Материалдар / М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай жолы" романы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

)

)

Бөлім:

Ғасырлық туынды

Мектеп: № 1 Е.Молдабаев атындағы мектеп -интернаты

Күні: 12.01.2024

Мұғалімнің аты-жөні: Мухаева Т

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.

Көпшілігі:

шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.

Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






















































І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Қызығушылығын ояту.

«Суреттер галереясы» әдісі.

Абай мен М.Әуезов арасындағы байланысты табады.

/Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романы/


«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау.

«М. Әуезовтің « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.Бұл романды мен соншалықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэтикалық сезім – осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптеп жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды. Леонид Соболев

Мен оның, (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман – «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын.

Луи Арогон

«Мен қазақтар туралы бұрын ешқашан естіген емеспін.
Ал енді жуырда ғана Мұхтар Әуезовтің ағылшын тіліне аударылған ғажайып кітабын оқып шыққаннан кейін бұл халықты білетін болдым. Мен шын көңіліммен сіздердің бақытты халқыңызға қызығамын».

Бенжамен Матип

«Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітапжазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты...».

Герберт Кремпиен

«Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім»

Ғабит Мүсірепов

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қалайша бас имессің оған, сірә!

Дескриптор:

  • Абай мен М.Әуезов арасындағы байланысты табады;

  • «Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасайды.

ҚБ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

















«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау.
























Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.


Қалыптастырушы бағалау

ҚБ




























ҚБ







/Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романы/















































Сабақтың ортасы

5 минут



































































Мағынаны тану.

«Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталу.

1-кітаптың бөлім атауларына тоқталу

«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары.

1-тапсырма.

«Қайтқанда» тарауының 1-бөлімі бойынша шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына «Цицерон» тәсілімен талдау жасау.

7 6

Shape1 5

4


3


2

1

Оқушылар жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.

  1. Есембай жырасындағы бала Абайдың қылығы

  2. Елге деген сағыныш

  3. Әке сынағы

  4. Сағына қауышқан Абай мен аналары

  5. Абай «емі»

  6. Үлкендер жиынына алғаш қатысқан Абай

  7. Сотқар Оспанның әрекеті.

Дескриптор:

  • әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.

ҚБ

Шығарма үзінділерімен жұмыс.

Берілген үзінділерді түсініп, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтау, сұрақтарға жауап беру.

1.«...Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді...» Абайдың әжесімен оңаша қалуы және Кәмшатты әжесіне алып келуінің сыры неде?

2.«...- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!- деді.» Анасының сөзінен Абай не түйді? Айтылған ақылдың Абай әрекетіне қатысы болды ма?

3.«... Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы!- деді». Алшынбайдың ақылы Құнанбай беделін ойлауы ма, әлде туысқандар арасындағы татулықты орнатуға бағытталған ба?

4.«- Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын!- десті.». Алшынбай

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!