Материалдар / Лондонның мәдениеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Лондонның мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
667
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ағылшын мәдениеті мен әдебиетінің оқушылар тәрбиесіндегі маңызы.

Өзектілігі:

Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тілін жетілдіру және тәрбие беру.

Міндеттері:● Жалпы ағылшын тілі жайлы түсінік.● Ағылшын тілі тарихы мен ерекшеліктері.● Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау.● Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы.● Ағылшын халық ертегілерінің қазақ оқушыларына маңызы.● Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау.● Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау.● Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау.● Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.● Болашак жоспар.

МАЗМҰНЫ Жұмыстың жалпы сипаттамасыЖұмыстыңкөкейтестігі_______________________________________3 бетІ. Кіріспе 1.1. Ағылшын тілі және ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы4-7бет II. Негізгі бөлім2.1. Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі мен мәдениетінің ықпалы__8-9бет 2.2.Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау_________9-11бет2.3.Әдіс түрлері_____________________________________________11-13бетІІІ.Қорытынды бөлім3.1. Жалпы қорытынды______________________________________14бет3.2. Болашақ жоспар_________________________________________15бет









































































АннотацияЖұмыстың өзектілігі: Бұл ғылыми жоба ағылшын мәдениеті мен дебиетінің өзекті мәселесі , ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын мадениеті мен халық ертегілері тақырыбын түрлі қырларын ашып айтуға арналған. Ғылыми жобада міндеті ғылыми дәйектер, мысалдар келтіру арқылы тұжырымдау іске асырылады.Жұмыстың мақсаты: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын мадениеті мен халық ертегілері арқылы тілін жетілдіру және тәрбие беру.Ғылыми жаңалығы: Жоба барысында ағылшын мәдениеті мен әдебиетіне әр түрлі мысалдар келтіру арқылы ғылыми жаңалығын тұжырымдады. Бұл жобаны алға қойған мақсат ретінде қарастырсақ тілге байланысты коптеген мәселелер шешілетін еді. Сондықтанда келешекте жаңа ҰБТ форматына байланысты ағылшын Міндеттері: Жалпы ағылшын тілі жайлы түсінік. Ағылшын тілі тарихы мен ерекшеліктері. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау.● Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы.● Ағылшын халық ертегілерінің қазақ оқушыларына маңызы.Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау.● Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау.● Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау. Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.● Болашак жоспар.

Кіріспе

Ағылшын тілі (ағылш. English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тіліҰлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады.Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есіммен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады. Ағылшын тілі көптеген елдерде қолданады.Олардың қатарында негізгі осы елдер бар:

1.Ұлыбритания2.Англия3.Австралия4.Жаңа Зеландия5.Канада6.Ирландия7.АҚШ(Америка Құрама штаттары)



1.1. Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде шет тілдерін кәсіби деңгейде меңгеру мықтап қолға алынған. Осы орайда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» кафедрасының ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы, қажырлы еңбегі мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гульмира Баянжанқызының студенттерге ағылшын тілін кәсіби деңгейде үйретудегі заманауи, озық үлгісін пайдалануды дәріптеуде тигізген үлесі зор.

Факультетте қызмет ететін білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, студенттердің болашағы үшін қызмет етіп және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына жағдай жасап отыр. Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді. Соның ішінде ағылшын тілінің қыр-сырын ашып, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйретуден жалықпаған ұстазымыз — аға оқытушы Сапарходжаева Нургуль Пажарбекқызының ерен еңбегін айтпасқа болмас. Ол кісінің бізге үйреткен тәлімі ұшан-теңіз. Әрбір сабағы өте қызықты өткендіктен, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де аңғармай қалып жатамыз. Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше көңіл бөліп, білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Өзінің бойындағы ынта-жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» — деп айтып отырады. Нургуль апайдай өз ісінің білікті маманының дәріс беріп, білімділікке тәрбиелегені біз үшін үлкен мақтаныш.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.













Негізгі бөлімі2.1.Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі мен мәдениетінің ықпалыӘлемге ағылшын тілі кең – таралған тіл екендігі барлығымызға белгілі. Оған дәлел – біздің ел. Біз барлық жерден ағылшын сөздерін компьютер жүйесінде, спортта, кинематографта, жарнама қызметінде кездестіреміз.

Сонымен қатар жиі – жиі ағылшын атауымен жаңа мамандықтар кездеседі: менеджер, риэлтор және мерчендайзер. Біз көшеде күнде ағылшын сөздерін кедестіреміз. Сонымен қатар оқушылар мен жасөспірімдердің сөйлесу тілінде ағылшын сөздерін жиі кедестіреміз. Осы жан – жағымыздағы ағылшын сөздері бізге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. Өз тәжербиеме сүйене отырып, компьютерлік жүйеде кездесетін сөздерді, оқушылар женіл аударады, себебі оларға өте қызықты.Сіздерге кеңес бергім келеді: егер, ағылшын тілін үйренгілерің келсе, жан – жақтарыңызға қараңыздар, тыңдаңыздар, ағылшын біздің жан — жағымызда.Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет.

Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі. Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған. Зерттеу жұмысымның мақсаты ағылшын тілі сабағында ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесінде жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу.

Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау: Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау; Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау; Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау; Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.

2.2.Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [2, C.134]. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді.

Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген. Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты.

Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды. Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді.

Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. "Adventures of Jack the Giant-Killer" ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады

Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [1 ,C.175]. Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды.

Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістері. Жоғарыда біз мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерін қолданудың негізгі әдістерін көріп шықтық. Ал енді оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістерді анықтаймыз. Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын негізгі әдістер мыналар:2.3. Әдіс түрлеріІ. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі: 1) Мұғалім, ата-ана және балалармен біргелікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбір көріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің...) бала тәрбиесіне қандай лайықты әсер ететінін көріп, үйреніп шығады; 2) Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі бала тәрбиесіне маңызды әсер етуін анықтау; 3) Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау, костюмдарин тігу, баланың шығармашылығын дамыту; 4) Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау. ІІ. Салыстыру әдісі: Ойын. "Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?" Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру. ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі: 1) Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың кітаптың қай жерінде екенін еске түсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады. 2) Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылы жұмбақ жасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. 3) Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесе музыкасын тыңдау баланың дүниетанымын тереңдетеді. ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі: 1) Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру баланың сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқын терең үйренуіне бағыттайды. 2) Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегі кейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі. 3) Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай автор рамкасынан тыс шығарманы дамытуға жетелейді. V. Сараптау және бағалау әдісі: 1) Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменге танытып, оның іс-әрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сай екендігін көрерменге жеткізу. 2) Менің сүйікті авторым және ертегім: бала өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамаша ертегі ретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу. 3) "Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?" тақырыптарында әңгімелесу және оқыған ертегіге баға беру. 4) Әдеби қаһармандар туралы "Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?" деген сұрақтарға жауап табу. 5) Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралы мағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атымен байланысты жерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, "Питер Пэн"-нің Лондондағы ескерткіші, "Нильс Хольгерсон жабайы қаздармен" атты Токиодағы ескерткіші, "Жабайы аққулар" атты ескерткіш Оденсте, "Пиноккио"ескерткіші Коллодиде, "Русалочка" және Андерсеннің Копенгагендегі екі ескерткіші; Санкт-Петербургтағы Андерсенград ескерткіші, АҚШ-тағы Диснейленд, Оденстағы Андерсенның Үй-музейі). 6) Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: "Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?" тақырыбына әңгімелесу. Осындай әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды.























Қорытынды3.1.Жалпы қорытындыЕртегі баланың өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін, өз халқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады. Ертегі бала тілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнер тапқыштығын дамытуда ертегінің орны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып келе жатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды жеткізе аламыз. Ертегі оқу арқылы тарихта сақталып қалған құнды ақпараттармен танысамыз. Білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиесінде ертегінің орнын ешбір шығарма баса алмайды. Әрине бала тәрбиесіндегі бірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. Мен әңгіме еткен бұл әдістер сабақ барысында немесе сабақтан тыс ертегіні сүйіп оқуға,одан керекті құнды ақпараттарды алуға көмектеседі. Оқушы ертегіні тек оқып, әңгімелеп қана қоймай, әңгіме жазуға да үйренеді. Осы ағылшын мәдениетің оқи отырып оқушылар ҰБТ-ның жаңа форматына дайын болады. Сондықтан, жоғары сынып оқушыларына агылшын әдебиетін кіргізу керек деп ойлаймын. Менің таңдаған мамандығым: екі шетел тілі ағылшын тілі. Қазіргі танда мен агылшын тарихы мен әдебиетін менгерудемін. менің бұл мамандықты таңдағам себебім, ағылшын тілін білу, яғни тіл меңгеру маған қатты ұнайды.

3.2. Болашак жоспар Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді емес пе.



































Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. - СПб.: Белый кролик, 1999, - 252б. 2. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б. 3. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1999, - 222б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!