Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М. Дулатов "Бақытсыз Жамал" шығармасындағы кейіпкерлер

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" шығармасын бойынша оқу мақсатына сай жазылған қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Махаббат пен абырой

Мектеп: М.Исламқұлов атындағы жалып білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімі: Мейрбекова Ү

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;


Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Көпшілігі:

Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды, шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолдану.

Кейбір оқушылар:

Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіру, кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіру.


Сабақ барысы


Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. Қызығушылықты ояту


Үй тапсырмасын пысықтау

Аудио сұрақтар

  1. Сәрсенбай не себепті Жамалды Жұманға тұрмысқа берді?
    2. Жамал Жұманды неліктен ұнатпады?
    3. Жамал мен Ғали қайда кездесті? Жамал мен Ғали арасындағы
    сезім қандай сөздермен берілген?
    4. Шолпан не себепті Сәрсенбайға ренжіді?
    5. Ғали мен Жамал кімнен көмек сұрады? Неліктен?
    6. Жамал Жұманның үйінен неге қашып кетті?
    7. Жамалдың ажалы неден болды?

  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар асықтағы сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Үй тапсырмасын еске түсіреді.


Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі







8-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы






Сабақтың ортасы

«Топтастыру» әдісі арқылы кейіпкерлерді анықтап аламыз

Дискриптор:

-Шығарма кейіпкерлерін жазады

Оқушыларға тура және жанама мінездеулерді түсіндіру

Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын, түр-түсін, жүріс-тұрысын төтеден, бірден суреттеу, тікелей баяндау. Адамның сыртқы бітім-болмысын тікелей немесе жанама мінездеу арқылы жасаумен бірге, оның ішкі сырын да ашу керек. «Қара қарғаның қанатындай немесе көмірдей жылтыр, қара сақалы бар, жалпақ қызыл жүзді, ісінген қалың қызыл қабақты Әзімбай осылайша тор құрып қойып, өзі құрық жонып отыр.

Жанама мінездеу кейіпкерді төтеден сипаттамай, соған қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы оның кім екенін айқындау.Басқа құбылыстарды айта отырып, кейіпкердің жан-дүниесін көрсетеді. Осы арқылы адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашуға жол ашады.

Мағынаны тану.

1-тапсырма Жеке жұмыс

Роман кейіпкерлеріне талдау:

1-топ - Романдағы Жамал бейнесі.

2-топ: Ғали бейнесі.

3-топ: Жұман бейнесі.

Оқушылар кейіпкерлер бейнесін ашыңдар.

Топтық жұмыс

1-топ тапсырмасы

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Мінезі

Портреті

Жамал






Шолпан




2-топ



Кейіпкер

Әңгімедегі портреті

Кейіпкердің ең маңызды үш әрекеті

Өз көзқарасым

Ғали




Сәрсенбай




3-топ

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершік қасиеті

Кейіпкерге баға

Жұман




Байжан




Дескриптор:

Кейіпкерлердің бейнесін ашады

Кейіпкерлер туралы өз пікірін белдіреді

ҚБ

2-тапсырма Жеке жұмыс

Дескриптор:

  • Шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;

  • Тура мінездеуге дәлелдер келтіреді;

  • Жанама мінездеуге дәлелдер келтіреді


ҚБ

3-тапсырма

Шығармадан тура және жанама мінездеулерді табыңдар

Дескриптор

Шығармадан тура мінездеулерді табады

Шығармадан жанама мінездеулерді табады

Сабақты бекіту

Асықтағы сұрақтар

  1. Тура мінездеу дегеніміз не?

  2. Жанама мінездеу дегеніміз не?

  3. Жамал

3-тапсырма. Келесі ұстанымдар төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар. Жасырынған тақырыптарды әр топ басшысы өз таңдап алады.

1-топ. Ғали мен Жамал қараңғылықтың құрбаны!

2-топ. Жұмандардың әрекетін жақтаймын!

3-топ. Әкесін сыйламаған Жамал.

Дескриптор:

  • Көтерілген екі мәселенің бірін таңдап, талқылайды;

  • Қорытынды ой шығарады.

ҚБ: Бас бармақ

Кейіпкерлерді анықтайды











Тура және жанама мінездеуді түсінеді

Әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтайды. Кейіпкердің әңгімедегі ең маңызды әрекеттерін анықтайды.



Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.







3 топ оқушылары кейіпкер бейнесін ашуда кестені толтырады. Топ болып қорғайды















ҚБ






















ҚБ

стикерлер






























ҚБ

Жұптық бағалау

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығының хрестоматиясы


Сабақтың соңы

Хабарл ама Инстаграм

Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама /SMS/ жазады: стикерге жазып, тактаға әкеліп іледі.
































Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.

Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Медресе бітірген,  мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.

Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.

Байжан – құбылмалы, қатаң адам.

Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ.







1.Сәрсенбай билікке таласып,ішкі есеппен Байжан байдың таз баласына Жұманға Жамалды береді.

2.Жамал ауылда оқып,көзі ашық,

еркін жүріп қалған ақылына көркі сай қыз,таз әрі ақылсыз Жұманды өзіне тең көрмеді.

3.Жамал мен Ғали ауылдағы бір тойда кездесіп,айтысып танысады.Ғали:

Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас,

Он алты он жетіге жеткенде жас.

Жанаттың пісіп тұрған алмасындай,

Қол жетсе қандай жігіт ләззәт алмас-деп сезімін білдірген.Екеуі бір-бірін ұнатып қалады.

4.Жамалдың анасы Шолпан күйеуі Сәрсенбайға ренжіді.Жалғыз қызын билік үшін таз Жұманға бергеніне.

5.Ғали мен Жұманға достары Жүніс пен Нұржан көмектесіп екеуі қашып кетеді.Себебі екеуін ешкім қоспас еді.Жамал атастырылып қойғандықтан.

6.Нағашыларын сағалаған Ғали ауырып қайтыс болады.Жамал амалсыздан Жұманның үйіне келеді.Жұманның озбырлығына шыдамаған Жамал қысты күні үйінен қашып шығады.

7.Қыстыкүні аязда адасып кетіп,үсіп өледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12