ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ МАССАЖ – СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫН ТҮЗЕУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСІ
Соңғы жылдары сөйлеу тілінің және психикалық үрдістердің жеткіліксіз дамуымен, соматикалық әлсізденген балалар саны артылуда. Дәстүрлі емес әдістер түзету жұмысын терең әрі сапалы түрде орындауға көмектеседі. Массаж адам денесіне физикалық ықпал етудің дәстүрлі емес әдісі болып табылады. Массаж арқылы ауыруды басуға, сырқатты жеңуге және балалардың ақыл-ой, сөйлеу тілі мен физикалық дамуына қол жеткізуге болады. Бұл әдіс көптеген жылдар өтсе де өзінің өзектілігін жоғалтқан емес және де оны нақты қайда, саналы түрде қашан пайда болғанын да анықтау мүмкін емес. Соған қарамастан, бұл әдісті жер шарының барлық бұрышында қолданады, өйткені массаж озінің қарапайымдылығымен, қолжетімділігімен және нәтижелілігімен танымал. Соңғы уақытта логопедиялық массаждың тәсілдері туралы біршама мақалалар пайда болған, алайда логопедиялық тәжірибеге бұл тәсілдер толықтай ене қойған жоқ. Сонымен қатар, қажеттілігін, орындылығын сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жұмыс жасайтын мамандардың барлығы түсінеді.
Логопедиялық массаж – сөйлеу тілінің дыбыс айтуын түзетудегі дәстүрлі емес әрі тиімді бірегей әдіс, өйткені ол сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымын қалыптастырып, дауыс пен тыныс алу қалпын жақсартатын, сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың эмоциялық қалпын жақсартады. Логопедиялық массаж тежелген ми жүйесінің қозғалыс қызметін жақсартып қана қоймай, жақын ми қызметін де іске қосуға ықпал етеді. Логопедиялық массаждың кейбір тәсілдері тіпті балалардың өздеріне де қолжетімді.
Логопедиялық массаж – бұлшық еттер, жүйкелер мен қантамырлар, перифериялық сөйлеу аппаратының терісін қалпын өзгертетін механикалық ықпалдың белсенді әдісі. Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстарына еліктеу арқылы дыбыстарды дұрыс меңгеруге, ал кейіннен сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік бермейтін, қанайналым мен бұлшықет тонусының бұзылыстары негіз болады. Адам организімінде барлық мүшелерді бір жүйе ретінде алып қарасақ, бұзылысқа түскен мүшені де жеке өзін қарастыруға болмайды. Массаж жасау кезінде негізгі ықпал адам терісіне түседі. Дәл осы теріде жүйкелер мен лимфатикалық тамырлар мен қантамырлары орналасқан. Теріміз мүшелерге баратын қантамырларының ағымын ұлғайтып не бәсеңдеуіне және қанайналым жүйесіне қатысады. Массаждың ықпалымен іске қосылатын қылтамырлардың саны бірнеше ондықтарға көбеетінін физиологтар дәлелдеген. Соның нәтижесінде қан ағымы жылдамдап, бұлшықеттерге тиімді ықпал етеді.
Логопедиялық массаж жалпы бұлшықеттің тонусын, серпімділігін қалпына келтіреді және бұлшықеттердің жиырылу қызметі мен күшін жақсартады. Бұл әсіресе сөйлеу тілі аппаратының бұлшықет тонусының, иннервациясының бұзылыстарымен байланысты ақаулықтарда өте өзекті. Логопедиялық массаж адам организміне, әсіресе жүйке жүйесіне түрлі ықпал етеді. Сондықтан логопедиялық массаж тек артикуляциялық аппаратқа ғана ықпал етумен шектелмейді, яғни мойын, иық, қол, басқа да дене мүшелеріне массаж жасалады. Логопедиялық массаж түзету жұмысының, әсіресе сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымына бағытталған түзету жұмысының уақытын қысқартуға көмектеседі. Әсіресе сөйлеу тілінің бұзылысы неврологиялық сипатта болса, логопедиялық массажды түзету жұмысының ерте кезеңінде бастаса өте тиімді болады. Логопедиялық массаждың түрлі әдістемелері бар. Логопедиялық массаждың мақсаты: сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру. Ал міндеттері:
-
Дыбыс айтуды түзеу;
-
Тыныс алуды қалыпқа келтіру;
-
Дауыс қалпын жақсарту;
-
Сөйлеу аппаратының бұлшықеттерінің тонусын жақсарту;
-
Гиперсаливацияны азайту;
-
Жұтыну рефлексін нығайту;
-
Артикуляциялық мүшелер қозғалысының бағдарлануына алғышарттар жасау;
-
Ми қыртысының сөйлеу аймақтарына афферентация жасау (сөйлеу тілінің тежелуі кезінде оның дамуына стимуляция).
Логопедиялық массаждың физиологиялық ықпалы:
-
Жүйке тітіркендіргіштерінің өзгеруі;
-
Жоғалған немесе тежелген рефлекстердің белсендендірілуі;
-
Орталық жүйке жүйесінің қызметтік қалпының жалпы өзгеруі;
-
Терінің секреторлық қызметінің, оның лимфалық, қанайналымының және заталмасу үрдісінің жақсаруы;
-
Қылтамырлардың ұлғаюы, тері мен қан арасындағы газалмасудың (оттегі) жоғарылауы;
-
Бұлшықет дәнекерлерінің серпімділігінің, жиырылу қызметі мен күш көлемінің жоғарылауы .
Логопедиялық массаждың бірнеше түрлері бар. Негізгі түрлеріне тоқталып кетсек, олар:
-
Қолмен жасалатын логопедиялық массаж немесе классикалық логопедиялық массаж. Логопедиялық массаждың бұл түрінде 4 классикалық тәсіл қолданылады: сипау, ысқылау, илеу және вибрациялау. Мұнда бұлшықеттің тонусына қарай белсендіретін және босаңсытатын массаж түрін ажыратады.
-
Нүктелік немесе биологиялық белсенді нүктелердің логопедиялық массажы. Аты айтып тұрғандай белсенді нүктелерге босаңсытатын немесе сергітетін логопедиялық массаж.
-
Аралас логопедиялық массаж. Бірнеше логопедиялық массаж түрін қолдану. Классикалық пен зондтық логопедиялық массажды қолдану.
-
Өзіне-өзі массаж жасау – бала өз бетінше үлгі бойынша логопедиялық массаж жасайды. Логопедиялық массаждың бұл түрі де белсендендіретін, босаңсытатын болады. Бала массажды қолымен бетіне немесе тістерімен, ернімен тіліне жасай алады.
-
Аппараттық массаж – вибрациялық және вакумдық құралдардың көмегімен жасалады.
-
Аспаптық массаж – логопедиялық зондтар мен зондты алмастырушы құралдар, шпательдердің көмегімен жасалады.
О.И. Крупенчук кәдімгі қасықтарды қолданып жасалатын логопедиялық массаждың қызықты әдістемесін құрастырған. Мұндай логопедиялық массаждың бірнеше артықшылығы бар: қолжетімділігі және логопедиялық зондтарға деген теріс көзқарасты жояды, т.б. Логопедиялық массаждың бұл түрінде 3 классикалық тәсіл қолданылады: сипау, ысқылау, илеуден бастап, ысқылау, сипау тәсілімен аяқталады.
Логопедиялық массаждың шарттары:
-
Бала ыңғайлы отыруы қажет;
-
Тамақ ішіп болғаннан кейін бірден жасауға болмайды;
-
Логопед маманның қолдары таза, әрі гигиеналық қолғапта болуы керек;
-
Барлық аспаптар арнайы құралдармен тазаланып, зарарсыздануы керек.
Логопедиялық массажды сөйлеу тілінің келесідей бұзылыстарында қолдануға болады: дизартрия, күрделі дислалия, тіласты бұлшықетінің қысқалығында, алалия, ринолалия, тұтықпа және дауыс бұзылыстарында, гиперсаливация, жұмсақ таңдайың әлсіздігінде.
Сонымен қатар, логопедиялық массаждың қарсы көрсетілімдері де болады, олар: баланың дене қызуының көтерілуі, қабыну аурулары, тері жаралары, стоматит сияқты ауыз қуысының түрлі аурулары, мұрыннан қан кету және соған бейім болу, Квинке ісіктері, жүрек айнуы, құсу, шамадан тыс физикалық және психикалық шаршау, эпилепсия, т.б.
Қорыта келе, қазіргі таңда логопедиялық массаж баланың сөйлеу тіліне тиімді ықпал ететін түзету жүмысының дәстүрлі емес әдісіне жатады. Дәстүрлі түзету жұмысына логопедиялық массажды қоса отырып, түзету жұмысының тиімділігін арттырып, уақытын қысқартуға қол жеткізуге болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Шафеева А.А. Логопедический массаж. — М.: В.Секечев, ИОИ, 2009.
-
Блыскина И.В. Комплексный подход к коррекции речевой патологии у детей. Логопедический массаж. – СПб.: ДЕТСТВО-ПРЕСС, 2004.
-
Дьякова Е.А. Логопедический массаж. — М.: Академия, 2003.
-
Краузе Е.Н. Логопедический массаж и артикуляционная гимнастика: практическое пособие. – СПб.:КОРОНА принт, 2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз