Материалдар / Логикалық есептер жинағы 3-4 сыныптар үшін
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Логикалық есептер жинағы 3-4 сыныптар үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін және олимпиадаларға дайындау үшін қолданған есептерді әріптестеріме көмек ретінде қажеті болар деген оймен жіберіп отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2018
11021
41 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп Кадралина Ляззат Каиреденовна Бастауыш сынып мұғалімі



Логикалық есептер 3- 4 сыныптар

1. Әкесі 29 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 2 есе үлкен болады?1)29-5=24 2)24-5=19 3) 24•2=48 4) 48-29=19 Ж: 19 жылдан кейін.2. Әкесі 28 жаста, ұлы 6-да. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының жасынан 3 есе артық болады? 1) 28-6=22 2) 22:2= 11 3)11-6=5 4) 28+5=33 Ж: 5 жылда ұлы-11-де болса, әкесі 33-те болады.3.Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы 1 кг кір тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге өлшеп алуға болады? Ш: 1) 12+1= 13 2) 12:2=6 3) 13+6=194. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5м жоғары көтеріледі де, түнде 3м сырғанап төмен түседі.Ағаштың биіктігі 25 м болса ұлу ағаштың басына неше күнде жетеді?Ш:1) 5-3=2 2) 10•2=20 3) 20+5=25 Ж: 11-күні кеште жетеді.5. 6 үш теңгелік, қалғандары бес теңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың нешеуі бес теңгелік? Ш:1) 6•3= 18 2) 38-18=20 3) 20:5= 4 Ж: 4 бес теңгелік ақша бар.6. Кітап пен дәптер 36 теңге тұрады. Дәптер мен қалам 14 теңге тұрады. Қалам мен кітап 38 теңге. Әрқайсысы неше теңгеден? Шешу жолы: Барлығы екеуден алынған деп есепке алу керек1) 36+14+38=88 2)88:2=44 3) 44-36=8( қалам) 4) 44-14=30 (кітап) 5)44-38=6(дәптер)7. Екі дәптер мен қалам 17 теңге тұрады. Қалам дәптерден 2 теңгеге қымбат. Қалам мен дәптердің бағаларын тап. Шығару жолы: Егер қаламның 2 теңгесін алып тастаса, бәрінің бағалары бірдей болар еді. 1)17-2=15 2)15:3=5 (дәптердің бағасы) 3) 5•2=10 (екі дәптер) 4) 5+2=7 қаламның бағасы8. Кітап пен қалам 63 теңге тұрады. Қалам мен альбом 70 теңге тұрады.Бір-бірден бәрін алса, 125 теңге төлеу керек.Сонда әрқайсысы қанша тұрады?1) 125-63= 62 (альбом) 2) 125-70=55 (кітап) 3) 63-55=8 (қалам)Жауабы: Кітап 55 тг, альбом 62 тг, қалам 8 тг тұрады.9.Қонақтарға 2 адамға 1 табақтан қойса,1 табақ жетпейді.3 адамға 1 табақтан қойса, 1 табақ артық қалады. Қонақ нешеу? Табақ нешеу? 3•4=12 4табак+1=5 табақ 12:2=6 1 табақ жетпейді. Ж: 12 қонақ, 5 табақ10. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа көтерілу үшін неше басқышқа көтерілесіз? 80:4•2=40 Жауабы : 40 басқышқа көтерілу керек.

11. 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр.Егер велосипедтің барлық доңғалақтарының саны 9 болса,екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу? Ж үш дөңг.велос- 1, екі дөңг.велос-3 х+у=4 _________ х=4-у 3х+2у=9 _________ 3(4-у)+2у=9 у=12-9 _________ х=4-3 у=3_______ х=112.Бір түйекеш қартайған шағында малымның екіден бірін үлкен ұлыма, төрттен бірін ортаншы ұлыма, сегізден бірін кіші ұлыма мұраға қалдырамын деп аманаттапты.Балалар малды бөліске салайын десе, түйелер саны 2- ге де, 4-ке де,8-ге де бөлінбейді екен. Не істерін білмеген ұлдар биге барып жүгініпті.Би түйекештің мұраға қалдырған малына өзінің бір түйесін әкеліп қосады. Сонда түйелер саны 2-ге де, 4-ке де, 8-ге де бөлінеді екен. Би түйекештің ұлдарына мұраны аманаттағыдай етіп бөліп бергенде бір түйе артық қалады.Сөйтіп би өзінің қосқан түйесін жетелеп үйіне қайтқан екен.Түйекештің мұраға қалдырған түйесі нешеу болған? 7+1=8 8:2=4\үлкені\ 8:4=2 \ортаншы\ 8:8=1\ кіші\ Ш: 7 түйе13.Түлкі базарда жеміс сатып тұр.Сауда жасауға маймыл, кірпі, қоян келеді. Түлкі айтты: 1 алма, 1 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады.3 алма,3 алмұрт, бір банан 200 теңге тұрады. Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?Ш: 4алма,4 алмұрт, 4 банан 400тг 400:4=100 Ж: 100 теңгеден14.Үш ағашқа 60 құс қонды. Бірінші ағаштан 6 құс, екінші ағаштан 8 құс,ал үшінші ағаштан 4 құс ұшып кетіп еді, қалған үш ағаштағы құстардың саны теңесті.Алғашқыда ағашқа қанша құс қонып еді? Ж: 1-ағашта 20, 2- ағашта-22,3- ағашта 18 құс.15.Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2-ге тең болатын санды ата. Ж: 11,20.16.5 ат пен 40 сиырға 140 кг пішен берілген.Әр атқа 4 кг шөп берілді. Әр сиырға неше кг шөп берілді? 5•4=20 140-20=120 120:40=3 Ж: әр сиырға 3 кг17. Тор ішіндегі қояндар мен қырғауылдардың бастарының саны 35.Ал аяқтарының саны 94. Торда неше қоян, неше қырғауыл бар? 12 қоян- 48 аяқ, 23 қырғауыл-46 аяқ 18. 12 тоғыздық 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 Олардың арасына +,-,*,: таңбаларын өрнектің мәні 2000- ға тең болатындай етіп қойып шық. 19. Төрт сөмкеде 99 алма бар.1- 2-ші сөмкедегі алмалар саны бірдей. Үшіншісінде біріншінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық.Әр сөмкеде неше алма бар? 1 сөмкеде-22, 2-сөмкеде- 22, 3-сөмкеде11, 4-сөмкеде- 44 алма20. Диас өзінің ойыншықтарын екеуден, үшеуден , төртеуден топтастыра бастады. Диастың ойыншықтарының саны төмендегі сандардың қайсысына сәйкес келеді?50,64,72, 75, 92,100. 21. 3 жәшікте 90 кг шеге бар. 1-ші және 2-нші жәшікте 66 кг, ал 2-нші және 3-інші жәшікте 54 кг. Әр жәшікте неше кг шеге бар? Ш: 90-66=24\ 3ж \ 54-24=30 \2ж \ 66-30=36 \1ж\22. Сегіз лақ пен тоғыз қазды бес қораға әрбір қорада лақ пен қаздың аяқтарының саны 10-ға тең болатындай етіп орналастырыңдар.

Ж: 3 қорада-2лақ , 1қаз . 2 қорада -1лақ, 3қаз.

23. Айгул, Сәуле және Раушан мерекеге 12 бәліш сатып алуға келісті. Сәуле бірдей бағамен 5 бәліш сатып алды, Раушан сол бағамен 7 бәліш сатып алды, ал Айгүл өзінің үлесі үшін 24 теңге берді. Егер қыздар бірдей бәліш жеген болса, онда бұл ақшаны Сәуле мен Раушан қалай бөлісіп алулары қажет?Ж: Сәуле 6 теңге, Раушанға 18 теңге қайтарып беруі қажет.

24. Мерейдің Гүлданадан 3 есе артық маркасы бар. Егер Мерей 16 маркасын досына сыйласа, олардың маркаларының саны бірдей болады.Мерейдің маркасы нешеу? Гүлдананың ше?

25. Аяжан мен Сержан бір көшенің бойында тұрады.Аяжанның үйінің бір жағында 27 үй, ал екінші жағында 13 үй орналасқан.Сержан көшенің қақ ортасында тұрады.Аяжан мен Сержанның үйлерінің арасында неше үй бар?Ш: 27+13=40+1=41 40:2=20+1 =21 Ж: Аяжан 28-үйде, Сержан 21 үйде тұрады. Арасында 6 үй бар.26. Шаруа мал базарына барып 1 ит, 2 сиыр және 1 жылқы сатып алды. Жылқы сиырдан 4 есе қымбат, ал сиыр иттен 4 есе қымбат тұрады. Барлығы шаруа 200 000 теңге төледі. Әр жануардың құны қанша? Шешуі: Х+8х+16х=200000 25х=200000 х=200000:25 х=8000 Ит-8 000тг, 1 сиыр-32 000тг, 2 сиыр -64 000тг, жылқы- 128 000тг27. Үш сыныптың оқушылары туристік жарысқа қатысты. Сыныптардың біреуі І орын алды, екіншісі –ІІ орын алды, ал үшіншісі –ІІІ орын алды. Жарыс басталар алдында жанкүйерлер мынадай болжам жасады:1) 4 «А» сынып І-орын алады;2) 4 «В» сынып І –орын алмайды;3) 4 «Б» сынып соңғы орын болмайды.Бұл жағдайлардың біреуі дұрыс, ал қалған екеуі қате. Әрбір төртінші сынып жарыста қандай орындар алды?Ж: 4 «В»сынып-1 орын, 4 «Б» сынып-2 орын, 4 «А» сынып-3 орын алды.28. Олимпиада кезінде үш команда бірге 285 ұпай жинады. Егер №24 мектеп командасы 8 ұпай кем алса, №44 мектеп 12 ұпай кем алса, №77 мектеп 7 ұпай кем алған болса, онда үш команданың ұпайлары теңесер еді. №24 пен №77 мектеп командалары бірге неше ұпай жинады? Ж: 187 үпай.29.Төрт дос қағаз ұшақтарын алысқа ұшырудан жарыс өткізді. Олардың біреуі- І орын,екіншісі-2 орын, енді біреуі – 3 орын алды. Қандай орындар алдыңдар деп сұрағанда , олар былай деп жауап берді:Азат: Мен екінші, Қанат үшінші;Самат: Мен екінші, Азат бірінші;Талғат: Мен екінші, Қанат төртінші. Әрбір баланың жауабының біреуі дұрыс, ал екіншісі қате екені белгілі болса, онда қай бала қандай орын алды? Ж: Азат-1, Талғат-2, Қанат-3, Самат- 4 орын алды. 30. Нысана атуға келген Нұрлан атқан сайын 9 және 10 ұпай жинаған. 11 рет атып ол 105 ұпай жинады. Нұрлан неше рет 10 ұпайлық нысанаға тигізген?Ж: 5 рет -9 ұпайдан жинаған. 6 рет- 10 ұпайдан жинаған.



Тест Логикалық есептер 3-4 сыныптар 1.Әкесі бірнеше алма әкелді. Қызы алманың үштен бірін алды. Әпкесі қалған алманың екіден бірін алды. Шешесі қалған алманың үштен бірін алғанда төрт алма қалды? а\ 24 ә\ 21 б\ 25 в\182. 8 дәптер,4 қаламсап 1400 теңге тұрады. 4 дәптер, 3 қаламсап 850 теңге тұрады. 2 дәптер, 2 қаламсап неше теңге тұрады?а\ 200 теңге ә\ 300 теңге б\ 100 теңге в\ 500 теңге3.Қызыл өңді доп, қара доп, ақ доп барлығы 50 доп бар.Ақ доп қара доптан 11 есе артық.Қызыл доп ақ доптан кем.Қызыл доп нешеу?а\ 26 ә\ 16 б\ 24 в\ 14 4. Анамның, әпкемнің және менің салмағымды қосқанда 140 кг. Анам әпкемнен 10 кг артық.Анам мен әпкем екеуі бірігіп менен 80 кг ауыр.Менің салмағым қанша?а\20 ә\45кг б\ 60 кг в\ 30 кг5. Маугли 6 маймылды жаңғақ теріп әкелуге жұмсады.Олар барлығы тең дәрежеде жаңғақ терді.Бір кезде олар жандалдасып қалды да,біріне бірі жаңғақ лақтырды.Содан кейін олардың жаңғақтары 2 есе азайып қалды. Олар Мауглиге неше жаңғақ әкелді?а\ 24 ә\ 30 б\ 6 в\606. Айнұр мен Арай концерт көруге барды. Айнұр алдынан санағанда 19 қатарда, Арай артынан санағанда 63 қатарда отырды. Залда неше қатар орын бар?а\82 ә\ 80 б\81 в\837.15 адам бір-бірімен қол алысып амандасты. Олар неше рет қол алысты?а\105 ә\ 110 б\ 116 в\1208. 1,2,3,4,.....60 санының ішінде 5 цифры неше рет келеді? а\10 ә\ 12 б\16 в\189.Әкесі 31 жаста, баласы 8 жаста. Әкесінің жасы баласынан 2 есе артық болғанда баласы неше жаста болады?а\30 ә\ 24 б\23 в\2610.Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 2 есе артық.Тік төртбұрышты екі шаршыға бөлген кезде шаршының ауданы 49 см 2 болады. Тік төртбұрыштың периметрін тапа\ 48 см ә\ 42см б\84см в\98см11.Алғашқы цифры жұп, соңғы екі цифрының қосындысы 9 –ға тең үш орынды сан нешеу? а\16 ә\ 24 б\32 в\4012. Теңескен бірінші таразының сол жағында 7 қарындаш, оң жағында 2 қарындаш және 30 грамм кір тасы тұр. Екінші таразының сол жағында бір қарындаш,бір қаламсап, оң жағында 15 гр кір тасы тұр.Қалапсап неше грамм? а\6 ә\ 7 б\8 в\913.Қызықты шаршыны толтырып,төменгі жолдағы үш санның көбейтіндісін тап.
7

3


9





11
а\ 155 ә165 б\ 115 в\ 200

14.Қораптағы көк, жасыл және қызыл қарындаштардың саны-20 . Көк қарындаштар жасыл қарындаштардан 6 есе көп.Қызыл қарындаштар көк қарындаштардан кем. Қораптағы әр түсті қарындаштардың саны қанша?а\Көк- 12 , жасыл- 2 , қызыл-6 .ә\ Көк-6, жасыл-12,қызыл-2б\ Көк-2,жасыл-6,қызыл-12в\ Көк-12,жасыл-6,қызыл-2



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!