400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.


Білімділік : поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;


Дамытушылық : оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;


Тәрбиелік : оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, интерактивті тақта, кітаптар, аққу туралы жазылған нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, көрініс, сызба – кестелер.


Сабақтың типі: жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: СТО, талдау, сұрақ – жауап, пікір сайыс


Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, биология


Сабақтың барысы: І.Ұйымдасыру кезеңі. Оқушылармен жүздесіп амандасу, түгелдеу, сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.


«Топтастыру» стратегиясы. «Мұқағали әлеміне саяхат»


Ой шақыру. «Менің Мұқағалиым»


Сұрақтар:


1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы)


2. Өмір сүрген жылдары? (1931-1976 ж.ж)


3. Әкесі мен анасың есімі? (Сүлеймен, Нағиман)


4.Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т.б.)


5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген.)


6. Ақынның поэмаларын атаңыз. («Ақулар ұйықтағанда», «Ару – ана», «Райымбек», т.б.)


М. Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»[2.197б]


Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.


а) Аққу қандай құс?


ә) Поэмаға оқушылармен біріге отырып мазмұндық жоспар құру.



Тақырыбы

Басты оқиғалар

І.

Тау басына біткен сұлу көл

1.Қалай біткен мына көл тау басына?

2. Жетімкөл жетімсірейді.

3. Аққулар айдынына оралмады.

ІІ.

Ауру бала немесе шарасыз отбасы

1.Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.

2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.

3. Ананың шешімі.

4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.

5. Жетімкөлден сән кетті

ІІІ.

Бақташы қарт. Шарасыз ана.

1.Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.

2.Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.

3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.

4. Қасиет.Қасірет.

Эпилог

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы.



б) «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау.


Оқиғаның басталуы. Жетімкөл туралы аңыздар. Көл еркесі – сұлу аққулар


Оқиғаның дамуы. Ауру бала, тәуіп айтқан ем.


Оқиғаның шиеленісуі. Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.


Оқиғаның шарықтау шегі. Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.Кие қасіретін тартқан ана.


Оқиғаның аяқталуы. Аққуынан айырылған Жетімкөл.


в) Ақынның тіл шеберлігі. Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау, тілдік теңеулерді табу. Оқулықпен жұмыс, дәптерде орындау.


Поэмадан үзінді

Эпитет

Кейіптеу

Теңеу

Дәйектеме

1.

Тәтті үн, аппақ нұр...



+

+

2.

Маужыраған түн, салбыраған шымылдық...

+





г) Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (интерактивті тақтада орындалады)


Кейіпкерлер

Іс – әрекеті, адами қасиеттері

Ана

Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.

Әке

Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.

Тәуіп шал

Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.

Бақташы қарт

Ақылы мол, көргені көп.


Сабақты бекіту: Проблемалық сұрақтар:


1. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?


2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?


3. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?


.


Үйге тапсырма.

«Жетімкөл аққулары» - эссе жазу. «Ақын және аққу» тақырыбына өлең жазу.

Поэмадан өзіңе ұнаған шумағын жаттау.

Бағалау



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі