400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Байзақов «Тышқан мен түйе» мысалы. 10-сыныпқа арналған қолданбалы курсы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Молда Мұса шығармашылығы, оның мысал жанрына қосқан үлесі туралы түсінік бере отырып, «Тышқан мен түйе» мысалының идеялық мәнін, ақын мысалындағы негізгі ерекшеліктерін анықтау, шеберлік сырын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хийсхан Гарифулла,

Қарабатыр орта мектебінің мұғалімі.

Қостанай облысы,

Қамысты ауданы,

Қарабатыр ауылы


М. Байзақов «Тышқан мен түйе»

мысалы

(жаратылыстану-математика бағыты бойынша

оқитын 10-сыныпқа арналған қолданбалы курсы)


Сабақ мақсаты: Молда Мұса шығармашылығы, оның мысал жанрына қосқан үлесі туралы түсінік бере отырып, «Тышқан мен түйе» мысалының идеялық мәнін,

Ақын мысалындағы негізгі ерекшеліктерін анықтау, шеберлік сырын ашу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ әдісі: мәтінмен жұмыс, талдау, пікір айту, сұрақ-жауап, сұрақтар арқылы мәселелік жағдай туғызу.

Сілтеме: ақын өлеңдер жинағы, Б. Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет» Алматы «Білім» баспасы 1993 ж., интерактивті тақта, слайд, түрлі-түсті қалам, плакат, кестелер, иллюстрациялық суреттер, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.

Технология: СТО технологиясының стратегиялары, «Блум» жүйесі.

Сабақ өту формасы: ұжымдық, топтық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика.

Күтілетін нәтиже: өз ой-пікірін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге үйренеді. Адамгершілік жөнінде ұғым, жаман әдеттерден аулақ болу туралы түсінік алады. Алған білімдерін өмірде қолданады.

Білу. Психологиялық дайындық. Сергіту сәті. «Ыстық ықылас». Бір-біріне тілек білдіреді. Оқушылар бір-бірінің қай мезгілде туғанын сұрай отырып, 4 топқа бөлінеді.

Оқушыларды сабақ ережесімен таныстыру.

  1. Белсенді қатысу.

  2. Тыныштық сақтау.

  3. Бірін-бірі тыңдау.

  4. Ойын ашық айту.

  5. Ынтымақтастық.

. «Қара жорға» биін билейді.

Ой шақыру. «Көпір» тапсырмалары.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (жеке жұмыс).

  1. М. Байзақов туралы не білесіңдер?

... ... ... ... ... ... .

  1. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

... ... ... ... .

  1. Молда Мұсаның қандай поэмалары бар?

... ... ... ... .


4. Ақынның мысалдарын ата.

... ... ... ... .

Түсіну. «Төрт сөйлем» тәсілі (аудио тыңдалым).

1-топ. Пікір. мысалды тыңдай отырып, онда не туралы айтылғандығын бір сөйлеммен жеткізу.

... ... ... ... .

2-топ. Дәлел. Мысалдан үзінді келтіре отырып, өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

... ... ... ... .

3-топ. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.

... ... ... ... .

4-топ. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Қолдану. «Спираль» әдісі.

Топпен жұмыс. «Ізден, тап!»

  1. топқа. Түйе жетектеген тышқан

  2. топқа. Пұшайман күйдегі тышқан

  3. топқа. Мүшкіл күйді мойындау

4-топқа. Қайратсыз,  өнерсіз,  мақтанышшыл  мінез

Кейіпкерге мінездеме

Талдау. Жұптық жұмыс. «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша жұптағы әр оқушының атқаратын рөлін анықтай отырып, адамгершілік туралы жан-жақты талдау жасау.


1.Реттеуші.

Топ ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.

2. Сұрақ қоюшы.

Ой талқысы басталмастан бұрын, жұпты сөйлету үшін сұрақтар дайындайды.

3.Мінездеме беруші.

Мақтаншақ, даңғой, пұшай-

мандық туралы ойланып, қысқаша түсініктеме береді.

4.Ізденуші.

Мысалға қатысты кез-келген

қосымша ақпарат жинайды.

5. Сілтеме табушы.

Мысал туралы, оның тілі, адамгершілік жайлы қызықты ақпараттар тауып айтады.

6.Дәнекер.

Мысал мәтіндерін өмірмен байланыстырады.

7.Сөз тапқыш.

Адамгершілік тақырыбына байланысты нақыл сөздер ұсынады.

8.Суретші.

Мысалдағы мәтін желісіне байланысты сурет салу.

9.Жазушы.

Ой талқысындағы негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады.

10. Баяндаушы.

Топта өткен ой талқысы туралы мұғалімге және бүкіл сыныпқа баяндап береді.

Жинақтау. РАПТ әдісі бойынша кейіпкерге хат жазу.

(жеке жұмыс).

Рөл

Аудитория

Пішін (форма)

Тақырып

өз қалауымен

өз қалауымен

хат

кейіпкерге

Бағалау. Рефлексия. « ХХІ ғасыр адамдарының моделі» тапсырмасын орындау (интербелсенді тақтаға шығып, оқушылар жақсы қасиеттерді жазады. Өз бойларыңда бұндай жақсы қасиеттер бар ма?

Үйге: 1. Жыл бойы өткен сабақтарды қайталау.

2. Тестіге дайындалу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі