жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Логопедиялық дыбыс

Логопедиялық
дыбыс қою кезеңдері
жинақталған
альбом
(қ-к)
@logoped_ana

"Р" дыбысы
(қ-к)
@logoped_ana

1.тілшік;
2.тіл түбірі;
3.азу тістер;
4.астыңғы күрек тістер;
5.астыңғы ерін;
6.жоғарғы ерін;
7.жұмсақ таңдай;
8.таңдай доғасы;
9.жұтқыншақтың артқы қабырғасы;
10.тілдің шеткі бүйірі;
11.тілдің ортасы;
12.тілдің орталық сайы;
13.тілдің үшы.
Тіл-артикуляцияның негізгі мүшесі болып табылады. Тіл–көлемді, сіңірлері
жоқ бұлшық етті мүше. Тілдің алдыңғы бөлігі қимылды, артқы бөлігі тіл
түбірі деп аталады. Тілдің қимылды бөлігінің ұшы, алдыңғы және бүйір
жақтары, тіл арқасы. Тілде сөйлеу кезінде әр түрлі міндет атқаратын
көптеген бұлшық ет топтарын ажыратуға болады. Мысалы, тіл үшы,
тілдің бүйір бұлшық еттері, тіл арқасы, тіл түбірі бұлшық еттері, т.б.
Сөйлеу аппаратының перифериялық (атқарушы) артикуляциялық бөлігі

«Күрекше» - жалпақ тілді
шығарыпастыңғы ерінге
ұстап тұру керек.
«Төбешік» - ауызды жартылай
ашып, тілдің екі жақ шетін
жоғарғы азу тістерге
жабыстырып тілдің ұшын
астыңғы тіске тіреп ұстау
керек.
«Түтікше» - жалпақ тілді
ауыз қуысынан шығарып,
тілдің бүйір жақтарын
көтеріп түтікше жасап үрлеу
арқылы жасалады.
Артикуляциялық жаттығулар

«Ожау» немесе «қайық» -
ауызды кең ашып, жалпақ
тілді көтеріп жоғарғы
тістерге созып, бірақ тигізбей
ұстап тұру керек.
«Ат шауып келеді»
немесе «барабан» -
ауызды кең ашып, тілді
таңдайға жапсыра-
тарту немесе таңдай
қағу арқылы жасалады.
«Саңырауқұлақ» - ауызды
кең ашып, тілді таңдайға
жапсыра (керіп) ұстап тұру
арқылы жасалады.
«Алтыбақан» - жіңішке тілді
ауыздан шығарып біресе
мұрынға қарай созу, біресе
иекке созу, Жаттығуды
жасағанда ауыз ашық болу
керек.
«Тәтті тосап» - жалпақ
тілді шығарып жоғарғы ерінді
жалап, тілді ауыз қуысына
тереңірек апару.
«Сылақшы» - ауызды кең
ашып тұрып, тілдің ұшын
жоғарғы таңдайға тигізіп
алға артқа қозғалту.

Артикуляциялық жаттығулар
жалғасы…
«Тоқылдақ» - ауызды кең ашып тілдің
ұшымен жоғарғы альвеолаға немесе
таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл
жасау керек.
«Сағат» - тілді ауыздан шығарып
жіңішке етіп ұстап оңға, солға козғау
керек.
«Инеше» - ауызды кең ашып тілді алға
қарай жіңіш кертіп
шығарып тұру керек.
Артикуляциялық жаттығуларды айна алдында, әр жаттығуды 10
- рет қайталау арқлы жасау керек.
Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға
арналған жаттығулар:
Қалыпты жағдай - тістер
біріктірілген, ерін күлімдейді.
Тоқаш - еріндер біріктірілмеген,
дөңгеленіп тұрады.
Керней - біріктірілмеген еріндер алға
қарай созылады.
Пілдің тұмсығы - еріндер біріктірілген
және алға қарай қатты созылады.
Үйректің тұмсығы - еріндер
біріктірілген, алға қарай созылады –
жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген,
ал төменгі төмен қарай түсірілген
Терезе - «Ыстық ауа» — ауыз үлкен
болып ашылады, ауызды жабу – «суық
ауа».
Шар - ұртты толтыру, ауаның бәрін
шығарып ұртты жинау.
Тілдің қозғалғыштық қабілетін
дамытуға
арналған жаттығулар:
Құймақ пісіреміз - жымиып, ауызды
ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін
төменгі ерінге саламыз.
Ұн илейміз - жымиып, «пя-пя-пя» деп
тілмен еріндер арасында шалпылдату.
Тісімізді тазалаймыз - жымиып,
тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің
ұшымен жан-жаққа, одан кейін
жоғарыдан төмен қарай
қозғалыстарды жасау.
Тіліміздің күші көп - тістер
біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін
жоғарғы тістерге күшпен басады.
Баспалдақтар - тілдің ұшы кезек-кезек
біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге
тиеді.
Тарақ - жоғарғы тістер тілді
«тарайды».

Дайындық кезеңі
"Р" дыбысын қоюға бағытталған жаттығулар
«Ожау» немесе «қайық» -
ауызды кең ашып, жалпақ
тілді көтеріп жоғарғы
тістерге созып, бірақ тигізбей
ұстап тұру керек.
«Ат шауып келеді» немесе
«барабан» - ауызды кең
ашып тілді таңдайға
жапсыру-тарту немесе
таңдай қағу арқылы
жасалады.
«Саңырауқұлақ» - ауызды
кең ашып, тілді таңдайға
жапсыра (керіп) ұстап тұру.
«Сылақшы» - ауызды кең
ашып тұрып тілдің ұшын
жоғарғы таңдайға тигізіп
алға артқа қозғалту.
«Төбешік»- ауызды жартылай
ашып, тілдің екі жақ шетін
жоғарғы азу тістерге
жабыстырып тілдің ұшын
астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Тоқылдақ» - ауызды
кең ашып тілдің
ұшымен жоғарғы
альвеолаға немесе
таңдайға жиі-жиі
соғылғандай қимыл
жасау керек.
Бұл жаттығулардың барлығы Р дыбысының позициясын қоюға көмектесетін жаттығулар.
Әр жаттығуды күнделікті үш мезгіл айна алдында 5 мин жасау керек.

Дыбыс қою кезеңі
Алдымен "Р" дыбысының
артикуляциясына назар аударамыз.
- ерін аздап дөңгеленіп тұрады.
- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді,
- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі,
- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді,
- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
- жумсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы
қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту
жағын жауып тұрады.
- дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне
жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады.
- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,
қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.
Р фонемасының артикуляциялық
көрінісі
(қырынан)
"Р" дыбысын еліктеу арқылы қою.

Зондты пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін
ұмытпаған жөн. Бірінші тазалап аламыз
сосын жұмысқа кірісеміз. Суретте
көрсетілгендей, тіліміздің ұшын альвеолаға
тигізіп (д-д-д) дыбысын шығарамыз. Бірінші
бәсеңдеу дауыспен, сосын жылдамдықты да
дауысты да көбейтеміз. Сол аралықта
тіласты желбезегін осы зондпен қозғаймыз.
Вибрациялық дауыс шығу керек,
Нәтижесі бірден көрінбеуі мүмкін. Бірақ
дыбысты қоюдың бұл тәсілі уақыт өте
нәтижесін көрсетеді.
Зонд болмаған жағдайда құлақшұқығыштың жаңасын, сұқ
саусақты да пайдаланып көрсеңізде болады.
"Р" дыбысын айта алмауға бірнеше себеп:
1 Тіласты желбезегінің қысқалығы;
2 Сөйлеу аппаратының әлсіздігі;
3 Тыныс алудың дұрыс болмауы;
4 Есту мүшесіні зақым алуы.
Ұшы домалақталған шпатель
Дыбысты зонд арқылы қою
"Р" дыбысын механикалық жолмен қою.

Қашағанды ұстайтын
Ұқсайды "Р" құрыққа.
Жалаушаға ұқсайды,
Қаз қалпында тұрып та.
"Р" дыбысының таңбасымен
танысу.
"Р" дыбысын ауада жазып көрсетеміз.
Көркем жазу түрінде :
Үлкен "Р" әріпінің жазылуы:
1)Жоғарыдан төменге қарай сызық
жүргіземіз.
2)Сол сызықтың жоғары жағынан қақпақ
тәріздес қылып сызық сызамыз.
Кңшкентай р дыбысының жазылуы:
1)Бұнда да төмен қарай сызық сызамыз,
сол сызық басталған жерден көлденең
бағытта сызып, төмен сызамыз.
Баспа түрінде:
1)Үлкен әріппен кіші әріптің жазылуында
ерекшелік тек көлемінде.
2) Ұзыннан сызық, сол сызыққа жарты
шеңберді жақындатып саламыз.

Машықтандыру кезеңі
Буында машықтандыру
Ра-ра-ра
Рұ-рұ-рұ
Ро-ро-ро
Ры-ры-ры
Ар-ар-ар
Ор-ор-ор
Ер-ер-ер
Үр-үр-үр
Ара-аро-ару-арұ-ары-арэ
Аро-ару-арұ-ары-арэ-ара
Ару-арұ-ары-арэ-ара-аро
Ара-ора-ура-ыра-эра-ұра-үра
Ару-ору-ыру-эру-ұру-үру-уру
Ары-оры-уры-ыры-эры-ұры
Тар-тор-тұр-түр-тэр-тур-тыр
Бар-бор-бұр-бүр-бэр-бур-быр
Жра-жро-жру-жры-жрұ
Ұра-ұро-ұры-ұру-ұрұ-ұрэ
Оры-уры-эру-ұру-үру-уру-ару
Сра-сро-сру-сры-срұ
Сөзде машықтандыру
Ра-ра-ра-Рауан рұ-рұ-рұ-рұқсат
Ар-ар-ар-Арман ры-ры-ры-тары
Ро-ро-ро-Роза ұр-үр-ұр-ұран
Ор-ор-ор-Ораз ыр-ыр-ыр-ырғақ
Ру-ру-ру-Руслан үр-үр-үр-күрек
Радио,Роман, раушан, рақым, ракета,
ребус, радио, рация, Райхан, Роза, Райкүл,
разъезд.
Марал, бүлдірген, тырма, орындық, орақ,
парта, тарақ, құрт, тарақ, қолтырауын,
сылдармақ, көрме, сорпа, торғай, айран,
жұмыртқа, қарындаш, барыс, арыстан.
Сиыр, шалбар, балалар, жаңбыр,
ғарышкер, айдаһар, қамыр, шатыр, анар,
жігер, пікір, қалампыр, отар.
Сөйлемдерде машықтандыру
Арман Рақым атаның немересі.
Қорлан апа ұршықпен жіп иірді.
Аружан бүркіттің суретін салды.
Балалар көгершінді торға отырғызды.
Бибінұр сарымсақ ашып сорпаға қосты.
Раушан апа мен Рауғаш әже қоржын ашты.
Көктемде күн күркіреп, жаңбыр сіркіреп
жауады.
Бал арасы
Ара, ара, аралар,
Гүл қауызын жағалар,
Оны баққан аралар,
Шелек-шелек бал алар.
Сылдырмақ
Сылдырмақ сылдырлап,
Бесікте тұрады.
Бөпешім былдырлап,
Сылдырмақ ұрады.
Жаңылтпаш
Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Қайрақпен балта қайрап отыр.
Мақал-мәтел
Ұрыс – ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.

"Р" дыбысын буында
машықтандыру
1) Р дыбысын басқа әріппен қосып буын құрастырып
айт.
2) Айсараның әкелген сөмкесі кімге тиесілі екенін
тапта табыста.
Роза Раушан Руслан
Ро-ро-ро-Роза Ра-ра-Раушан Ру-руслан
Буын Р әріпі мен А әріпі бір бірімен соқтығысу арқылы
пайда болады.
Әріптерден буын құрап үйретеміз. Айсара Ру-Русланға
бір Р әріпі жазылған сөмкені ; Ра-ра-Раушанға екі Р әріпі
бар сөмкені; Ро-ро-ро-Розаға үш Р әріпі бар сөмкені
табыстайды, деп балаға айтқызамыз.

1) Жүргізушінің үйіне барар жолындағы жемістер
мен көкөністер арасынан тек "р" дыбысы барын
теріп ал.
2) Оларды жеміс немесе көкөніс екенін бөліп айт.
3) Әр қайсысын ата.
"Р" дыбысын сөзде
машықтандыру
( қияр, қарбыз, алмұрт, болгар бұрышы, қырыққабат,
картоп )

"Р" дыбысын сөйлемде
машықтандыру
1) Мезгілдерге байланысты сөйлемдер құра,
2) Әр сөйлемде "р" дыбысы кездесуі керек.
3) Кейіпкерге "р" дыбысы кездесетін есім бер.
Бұл Айсара. Айсара көктемде әрдайым үй жанына гүлдер отырғызады.
Жаздың жайдары күнінде Айсара суға шомылуда.
Айсара қардан аққала жасап ойнап жүр.
Айсара жаңбыр астында қолшатырмен серуендеуде.

ррөқжіАорквина
лошдщрртьбдяоыгйжз
фнаблррдэхшщгблноеп
ктапнрррррррмфсйдог
пкнамиуеваррйвыкфся
чыиапстьаорргункөқұл
роқшррррррррогеораьт
иворраунсмаиеоьтншпл
амррыеқұөзңогенарми
дррррррррррррррр
Лабиринт ойыны
"Р" әріпінің бейнесін бекіту
1) Әріптер арасынан "р" әріпін тауып, сол
әріптің бойымен жүру арқылы Айсараны үйіне
жеткіз.
р
2) "Р" дыбысының бейнесін ауа да жазып көрсет.
3) Көркем жазу мен қатар баспа түрінде жаз.

"Р" дыбысын сөзде
машықтандыру
1) Әр заттың көлеңкесін дұрыс тауып,
орналастырып атап шық.
2) Сөз ортасында "р" дыбысының кездесуін байқа.
3) "Р" дыбысы бар сөзді айтқанда дауысыңды
қаттырақ шығар.
(кірпі, сұр қоян, марғау, торай, піл, қораз,
тарақан, қуыршақ, керік, балапан, шегіртке,
құрт, әскери солдат, ракета)

Ажырату кезеңі
Жұмбақтар
Ауылда бар, үйде жоқ.
Дауылда бар, күйде жоқ.
(Л)
Қарда бар, мұзда жоқ.
Жарда бар, қызда жоқ.
(Р)
Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жаталды,
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.
Жеп еді.
Берік,Серік
Жеген өрік.
Көк еді.
Ішті, тісті
Ауыртқан сол өрікке
Ренжулі Берікте,
Ренжулі Серікте.
Жаңылтпаштар

Р Л
Р-Л
"Р-Л" дыбыстарын ажырату
1) Берілген жемістер мен көкөністер атауларында
"Р" және "Л" дыбыстарын ажыратып себетке бөліп
жабыстыр.
2)Олардың дәмін, түрін сипаттап, "л" дыбысы
немесе "р" дыбысы барма , жоқпа соны анықта,
3)Сөзді талдат:
- алма – 4 әріптен, 2 буыннан, "л" дыбысы екінші
буында, ортасында естіліп тұр.
(Р-қарбыз, қияр, сары өрік, қырыққабат, т.б,
Л-құлпынай, лаймон, апельсин, алма, т.б.
Р-Л- алмүрт, болгар бұрышы).

Л Р Л Р ЛР
р л р рл л
р л рл р л
л лр р р л
"Р-Л "дыбыстарын ажыратуға
арналған ойын
1) Берілген суреттердің қайсысында "Р" дыбысы ,
қайсысында "Л" дыбысы бар екенін тауып және
қайсы суретте "Л" және "Р" дыбысы қатар келетінін
анықтап тиісті әріпі бар кестенің астына
жабыстыр.
2) Суреттердің мағынасын түсіндір.
3) Бұл мамандық иелерімен таныссыңба?
Р-дәрігер, Р-өрт сөндіруші,
Л-тілші, Л-мұғалім,
РЛ- құрылысшы, ЛР- балерина.


Р
А О
И У
Е
Ү Р Р

рар
а
рар
а
Ра ра ра
Ро ро ро
ар ар ар
ур ур ур
ор ор ор
Ра ра ра
Ру ру ру
Р
Р
Құрылысшы Тілші
Дәрігер Мұғалім
Өрт сөндіруші
Балерина


робот робот
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген