Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында
жаңа
технологияларды қолдану
ерекшеліктері
Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында
жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері
Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына
дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі
балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу оқыту жүйесінің құрамды
бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету -
балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және де мектепте
оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық
дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және
мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға
бағытталған.
Тіл кемістігі – балалар арасындағы кең тараған патологияның бірі
болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын
ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан
да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы
педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Қолданылатын
әдіс - тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері
күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда. Бірақ заман үрдісіне сай
жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық
қабілетін арттыруға, тіпті ақыл – ойының дамуына тежеулік бар бала
үшін де өте ыңғайлы, яғни жаңа компьютерлік технологияны қолдану
жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс – тәсілдері деп айтуға болады.
Қазіргі таңда логопедиялық тренажерлар «Дельфа – 142, 1» кеңінен
қолдануда. Логопедиялық тренажер дыбыстан басталып, мәтінге дейін
толықтырылған. Бұл тренажерларды қолдану арқылы төмендегі
логопедиялық міндетттерді жүзеге асыруға болады:
• Тыныс алуды реттеу;
• Дауыс күшін жетілдіру;
• Дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;
• Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;
• Дыбыстық анализ және синтез;
• Лексико – грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
• Байланыстырып сөйлеуін дамыту;
• Сөздік қорын жетілдіру
Тұтықпа диагнозымен келген балаларға диафрагмалық тыныс алуды
қалыптастыру мақсатында логопедиялық тренажердағы тыныс алу
жаттығулары «Торт бетіндегі шамды үрлеу», «Ыстық шәйді суыту»,
«Көбелекті ұшыру», «Шырша шамын жағу» жаттығуларды орындау негзінде
баланың дұрыс тыныс алуына ықпал етеді. Дауыс күшін жетілдіру
мақсатында «Бауырсақ», «Сусиыр» жаттығуларын орындау негізінде
баланың бет бұлшықеттерінің қимыл – қозғалысын жақсартуға
болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын жетілдіру мақсатында (з,
з', ж, р, л, л' ) «Тікұшақ», «Су астындағы кеме» жаттығуларын
орындату арқылы ерін, бет бұлшықеттері және таңдай имегінің
тыртығындағы шайнау бұлшықеттерін босаңсытуға болады. Дыбыстық
анализ және синтез жасау негізінде «Паровоз» және «Субұрқақ»
жаттығуларын орындау арқылы қатаң дауыссыз с, ш, х және ф
дыбыстарын қоюға болады. Лексико – грамматикалық құрылымын
қалыптастыра отырып, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатында
«Шалқан» ертегісі қолдана отырып, ертегі желісін бала ауызша айту
арқылы сөздік қорын жетілдіреміз.
«Сөйлейтін бейне альбом» - бұл әдістемелік дамытушы құрал, баланың
танымдық қабілеттерін, сөздік қорын дамытып, байланыстырып сөйлеу
тілін жетілдіреді.
«Соло аппараты» - құлағы естімейтін және нашар еститін балаларды
сөйлеуге үйрету, сөйлеу қабілетін дамытуға, әр дыбысты айтқанда
дыбыс биіктігін, күшін, қозғалысын, ұзақтығын, жіңішкелігін,
жуандығын, шуын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру кезінде сөздің
бұзылған бірлігін қалпына келтіруге қолданылатын құрал.
Баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың дұрыс айтылмауы немесе мұрын
қуысы арқылы айтылуы бұл баланың тыныс алу жолдарының кемшілігінен
болады. Әсіресе мұндай жағдай ринолалия нақтамасы бар балаларда жиі
кездеседі. Ресей ғалымдары тыныс жолдарының түрлі ауруларына (
хронический бронхит, бронхиальный астма) «Фролов тыныс алу
тренажерін» ойлап тапты. Ринолалия нақтамасы бойынша баланың дем
алуын дамыту жұмыстары мынадай:
• Сөйлеу тілі мүшелерінің іс – қимылдарын қалыптастыру;
• Сөйлеу мүшелерінің дыбыстарын дамыту;
• Мұрыннан сөйлеуді жою;
• Жұмсақ таңдайдың белсенділігін арттыру;
• Егер ота жасалған болса, массажға көп көңіл бөлінуі керек.
«Су – джок» терапиясы – баланың барлық ағзасын сауықтыра отырып,
танымдық қабілеттерін, эмоциялық ерік аясын дамытатын тиімді тәсіл
болып табылады. Су – джок саусақтардағы барлық невр нүктелерін
ынталандырып, миға жақсы қызмет етуге септігін тигізеді. Допты
алақан арасына салып, домалату арқылы массаж жасалынады, ол баланың
ми қыртысындағы бөлімдердің дұрыс қызмет атқаруына әсерін
тигізеді.
Су – джоктың массаждық құралдары жағымсыз әдеттерден, мысалы
саусақты ауызға салудан арылуға көмектеседі. Ересектерге де шылым
шегуден бас тартқан кезде сол әдісті қолдануды ұсынуға болады.
Ересектерге кеңес: егер бала сөйлеген кезде қолында бір затты
айналдырып тұрса, оны қолынан жұлып алудың қажеті жоқ, себебі
баланың ағзасы бойындағы қобалжуды осы арқылы шығарады. Оларды
қолдану баланың эмоциялық көңіл күйін жақсартып, түзету жұмысының
әсерін қарқындата түсуге көмектеседі.
Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың тілдік қимыл - қозғалысы баяу
болады. Сондықтанда логопед маман баламен жеке жұмыс кезінде
алдымен тіл, ерін және бет бұлшықеттеріне зондтармен массаж
жасалынады. Массаж бұлшықет жағдайларын өзгерістерге әкеледі:
баланың тамақ алысын белсендіреді, оның иілгіштігін және қысқарту
қабілетін жақсартады, қалыпты тілдік әрекет үшін қажетті сезім
түйсігін нығайтуға себеп болады. Массаж ға арналған зондтар әсіресе
дизартрия нақтамасы бар балаларға жасалынады. Артикуляциялық
аппараттарына массаж жасауға арналған зондтың сегіз түрі болады. Ол
құралдар жоғары сапалы тот баспайтын құрыштан жасалынған.
«Шанышқы» зонд бұлшық еттерді таптауға арналған. Таптау қысқа, жиі,
жеңіл қозғалыстармен жасалады. Қарқынды әсер алу үшін таптауды бұру
арқылы жүргізуге болады. Ол үшін зондты белгілі бір жерге қойып,
оны оңға, солға, артқа бұру қимылдарын 4 - 5 секунд бойы қайталау
керек.
«Сегіздік» - тіл бұлшық еттерін үйкеуге, ысқылауға арналған.
Ілмекті бұлшық етке батыра басып, 6 рет жоғары - төмен үйкей
отырып, қозғалыс жасаймыз. Зондты басқан орнынан қозгалтпау
керек.
«Үлкен, ортаңғы, кіші шаналар» зондтары - тіл, ерін бұлшық еттерін
босаңсытуға арналған. Зонд ұштары кез келген жағымен жұмыс істеуге
икемді етіп жасалған. Массаж жасағанда зондтың жоғары бөлігі бұлшық
еттерді басуға арналады.
«Балта» зонды екі түрлі амалға арналған бұлшық етті басу және
бұлшық етпен жылжыту. Бұлшық етті басу арқылы оның тонусының
тартылғанын, қимылының белсенділігін аңғарамыз.
«Айқастырылған табан» зонды бұлшық еттерді сығымдауға арналған бұл
зондпен төмендегі қимыл әрекеттерді жасауға болады:
Басып шаншу қимылдары, қимыл уақыты 5 секунд
Секірмелі алға - артқа қайтармалы қимылдар
Шеңберлі бойлай оңға - солға басу әдісі.
«Итермелеуші» зонд - басу кезінде бұлшық еттер тартылып, зондты
алғанда бұлшық еттің ширығуы босаңсиды. Қарқынды әсер алу үшін
таптау әдісі бойынша зондты белгілі бір орынға қойып, сағат тілінің
бағытымен 5 секундқа дейін бұрып, ұстап тұру керек.
Орыс ғалымы Л. В. Зенков Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді
пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы - деп
көрсеткендей, баланың сөздік қорларын кеңейту және танымдық
әрекеттерін қалыптастыру негізінде жаңа заман талабына сай жаңа
технологияларды коррекциялық жұмыстарда қолдана білсек, бала
бойындағы кемшіліктерді жоюға болады. ....