырымдауға, 
гипотезаны ұсынуға, эксперимент әдістемесін, реактивтер мен жабдықтарды таңдауға, жұмыс барысын құруға, нәтижелерді рәсімдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.
«Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу» атты зертханалық жұмысын жүргізу үшін 
кестені қарау керек, ол әдетте экспериментті бастамас бұрын толтырылады.

  1. https://www.google.com/search?sca_esv=9a8e8f6bd3ba345e&sxsrf=AHTn8zpPnYNKv5UioC4A7Zw9Qpyk1x1uGw:1740029397721&q=%D0%A0%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD+%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5+%D1%80%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%96%D0%BD+%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80+%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0+%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%81%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC:&udm=7&fbs=ABzOT_CuqIQuCya4_cBcmDQ1uRxhnPUy0jA_ZXlTlllu-h8hMk_bwckUQMPjToY80sA4zDp4V17x5qH5gcMBUsjI6AGv6yHdHdWxvv8T32LX1S8oGQbEeYggFdH7AG-GYhF_-u9pfHh-KEn-UxGCl_6ysF9PW_9X6APOOUu9Z5u0ZXf1zB6C5sTthX3lcZhmtWH8T2f8lcyJ42k72s2zSPukv_Imm6atFw&sa=X&ved=2ahUKEwjImJnRwtGLAxVdJRAIHaq0NpoQtKgLegQIDhAB&biw=1366&bih=641&dpr=1#fpstate=ive&vld=cid:490554f6,vid:dlWZ3x4Zsvo,st:0

  2. https://www.google.com/search?sca_esv=9a8e8f6bd3ba345e&sxsrf=AHTn8zpPnYNKv5UioC4A7Zw9Qpyk1x1uGw:1740029397721&q=%D0%A0%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD+%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5+%D1%80%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%96%D0%BD+%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80+%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0+%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%81%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC:&udm=7&fbs=ABzOT_CuqIQuCya4_cBcmDQ1uRxhnPUy0jA_ZXlTlllu-h8hMk_bwckUQMPjToY80sA4zDp4V17x5qH5gcMBUsjI6AGv6yHdHdWxvv8T32LX1S8oGQbEeYggFdH7AG-GYhF_-u9pfHh-KEn-UxGCl_6ysF9PW_9X6APOOUu9Z5u0ZXf1zB6C5sTthX3lcZhmtWH8T2f8lcyJ42k72s2zSPukv_Imm6atFw&sa=X&ved=2ahUKEwjImJnRwtGLAxVdJRAIHaq0NpoQtKgLegQIDhAB&biw=1366&bih=641&dpr=1#fpstate=ive&vld=cid:adaa9798,vid:eGHXZdXouRg,st:0


ІV. Жаңа сабақты бекіту - 10 мин

Миға шабуыл сұрақтар

  1. Редуцирлену сөзі биологиялық тұрғыдан алғанда ................ айналу деген мағынаны білдіреді.

  2. Екі еселенген жылдамдықпен дисахаридтерге ............ мүмкіндік береді.

  3. Ғалымдар редуцирленетін қаттарды анықтау үшін бірнеше құрамы қарапайым химиялық реакцияларды пайдаланады: ең кең таралғандары – ....................... реакциясы.

  4. Түстің өзгеруі реакцияның жүргенін және берілген көмірсу ............. екенін көрсетеді.

  5. Азық – түліктерде ең кең таралған қанттарға .....................

  6. Бірқатар қанттар немесе сахарозалар .................... қанттарға жатпайды.

  7. Сахароза моносахаридтерге .................................., олар редуцирленеді.

  8. Редуцирленбейтін қанттардың реакциялық қабілеті жоқ, альдегид тобы болмағандықтан ................... теріс нәтиже көрсетілген.


Миға шабуыл сұрақтардың жауабы:

  1. кіші өлшемге.

  2. ыдырауға.

  3. Бенедикт және Фелинг реакциясы.

  4. редуцирлейтін көмірсу екенін көрсетеді.

  5. глюкоза мен фруктоза

  6. редуцирленетін қанттарға жатпайды.

  7. глюкоза мен фруктозаға.

  8. Бенедикт тестісі теріс нәтиже көрсетілген.


Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар бойынша тест сұрақтары

1-вариант: Есте сақтау деңгейі

  1. Редуцирленетін қанттардың негізгі қасиеті қандай?

A) Су ерітіндісінде ыдырайды

B) Мыс (II) иондарын тотықсыздандырады ✅

C) Сілтімен әрекеттеспейді

D) Қышқылдармен әрекеттеспейді

E) Түс өзгертпейді

  1. Редуцирленетін қанттарға қайсысы жатады?

A) Сахароза

B) Крахмал

C) Глюкоза ✅

D) Целлюлоза

E) Декстрин

  1. Редуцирленбейтін қанттарға қайсысы жатады?

A) Фруктоза

B) Лактоза

C) Сахароза ✅

D) Глюкоза

E) Галактоза

  1. Фелинг сынамасында қандай ион қолданылады?

A) Fe³⁺

B) Cu²⁺ ✅

C) Zn²⁺

D) Mg²⁺

E) Pb²⁺

  1. Қандай қанттар күміс айна реакциясын береді?

A) Барлық көмірсулар

B) Барлық дисахаридтер

C) Тек редуцирленетін қанттар ✅

D) Тек редуцирленбейтін қанттар

E) Барлық полисахаридтер


2-вариант: Түсіну деңгейі

  1. Глюкоза мен фруктозаның редукциялау қабілеті қандай ортада байқалады?

A) Қышқыл ортада

B) Сілтілік ортада ✅

C) Бейтарап ортада

D) Тек жоғары температурада

E) Тек катализатор қатысында

  1. Егер көмірсу мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда мыс (I) оксидіне дейін тотықсызданса, ол қандай қантқа жатады?

A) Полисахаридтер

B) Редуцирленбейтін қанттар

C) Редуцирленетін қанттар ✅

D) Моносахаридтер

E) Олигосахаридтер

  1. Сахароза редуцирленбейтін қант болу себебі неде?

A) Ол суда ерімейді

B) Оның құрамында гликозидтік байланыс жоқ

C) Оның құрамындағы альдегидтік топ бос емес ✅

D) Ол дисахарид емес

E) Ол қышқылдармен әрекеттеспейді

  1. Лактоза қандай қанттарға жатады?

A) Редуцирленетін ✅

B) Редуцирленбейтін

C) Полисахаридтер

D) Олигосахаридтер

E) Гликозидтер

  1. Егер зат күміс айна реакциясын берсе, ол қандай функционалдық топқа ие?

A) Карбоксил

B) Альдегид ✅

C) Кетон

D) Спирт

E) Эфир


3-вариант: Қолдану деңгейі

  1. Егер зертханада көмірсудың редукциялау қабілетін анықтау қажет болса, қандай реакция қолдану керек?

A) Йодпен әрекеттесу

B) Фелинг реакциясы

C) Бромды су реакциясы

D) Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесу

E) Толуидинмен реакция

  1. Қандай зат редуцирленбейтін қанттарды редуцирленетін қанттарға айналдыра алады?

A) Сілті

B) Қышқыл

C) Су

D) Спирт

E) Оттек

  1. Егер глюкоза мен сахарозаны Фелинг ерітіндісімен қыздырса, қандай нәтиже аламыз?

A) Екеуі де мыс (I) оксидіне дейін тотықсызданады

B) Екеуі де ешқандай реакция бермейді

C) Тек глюкоза тотықсыздандырады ✅

D) Тек сахароза тотықсыздандырады

E) Тек қышқыл қосылғанда реакция жүреді

  1. Сахароза гидролизденгенде қандай қанттар түзіледі?

A) Глюкоза және фруктоза

B) Глюкоза және галактоза

C) Лактоза және мальтоза

D) Крахмал және целлюлоза

E) Фруктоза және рибоза

  1. Егер зерттеуші қанттың редуцирленетін немесе редуцирленбейтін екенін анықтағысы келсе, қандай әдіс қолдану керек?

A) Суда еріту

B) Йодпен өңдеу

C) Фелинг сынамасы немесе күміс айна реакциясы ✅

D) Хром қоспасы қосу

E) Спиртпен еріту



V. Сабақты қорытындылау, баға қою – 5 мин.

Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге

сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.


VІ. Үй тапсырмасын беру - 2 мин

Тапсырма: Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар

Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология 20-23 беттер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі