400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Байзақов «Адам мен аюдың достығы» (10-сыныпқа арналған қолданбалы курс)

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар ақын мысалдары туралы, оның ішінде «Адам мен аюдың достығы» мысалының мазмұнын түсінеді, пікір алысады, салыстырады, шығарма кейіпкерлерінің бейнесін ашады, қорытынды жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хийсхан Гарифулла,

Қарабатыр орта мектебінің

мұғалімі.

Қостанай облысы,

Қамысты ауданы,

Қарабатыр ауылы


М. Байзақов «Адам мен аюдың достығы»

«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдері» қолданбалы курсы

(жаратылыстану-математика бағыты бойынша

оқитын 10-сыныпқа арналған)


Сабақтың мақсаты: оқушылар ақын мысалдары туралы, оның ішінде «Адам мен аюдың достығы» мысалының мазмұнын түсінеді, пікір алысады, салыстырады, шығарма

кейіпкерлерінің бейнесін ашады, қорытынды жасайды.

Жас ұрпақты жаман әдеттерден жирендіру, білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баулу.

Күтілетін нәтиже: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы ақынның айтайын деген ойын анықтайды. Мысалдар келтіру, қосымша мәліметтер іздестіру, танымдық қабілеттерін дамыту, ойлану арқылы өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, бірнеше ойды салыстырады.

Сабақ әдісі: мәтінмен жұмыс, талдау, пікір айту, сұрақ-жауап, сұрақтар арқылы мәселелік жағдай туғызу.

Көрнекілік: ақын өлеңдер жинағы, Б. Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет» Алматы «Білім» баспасы 1993 ж., «Ай, заман-ай, заман-ай» Алматы қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы- РББ 1991, интерактивті тақта, слайд, түрлі-түсті қалам, плакат, кестелер.

Технология: СТО технологиясының стратегиялары.

Сабақ өту формасы: ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, информатика.

Күтілетін нәтиже: Адамгершілік, кешірімшіл болу туралы түсінік алады. Алған білімдерін өмірде қолданады.

Білу. Тренинг «Досым саған...» деп шеңбер құрып тұрады да, досына тілек айтады. 3 топқа бөлінеді.

Топта «Алтын ереже» құру қажеттігі туралы айтылады (топ ішінде тәртіп ережелері талқыланып, сол арқылы топтың «Алтын ережесі» құрылады).

а. Миға шабуыл. Үй тапсырмасын «Нақ сұрақ, дәл жауап» әдісі арқылы сұрақ қою, топтарды диалогқа түсіру.

Мысал туралы ұғым. Қазақ ақындарының төл мысалдары мен аударма мысалдар туралы түсініктерін айту

ә. Мысалды мәнерлеп оқыту.

Түсіну. «Өз ойларыңды тізбекте». Конверттің біреуін таңдап, ашыңдар, достық туралы қағаз бетіне өз ойларыңды түсіріңдер.

(мысалдың өзіндік ерекшелігін айта отырып, өз ойларын ортаға салып, мысалдың мазмұнын ашуға топ болып қадам жасайды).

Қолдану. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы мысал мазмұнын ашады (жұппен жұмыс).

  1. баяндаушы топ. Мысалдың жалпы мазмұнын түсіндіреді

  2. зерттеуші топ. Екі досқа жан-жақты мінездеме жасайды.

  3. Сілтеме табушы топ. Оқиға желісіне байланысты әр кезеңге мақал-мәтелдер арқылы талдау жасайды.

  4. Дәнекер тобы. Мысалдың оқиға желісін шынайы өмірмен байланыстырады.







Талдау. «Саналы сая жол». Мысалға композициялық талдау жасау

№

Оқиға желісі

Оқиғаның өрбуі

1

Экспозициясы /басталуы


2

Оқиғаның дамуы


3

Оқиғаның шиеленісуі


4

Оқиғаның шешімі


5

Автордың түйіні



Жинақтау (Синтез). «Бетпе-бет» ойыны.

«Адам мен аюдың достығы» мысалын өту барысында біз шығармадан не түйдік, өзімізге қажетті не алдық?

Бағалау. «Карусель» әдісі арқылы бағалаушы топ өзге топтарды бағалайды.

Үйге тапсырма:

1. Мысал туралы ұғымдарын жетілдіру.

2. М. Қалтайұлының «Есектің ойнауы» мысалы мен «Аюдың

достығы» мысалын салыстыру.

3. «Тышқан мен түйе» мысалын оқу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі