Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»
Л.С.Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» теориясын практикада қолдану әдісі
Авторы: қазақ тілі пәні мұғалімі Накишева Бағдагүл Науанқызы
Ұсынылып отырған бағдарлама көрнекті орыс психолог-ғалымы Лев Семенович Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясының негізінде жасалған.
Теория бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыруды, үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді.
Жақын арадағы даму аймағы - оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының аса епті, білетін адамның көмегінсіз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал.
Бұл оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындай алады дегенді білдіреді.
Баланы нәтижеге жетелейтін кішігірім көмекті америкалық педагог-психолог Жером Брунер «Көпіршелер тұрғызу» деп атаған.
Көпіршелер - тапсырманы орындауда оң нәтижеге жетуі үшін оқушыға көмек ретінде берілетін интерактивті мүмкіндіктер жиынтығы.
ЖАДА-да жұмыс баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала психологиясында білуге, өз мүмкіндігіне жол ашуға, келе-келе дарындылыққа ұмтылу дағдылары қалыптасады.Бұл әдісті менің қосымша білім беру саласына таңдап алуымның себебі де осында. Қосымша білім беру саласында білім алушы бала мектепте игерген білімін пайдаланып, оны ЖАДА арқылы дамыта түседі. Ең бастысы, мектеп бағдарламасындағы материалды игерту қайталанбайды, ол тек баланың біліміне тірек болады да, бала қосымша тың мәлімет алып, білімін бекіте түседі.
ЖАДА-да жұмыс баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала психологиясында білуге, өз мүмкіндігіне жол ашуға, келе-келе дарындылыққа ұмтылу дағдылары қалыптасады.
ЖАДА-да көмек алып нәтижеге жеткен балада жаңа бір мүмкіндік әлемі ашылады. Мұны сезінген бала психологиясы даму аймағына мақсатты түрде бойлай береді. Өйткені, ол өзі алғашқы қадамнан-ақ білім шыңын бағындырмаса да, ЖАДА арқылы алынбас асу қалмайтынын түсінеді. Ал оның нәтижеге жетуіне көмектесетін көпіршелер мұғалім тарапынан зор жауапкершілікпен, шебер дәлдікпен ұсынылуы керек. Бала мұғалім ұсынған көпіршелерден көздегеніне жететін баспалдақ тұрғызып алады. Әрбір көпірше баланың біліміне білім қосуға, биікке жетелей түсуге құрылуы қажет.

Ал оның нәтижеге жетуіне көмектесетін көпіршелер мұғалім тарапынан зор жауапкершілікпен, шебер дәлдікпен ұсынылуы керек. Бала мұғалім ұсынған көпіршелерден көздегеніне жететін баспалдақ тұрғызып алады. Әрбір көпірше баланың біліміне білім қосуға, биікке жетелей түсуге құрылуы қажет.
Менің қосымша білім беру педагогі ретіндегі ЖАДА-ны қолданудағы басты ұстанымым – осы.
ЖАДА әдісін білім беруде қолдану
ЖАДА әдісін білім беруде қолдана отырып қазақ тілі пәні бойынша өткізілген үйірме сабақтарын ұсынамын.
Сабақ жоспарын бірнеше тақырыптар бойынша жоспарладым. Оқушы барлық тақырыптар бойынша мектепте алған білімін қолдана отырып, көпіршелер көмегімен негізгі сұрақтың жауабын өздері табады.

«Көнерген сөздер» айдары бойынша тапсырмада жасырылған сөз «Ұшпа» сөзі.

Ол Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңінде «Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып» деген жолда кездеседі. Оқушылар берілген көпіршелердің сол жағында орналасқан қоңырау белгісін басу арқылы өлеңнің аудио нұсқасын тыңдай алады. Ұшпа сөзі - бастауыш сынып оқушысына түсініксіз, яғни мағынасы көнерген сөз. Сол себепті оның мағынасын ЖАДА арқылы көпіршелер көмегімен оқушының табуына жол ашамыз. Оқушыларға ұсынылатын көпіршелер тапсырмалары мектеп бағдарламасында игерген ақпараттардан тұрғандықтан тапсырманы табу оңай болады.

Оқушылар «Ұшпа» сөзінің мағынасын бірден таба алмаса, бірінші көпірше ашылады. Мысалы, бірінші көпіршеде таулардың «бөркі» деген теңеумен көмек беріледі.

Егер бірінші көпіршеде берілген көмек арқылы да сұрақтың жауабын таба алмаса, екінші көпіршедегі табиғат «туындысы» деген теңеуден тырнақшаға алыну себебіне қарап табу қиынға соқпайды.

Екінші көпіршенің де көмегінен жауап дұрыс берілмесе, соңғы үшінші көпіршеде таулардың «бөркі» мен табиғат «туындысының» бір жерден бір жерге көшетіндігі, зат есім сөз табына жататындығы беріліп, оқушы шешуінің бұлт екендігіне анық көзін жеткізіп жауабын бере алады. Көпіршелер осылайша баланы нәтижеге жетелейді.

Соңғы көпіршеден соң суретті ашу арқылы бала «Білім шыңына» жетеді.
Қандай тапсырма болмасын барлық пәндер бойынша да ЖАДА толыққанды нәтижелі білім беретін тиімді әдіс-тәсіл екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір көпірше балаға қызықты, өзі игерген білімі көмектесетіндей етіп мұғалім тарапынан сауатты дайындалса, қойылған сұрақтар да жаңа, тың ақпарат беруге негізделсе, бала көпіршелер арқылы білім биігіне шығады.
Қорытынды
Оқушыларды ЖАДА қолданып оқыту:
- оқушының өзіне деген сенімін арттырады, бәрін де білуге болатынын дәлелдеп береді;
- мұғалім түрлі ақпараттар легін аз уақытта беріп үлгіреді;
- оқушыларды сындарлы оқыту әдістеріне негізделіп жасалған көпіршелерді қолдануда сыни тұрғыдан ойлауға бейімдейді;
- оқушыларда тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған жаңаша ойлай бiлудi қалыптастырады және сол пәннен үнемі жоғары жетістіктерге жетіп, білім деңгейін көтеруге ықпал жасайды;
- оқушының сапалы білім алуына және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, оқуға, білім алуға деген ұмтылысын арттырады;
- уақыт үнемделеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз