Материалдар / Логикалық есептер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Логикалық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық есептер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
358
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
2-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ
тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және
өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім
беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес пәні
бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл
қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және
басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................. 4
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау......................................................... 4
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау......................... 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 17
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................................................. 17
«Туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................................................................ 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 29
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................................... 29
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................... 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 41
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................................. 41
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................................................................ 44
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 47

3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты

Тыңдалым
Айтылым
2.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес
фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме
беру үшін сөздер және сөз тіркестерді қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін орынды
пайдаланады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Әлихан. Мен қалада тұрамын. Қысқы демалыста мен ауылға барамын.
Ауылда атам мен әжем тұрады.
Ауылда мен балалармен бірге шанамен сырғанаймын. Қардан аққала жасаймын. Шаңғы
тебемін. Атаммен орманға барамын. Атам мен әжеме көмектесемін.
Ауыл маған қатты ұнайды.
1) Әлихан қысқы демалыста қайда барады? Белгіле ().
Қалаға
Ауылға
Тауға
Теңізге

4

2) Әлихан демалыста не істейді? Сәйкес суреттерді белгіле ().

Айтылым
2. Сен бос уақытыңды қалай өткізесің? Әңгімеле.
• Бос уақытыңда не істейсің?
• Бос уақытыңда қайда барасың?
Тірек сөздер: сурет салу, ойнау, кітап оқу, бассейнге бару, суда жүзу, құрастыру, серуендеу,
мультфильм көру, киноға бару.
Бағалау критерийі
Сәйкес
суретті
анықтап, сұрақтарға
жауап береді

Тақырыпқа қатысты
сөздер мен сөз
тіркестерін орынды
пайдаланады

Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор

Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап
береді;
кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бірінші
суретті анықтайды;
кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты екінші суретті
анықтайды;
сұрақтарға жауап бере отырып, бос уақытын
сипаттап айтады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай
орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1
1
1
7

5

Тақырыпқа қатысты
сөздер мен сөз
тіркестерін орынды
пайдаланады

Сәйкес суретті
анықтап, сұрақтарға
жауап береді

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Тақырыпқа қатысты
сөздер мен сөз тіркестерін
қолдануда қиналады

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға
жауап беруде және
мәтінге сәйкес суреттерді
анықтауда қиналады

Төмен

Сөздерді мағынасына қарай
қолдануда / сөйлем
құрылымын сақтауда
қателіктер жібереді

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап
беруде / мәтінге сәйкес
суреттерді анықтауда
қателіктер жібереді

Орта

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________

Тақырыпқа қатысты сөздер
мен сөз тіркестерін дұрыс
қолданады

6

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді
және мәтінге сәйкес
суреттерді анықтайды

Жоғары

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер
бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған
толық жауап беру
2.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны
бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем)
жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сұрақ қояды және жауап береді
• Суретке сүйеніп, сұрақтарға жауап жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің досым бар. Оның аты - Марат. Біз екінші сыныпта оқимыз. Марат өте жақсы оқиды.
Ол музыка мектебіне барады. Біз бір үйде тұрамыз. Мектепке бірге барамыз. Сабақтан кейін
бірге қайтамыз. Марат - жақсы дос.
1) Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтар қойып, сөйлемді толықтыр.
Балалар ............................................ сыныпта оқиды?
Марат ............................................ барады?
Керекті сөздер: қайда? нешінші?

7

Жазылым
2. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сұрақтарға жауап жаз.

1) Отбасында неше адам бар? _______________________________________
2) Атаcы не істеп отыр? ____________________________________________
3) Отбасы қандай? ________________________________________________

Бағалау критерийі
Сұрақ қояды және жауап
береді
Суретке сүйеніп,
сұрақтарға жауап
жазады

Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор
Білім алушы
бірінші сөйлемді сәйкес сұрақпен
толықтырады;
екінші сөйлемді сәйкес сұрақпен
толықтырады;
бірінші сұраққа жауап береді;
екінші сұраққа жауап береді;
үшінші сұраққа жауап береді;
сөздерді сауатты жазады;
жазуда каллиграфиялық нормаларды
сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1
1
1
7

8

Суретке сүйеніп,
сұрақтарға жауап
жазады

Сұрақ қояды және жауап
береді

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Суретке сүйеніп, сұрақтарға
жауап жазуда қиналады

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда қиналады

Төмен

Суретке сүйеніп, сұрақтарға
жауап беруде / сөздерді
жазуда қателіктер жібереді

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда қателіктер
жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты жөні _________________________________________________

Суретке сүйеніп,
сұрақтарға дұрыс жауап
жазады

9

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақты дұрыс
қояды

Жоғары

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні
бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке
арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын
4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма - айтылым, үшіншісі - оқылым,
төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

10

2.2.3.1 Күнделікті өмірде
кездесетін жағдаяттарда
қызығушылығы бойынша
сұхбаттасына сұрақ қою,
диалогке қатысу барысында
этикет сөздерді қолдану
2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны
немесе
иллюстрация/постер
бойынша қарапайым сұрақтар
құрастыру және оған толық
жауап беру
2.5.1.1 *Мұғалімнің
қолдауымен заттың
атын/сынын/санын/ісқимылын білдіретін сөздерді
ауызша және жазбаша тілде
қолдану

Айтылым

Оқылым

Жазылым

2

3

4

2.1.3.1 *Тыңдаған
материалдың (ұзақтығы 1-1,5
мин) мазмұны бойынша
Менің
отбасым сұрақтарға жауап беру және
және достарым
оған сәйкес фото/сюжетті
суреттер/сызбалар
таңдау/сипаттау

Өзім туралы

Тыңдалым

1

Оқу мақсаты

Ортақ тақырып

Сөйлеу
әрекетінің
түрлері



Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі
қысқа жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар тапсырманы
орындайды

Тапсырманың
сипаттамасы

1

1

1

1

Тапсырма
саны

4

4

4

3

11

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Ажар. Бүгін менің туған күнім.
Туған күніме ауылдан атам мен әжем келді. Анам дәмді тағамдар дайындады. Маған
көп сыйлықтар берді. Ағам маған ертегілер кітабын сыйлады. Мен оған қатты қуандым. Мен
кітап оқуды өте жақсы көремін.
Менің туған күнім көңілді өтті.
1) Ажардың туған күніне кімдер келді?
А) анасы мен әкесі
В) ағасы мен сіңлісі
С) атасы мен әжесі
D) мұғалімі мен досы
2) Ағасы не сыйлады? Белгіле ().

3) Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін суретті белгіле ().

[1]

[1]

[1]

12

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

С

1

Қосымша ақпарат

1
1

1

Барлығы

3

Айтылым
2. Досыңмен сұхбаттас. Досыңның отбасы бос уақытты қалай өткізеді? Досыңа сұрақ
қой. Оның сұрағына жауап бер.
[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал
жауабы:
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Менің отбасымда ....
- Сендер бос уақыттарыңды қалай
өткізесіңдер?
- Біз бос уақытымызда ...
- Сен бос уақытыңда не істейсің?
- Мен бос уақытымда ...

4

Тақырыпқа сәйкес басқа
да сұрақтар
қабылданады.
Сұхбаттасына
тақырыпқа сәйкес сұрақ
қояды – 1 балл.
Сұхбаттасының
сұрағына сәйкес жауап
береді – 1 балл.
Сөздер мен сөйлемдерді
орынды қолданады – 1
балл.
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды –
1 балл.

Барлығы

4

13

Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Нұрлан. Менің тамағым ауырды. Мен мектепке бара алмадым. Кешке
үйге Қайрат пен Айжан келді. Олар маған өткен сабақты түсіндірді. Қайрат есеп шығаруды
үйретті. Біз ертегі оқыдық. Уақытты жақсы өткіздік. Мен қатты қуандым.
Менің достарым – өте жақсы балалар.
1) Нұрлан мектепке неге бармады?
А) ойнап жүрді
В) ауылға кетті
С) ауырып қалды
D) ұйықтап қалды
[1]

2) Достары Нұрланға қалай көмектесті?
А) сабақ түсіндірді
В) емханаға апарды
С) дәрі сатып әкелді
D) бөлмесін жинады

[1]

3) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр және сұраққа жауап жаз.
Сұрақ: ____________________________________________________________________
Жауап: ____________________________________________________________________

[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма


3

Жауап
С

1

А

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Сұрақ: Нұрланға кімдер келді?
Жауап: Нұрланға Қайрат пен Айжан
келді/ Қайрат пен Айжан / балалар
Барлығы

Балл

1
1

Қосымша ақпарат

Мәтіннің мазмұнына
сәйкес басқа да сұрақтар
мен жауаптар
қабылданады.

4

14

Жазылым
4. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықта.
Кестенің әр бөлігіне 1 сөзден жаз.

Кім?

Қандай?

Неше?

[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Балалар / қыз / бала / ұл / қыздар

1

Көңілді / әдемі / кішкентай / сүйкімді
қызыл / көк / жасыл / қоңыр / ақ / ала

1

Суретке қатысты басқа да
жауап нұсқалары
қабылданады.

Бір / екі / үш / бес / он

1

Ойнады / секірді / қарады / лақтырды

1

4

Барлығы

Не істеді?

4

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
15

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

16

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаттары

2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған
сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/
сипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Сюжетті суреттер бойынша қарапайым мәтін
құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ болады. Бірінші сабақ - ағылшын тілі
сабағы. Сабақта біз ағылшынша сөздерді оқып, сөйлемдер құрастырамыз. Топта қызықты
сұрақтар қоямыз. Дәптерге сөйлемдер жазамыз. Ағылшын тілі - менің сүйікті пәнім. Маған
қазақ тілі және орыс тілі пәндері де ұнайды.
Көп тіл білген жақсы! Ол жақсы сөйлеуге көмектеседі. Мен тіл пәндерін сүйіп оқимын.
1) Мәтінде қай пән туралы айтылмайды?
А) орыс тілі
В) ағылшын тілі
С) қазақ тілі
D) неміс тілі
2) Балаға не ұнайды?
А) тілдерді үйрену
В) сөздер жазу
С) есеп шығару
D) сурет салу

17

3) Мәтінге сәйкес келетін 2 суретті тауып, белгіле ().

Айтылым
2. Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырып айт.

Бағалау критерийі
Сәйкес суретті анықтап,
сұрақтарға жауап береді

Сюжетті суреттер
бойынша қарапайым
мәтін құрастырады
Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор

Білім алушы
мәтін бойынша бірінші сұраққа жауап
береді;
мәтін бойынша екінші сұраққа жауап
береді;
мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін
бірінші суретті анықтайды;
мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін
екінші суретті анықтайды;
суреттер желісі бойынша құрылымын
(басы, оқиғаның өрбуі, соңы) сақтай
отырып, әңгіме құрастырады;
сөйлеу барысында орфоэпиялық
нормаларды сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1

1
6

18

1

2

Сәйкес суретті
анықтап, сұрақтарға
жауап береді

Сюжетті
суреттер
бойынша қарапайым
мәтін құрастырады

Бағалау критерийі

Тапсырма


Сюжетті суреттер желісі
бойынша әңгіме
құрастыруда қиналады

Мәтін бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беруде
және мәтінге сәйкес
келетін суреттерді
анықтауда қиналады

Төмен

Сюжетті суреттер желісі
бойынша әңгіме құрастыруда/
сөйлеу барысында орфоэпиялық
қателіктер жібереді

Мәтін бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беруде /
мәтінге сәйкес келетін суреттерді
анықтауда қателеседі

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты жөні _________________________________________________

Сюжетті суреттер желісі
бойынша қарапайым әңгіме
құрастырады және сөйлеу
барысында орфоэпиялық
нормаларды дұрыс сақтайды

19

Мәтін бойынша қойылған
сұрақтарға жауап береді және
мәтінге сәйкес келетін суреттерді
дұрыс анықтайды

Жоғары

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика

«Туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі,
әңгіме) ажырату
2.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша
жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің жанрын анықтайды
• Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Асан мен Ербол далада ойнады. Олар кішкентай балапан көрді. Балапанды үйге
әкелді. Әкесіне көрсетті.
- Біз оған тамақ, су береміз, - деді балалар.
- Балапанның ұясы, ата-анасы бар. Балапан оларды сағынады. Өзінің үйін іздейді, деді әкесі.
- Түсіндік, әке. Балапанды ұясына апарамыз, - деді балалар.
1) Мәтіннің жанрын анықта және белгіле ().
ертегі

өлең

жұмбақ

әңгіме

2) Сызбаны толтыр.

Балалар не істеді?

20

Жазылым
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Балалар нені көрді? __________________________________________
2) Балалар оны кімге көрсетті? _____________________________________

Бағалау критерийі
Мәтіннің жанрын
анықтайды

Мәтін мазмұны
бойынша сұраққа
жауап жазады
Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің жанрын анықтайды;
балалардың әрекетін білдіретін бірінші
сөзді жазады;
балалардың әрекетін білдіретін екінші
сөзді жазады;
бірінші сұраққа жауап жазады;
екінші сұраққа жауап жазады.
сөздерді сауатты жазады;
жазуда каллиграфиялық нормаларды
сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1
1
1
7

21

Мәтін мазмұны
бойынша сұраққа
жауап жазады

Мәтіннің жанрын
анықтайды

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Берілген сұрақтарға жауап
жазуда қиналады

Мәтіннің жанрын анықтауда
және кейіпкерлердің әрекетін
білдіретін сөздерді жазуда
қиналады

Төмен

Сұрақтарға жауап беруде /
сөйлемдерді жазуда
қателіктер жібереді

Мәтіннің жанрын анықтауда /
кейіпкерлердің әрекетін
білдіретін сөздерді жазуда
қателеседі

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты жөні: _________________________________________________

Жоғары

Сұрақтардың жауабын
сауатты жазады

Мәтіннің жанрын анықтайды
және кейіпкерлерді әрекетін
білдіретін сөздерді дұрыс
жазады

«Туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

22

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні
бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауап қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4
тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма айтылым, үшіншісі- оқылым,
төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

23

4

3

Туған өлкем

2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең,
жаңылтпаш, жұмбақ,ертегі,
әңгіме) ажырату
2.4.2.1 Оқыған/
аудио/бейнематериалдың
мазмұны бойынша жиі
қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестерін қатыстырып
сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Оқылым

Жазылым

2.2.5.1 Мәлімет, кейіпкер,
Білім алушы ашық түрдегі
оқиғаларды салыстыру
қысқа жауапты қажет ететін
негізінде қарапайым пікір («мен тапсырманы орындайды
...деп ойлаймын», «мен...деп
санаймын», «маған... сияқты»,»
маған... тәрізді») білдіру

Айтылым

2

Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы жабық түрдегі
көп таңдауы бар тапсырманы
орындайды

Білім алушы жабық түрдегі
көп таңдауы бар тапсырманы
орындайды

2.1.3.1 Тыңдаған материалдың
(ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап
беру және оған сәйкес
фото/сюжетті
суреттер/сызбалар таңдау/
сипаттау

Тыңдалым

Менің мектебім

Тапсырманың
сипаттамасы

1

Оқу мақсаты

Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Ортақ тақырып



1

1

1

1

Тапсырма
саны

24

4

4

4

3

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысады. Айтысты математика пәні
бастайды.
- Мен - барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен
азайтуды үйретемін, - деп мақтанады.
- Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді өнер
пәні.
Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.
1) Мәтінде не туралы айтылған?
А) пәндердің айтысы туралы
В) пәндердің достығы туралы
С) пәндердің татулығы туралы
D) пәндердің атаулары туралы
[1]
2) Оқу пәндері өзі туралы не айтты? Сөздер мен тіркестерді сәйкестендіріп сыз.
Математика

әдемілікті түсінуді үйретеді.

Өнер

санды және санауды үйретеді.
[2]

Балл қою кестесі
Тапсырма

1

Жауап

Балл

А

1

Математика санды және санауды
үйретеді.

1

Өнер әдемілікті түсінуді үйретеді.

1

Барлығы

Қосымша
ақпарат

3

Айтылым
2. Сұрақтарға жауап бер.
1) Қай пәндер өзара айтысып қалды?
2) Айтысқа тағы қандай пәндер қатысты деп ойлайсың?
3) Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?
25

[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма


2

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Математика / өнер / математика мен
өнер / математика мен өнер пәндері.

1

Қазақ тілі мен орыс тілі /
жаратылыстану мен дене шынықтыру /
дүниетану.

1

Сұраққа қатысты басқа
да дұрыс жауаптар
қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Мен қазақ тілін ұнатамын. Өйткені бұл
пән оқу мен жазуды үйретеді/Маған
қазақ тілі пәні ұнайды. Одан дұрыс
сөйлеуді үйренемін.

2

Сұраққа қатысты басқа
да дұрыс жауаптар
қабылданады.
Қойылған сұраққа
қатысты ойын айтады 1 балл.
Өз көзқарасына дәлелді
пікір айтады -1 балл
қойылады.

Барлығы

4

Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Әлидің үйі орманға жақын. Бір күні Әли бөлмеде жүрген кішкентай тиінді көрді. Әли
әкесінен:
- Әке, тиін қайдан келген? - деп сұрайды.
- Орманнан келді, - дейді әкесі.
- Алақай, ол менің досым болады! Мен оған тамақ беремін.
- Жоқ, балам. Тиін - жабайы жануар. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиін ормансыз өмір
сүре алмайды, - деді әкесі.
- Түсіндім, - деді Әли. Ол тиінді орманға апарды.
1) Мәтін не туралы?
А) орман туралы
В) тиін туралы
С) жаңғақ туралы
D) ағаш туралы
2) Мәтіннің жанрын анықта.
А) әңгіме
В) ертегі
С) өлең
D) жұмбақ
26

3) Әли не істеді? Оның іс-әрекетін сәйкестендір.
тиінді көрді.
Әли

тиінге тамақ берді.
тиінді орманға апарды.
[4]
Балл қою кестесі

Тапсырма

3

Жауап

Балл

В

1

А

1

Әли тиінді көрді.

1

Әли тиінді орманға апарды.

1

Барлығы

Қосымша ақпарат

Әр дұрыс
сәйкестікке 1 балл
қойылады.

4

Жазылым
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Әли бөлмесінде не көрді?_______________________________________________
2) Ол қандай жануар? ____________________________________________________
3) Ол немен қоректенеді? _________________________________________________
[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауаптары:
1) Әли бөлмесінде тиін көрді / кішкентай
тиінді көрді / тиін көрді / тиінді / тиін.
2) Тиін – жабайы жануар / орман жануары
/ жабайы.
3) Тиін жаңғақпен қоректенеді / Ол
жаңғақпен қоректенеді / жаңғақпен
қоректенеді / жаңғақпен / жаңғақ.

4

Жауаптың кез
келген нұсқасы
қабылданады.
Әр дұрыс жауапқа
– 1 балл қойылады.
Сөздерді сауатты
жазады -1 балл.

Барлығы

4

27

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

28

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және
оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар
таңдау/сипаттау
2.2.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда
қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ
қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Тақырып бойынша диалогке қатысады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Тыңдалым
1. Ажар мен Жандос туралы ақпаратты мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ажар:
- Менің атым – Ажар. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жаттығу
жасаймын, жүгіремін. Маған мәнерлеп сырғанау спорты ұнайды. Мен атақты спортшы
болғым келеді.
Жандос:
- Менің атым – Жандос. Маған жүзу спорты ұнайды. Жүзгіштер – өте мықты,
шыдамды адамдар. Мен сенбі, жексенбі күндері бассейнге барамын.
1) Мәтін бойынша кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
Ажар
Жандос

сенбі, жексенбі күндері бассейнге барады.
демалыс күндері шаңғы тебеді.
күнде таңертең жаттығу жасайды, жүгіреді.

29

2) Мәтінде айтылған спорт түрлерін бейнелейтін суреттерді белгіле () .

Айтылым
2. Тірек сөздерді пайдаланып, жұбыңмен «Спорт» тақырыбында диалог құрастыр.
Тірек сөздер: спортпен айналысу, спорт түрі, жаттығу жасау, болу үшін, ұнайды, мықты,
денсаулыққа пайдалы.
Бағалау
критерийі
Сәйкес суретті
анықтап,
сұрақтарға жауап
береді

Тақырып
бойынша
диалогке
қатысады.
Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор

Балл

Білім алушы
бірінші кейіпкерге қатысты әрекетті анықтайды;

1

екінші кейіпкерге қатысты әрекетті анықтайды;
мәтін мазмұнына сәйкес келетін бірінші суретті
анықтайды;
мәтін мазмұнына сәйкес келетін екінші суретті
анықтайды;
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сұрақ қоюда және сұраққа жауап беруде тілдік
нормаларды сақтайды.

1
1
1
1
1
1
1
8

30

1

2

Тақырып бойынша
диалогке қатысады

Тапсырма


Сәйкес суретті анықтап,
сұрақтарға жауап береді

Бағалау критерийі

Кейіпкерлердің әрекетін
анықтауда /мәтінге сәйкес
суреттерді белгілеуде
қателіктер жібереді

Сөйлеу барысында тірек
сөздерді қолдануда / тілдік
нормаларды сақтауда /
сұхбаттасына сұрақтар қоюда/
сұрақтарға жауап беруде
қателіктер жібереді

Тірек сөздер мен тақырып
бойынша диалог
құрастыруда қиналады

Орта

Кейіпкерлердің іс-әрекетін
анықтауда және мәтінге
сәйкес суреттерді белгілеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!