400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М. Дулатов бақытсыз Жамал

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:


Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал «

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру (7.Б/С1).

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы:

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбының н, идеялық мазмұнын ашады.

Оқушылардың көбісі:

Міржақыптың проза саласына қалам тартқан жазушы екенін, «Бақытсыз Жамал» тұңғыш роман екенін таныйды

Оқушылардың кейбірі:

өз бетімен оқып -үйрену дағдыларын қалыптастырады, өзіндік пікір айтуға үйренеді

Бағалау критерийі

Тақырыптың үзіндісін мәнерлеп дұрыс оқиды.

Үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасап, кейіпкер образын (Есім хан) анықтайды.

Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады..

Тілдік құзіреттілік

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездеме

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ғажайып туынды – «Күлтегін»

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Үй жумысын тексеру.

Міржақып Дулатовтың қандай қырларымен таныстық?

Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы оқушылардыңбілімдерін жинақтау үшін «Жылдар сөйлейді» жарысын ұйымдастыру. /Интербелсенді тақтада көрсетілген 7 сұраққа топ бойынша жауап беру керек/. Бағалау парақшасында топ басшысы бағалайды.

І топ

1. 1885 жылы ( Торғай уезінің , Сарықопа болысының бірінші ауылында дүниеге келген)

2. 1897 жылы ( Мұқан Тоқтабайұлынан дәріс алады)

3. 1904 жылы ( Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұзтазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі)

4. 1906 жылы (Делегат ретінде Петербурға сапар шегеді)

5. 1909 жылы( Уфада «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді)

6. 1913 жылы (А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде жұмыс жасайды)

7. 1915 жылы («Терме» атты кітабы шығады)

ІІ топ

8. 1935 жылы (Балтық теңізі , Сосновец тұтқын лагеріне жер аударылады, сол жерде көз жұмады)

9. 1988 жылы( қылмыстық ісі қайта қаралып , біржола ақталды)

10. 1993 жылы ( оның денесі Балтық теңізінен өзінің туған жеріне әкелініп, қойылды)

11. 1924 жылы («Оқу құралы» оқу кітабы Орынборда шығады)

12. 1928 жылы (Қазақстанда ірі байларды тәркілеу тұсында «Соларға іш тартты жаңа саясатты қолдамады» деген айыптар тағылып түрмеге қамалады)

13. 1909 жылы («Оян қазақ» атты өлеңі жарыққа шығады)

14 .1922 жылы («Балқия» пьесасы Орынбор қаласында шығады)

ІІІ топ

15. 1904 жылы( Міржақып Дулатов Омбыға келеді)

16.1920 жылы (Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады)

17. 1905 жылы ( Ахмет Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыға барып, патшаның отарлау саясатында ереуілді көреді )

18.1902 жылы( Ауылда мұғалім болады)

19.1922 жылы (Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады)

20.1910 жылы (Қазан қаласында « Бақытсыз Жамал» романы шығады)

21.1907 жылы (Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңі жарияланды)


.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

білу.

(Жоспар бойынша мазмұнына тоқталады)

Тегі: Эпос

Жанры: роман-үлкен көлемдегі және прозалық үлгіде жазылған эпикалық туынды. Өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, ұзақ мерзімді оқиғаларды арқау етіп, адам өмірін ағымдағы сан алуан құбылыстармен тұтастыққа, мейлінше жан жақты көрсетеді.

Түрі: Трагедиялық шығарма

Тақырыбы: Әйел теңсіздігі

Идеясы: Романның өлеңмен жазылған сөз басында:

Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта,

Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

Біреуге хас нәрсе емес, һәм болған іс,

Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.

Айырсын оқушылар мағынасын,

Жай ғана хикая деп қарамасын.

Көрген кім шариғаттан деген сөзді:

“Қор етіп әйел халқын аямасын”- деген жолдардан автордың көздеген мақсаты аңғарылады.

Роман екі сюжетте көрініс табады. Бірінші-Жамал мен Ғалидің кездескен сәттерін, сырласып, бір-біріне берік сенісіп, бір-бірін тең тұтып, бағалап , сүйіп қосылмақ болған жандар екенін, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жолға шыққан тұстарын М.Дулатұлы жылы сезіммен тебірене жазғандығы. Екіншісі- Ғалидің кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айырыларын сезінген Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісуі суреттелген.

І бөлім. Крестьянский начальник

ІІ бөлім. Үмітсіз -шайтан

ІІІ бөлім. Еркек балаша киінген Жамал

ІV бөлім. Жамалдың молдадан дәріс алуы

V бөлім. Сайлау

VІ бөлім. Байжан мен Сәрсембайдың құда болуы

VІІ бөлім. Басындағы бағы жоқ Жамал

VІІІ бөлім. Ғали мен Жамалдың кездесуі

ІХ бөлім. Ғали мен Жамалдың арасындағы ғашықтық сезім

Х бөлім. Қос ғашықтың қол ұстасып қашуы

ХІ бөлім. Ел ішіндегі дау

ХІІ бөлім. Жас ғұмырдың сөнуі

ХІІІ бөлім. Жамалдың көрген қорлығы

Топтастыру. «Бақытсыз Жамал» романы дегенде ойларыңа бірден не келеді?

әПрямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 длетсіздік махаббат


Прямая со стрелкой 8 Прямая со стрелкой 9 Прямая со стрелкой 10 Бақытсыз Жамал

трагедия

ескі әдет – ғұрып қатыгездік


Романған сюжеттік жоспар құру


Оқиғаның Сәрсенбайдың төрт түлігі.

басталуы: сай болғанымен бір перзентке зар болуы.


ОқиғаныңОның екіші әйел алып, Жамалдың дүниге келуі, оның сауатты, ақылды

дамуы : қыз болып өсуі.


Оқиғаның а) Сәренбайдың болыстыққа т а л а с у ы.

шиеленісуі:ә) Сәрсенбай мен Байжан арасындағы құдалық

б)Жамалдың бұл құдалыққа қарсы шығып, Ғалимен бірге қашып кетуі.


Оқиғаның а) Ғалидың кенеттен ауырып дүние салуы

жарықтау ә) Жамалдың еріксіз Жұманға қосылып, одан көрген қорлығы.

тегі:


Оқиғаның Жамалдың Жұман үйінен қашып шығып, боранды түнде үсіп , қайғылы

шешімі: қазаға ұ ш ы р а у ы


Шығарманың тақырыбын, идеясын а ш у.

а) Шығарманың негізгі көтерген тақрыбы не?

ә) Автордың айтпақ ойы яғни идеясы не ?

б) Автор нені көрсетуді мақсат еткен ?





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Үш топ берілген кесте бойынша жұмыстарын талқылап қорғайды. (13 минут) Әр топ өзіне берілген тапсырмаға тиесілі тақырыпты постерге салып, қорғайды. (постерге – 10 минут, қорғауға –3 минут)

І топ. (Талқылау кестесі)

Шығарманың тақырыбы

Талқылау

«Бақытсыз Жамал» романы

Негізгі кейіпкер


Тақырып


Әрекет


Осы әрекетке итермелеген нәрсе


Жазалаушы тарап


Олардың бойындағы қасиет


Шығарманың аяқталуы



ІІ топ. ( Тұжырым кестесі)

Кейіпкердің аты

Мінездеме

Кейіпкер әрекетіне баға

Жамал



Ғали



Сәрсенбай



Байжан



Шолпан



Жұман




ІІІ топ. (Салыстыру кестесі)

Ескі әлем


Жаңа әлем

Сауатсыздық


Жасы үлкен кісіге тұрмысқа шығу


Қалың мал


Әлеуметтік теңсіздік


Қазақ қыздарының бас бостандығы



Миға шабуыл (5 минут) / аудиокітап бойынша романнан үзінділер тыңдалады, жылдам жауап беру арқылы әр топ үзінді қай бөлімнен алынғанын анықтайды/

Жазушының «Бақытсыз Жамал» романына тоқталайық. Ол үшін тірек –сызбаға сүйене отырып, өзіміз іздеген тың деректермен кестені толтырады жинақтайдытолықтырайық. Оқушылар әңгімелейді.


Теріп алу және тұжырым кестесі Жұптық жұмыс

Дескриптор:

Автор бейнесі мен кейіпкер бейнесін ашу

Кейіпкерге тән қасиеттер

Дәлел (өлең жолдары)







Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Романның құрылысы, тілдік ерекшелігі Венн диаграммасы бойынша.


Еңлік -------кебек Бақытсыз Жамал



Қара сөзбен


және өлеңмен


жазалаған


порэзиялық


шығарма


яғни,

поэма



Оқиға


жемісі


бірдей,


қайғылы


оқиғамен


аяқталады.



Қара сөзбен


прозалық


шығарма


яғни,


роман

Қортынды «Ауадағы сұрақ» ( 3 минут). Әр топқа топ басшылары шар лақтырады. Қағып алған шардағы сұраққа жауап береді.



1.Ауыл өмірі қай жерде өтеді? ( Саумалкөл)

2.Сәрсенбай шаңырағына шыр етіп дүниеге келген сәбидің есімі? ( Жамал)

3.Жамалдың анасының есімі кім? .( Шолпан)

4.Жамал қандай қыз? ( ақылды, сұлу, оқыған)

5.Жамал қалай киінген? ( еркек балаша)

6.Жамалдың оқытушысының есімі кім? (Ғазиз )

7.Ғазиз есімді жігіт қай қалада білім алған? (Уфа)

8. Сәрсенбай өз қызын қай байдың ұлына ұзатады? ( Байжан)

9. Байжанның ұлының есімі және жасы нешеде? ( Жұман , жасы-17)

10.Жұман қандай бала? ( ақылсыз)

11. Жұманды ауылда қалай атайды? ( «Таз Жұман»)

12.Сәрсенбай қызын Байжанның баласына не үшін ұзатады? ( Байлығы үшін)

13.Жамал жиын- тойда қандай жігітті кездестіреді? ( Ғали)

14. Қос ғашық бір- біріне не арқылы сезімдерін жеткізеді? (Өлең арқылы )

15.Романдағы жағымсыз кейіпкерді ата? ( Жұман, Байжан, Сәрсенбай)

16.Романдағы ең басты кейіпкер кім? (Жамал)

17.Романның авторы? ( М.Дулатов)

18.Роман қай жылы жарық көрді? (1910 жылы)

19.Романдағы Ғали бейнесі? ( оқыған, мәдениетті)

20.Роман қай қалада басылып шықты? ( Қазан қаласы)

21.Ғали Жамалды алып қашып кімнің үйінде паналайды? ( Фатихолланың)

22.Жамал қай мезгілде үйінен қашып шығады? ( Қыс мезгілінде)

23.Романның тегі? (Эпос)

24.Романның тақырыбы? ( Әйел теңсіздігі)

25.Жамал қандай рудан шыққан? (Атығай руы)


Рисунок 1


Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
2320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі