400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М. Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жаңартылған білім беру мазмұнымен құрастырылған. сабақ жоспары 8 қазақ сыныптарына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

3 бөлім: Махаббат және абырой

Тақырып: М. Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы


Күні:


Сынып: 8

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж.2 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:


Шығарманы оқып, мазмұнын айтады. Сұраққа жауап береді. Поэманың тақырыбы мен идеясын ашады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Идея мен пафос айырмашылығын біледі, ажырата алады. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әдеби шығарманың пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Сұраққа жауап береді.

  • Диалогқа түседі

  • Қосымша мәлімет жинақтайды

  • Өз пікірімен бөліседі


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Аққулар, киелі, тәуіп, байыз, сарқыт

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Ақ төсек, жетім көл, аққуды ату, саусағын қанату

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақ халқы аққуды қалай қастерлеген?

  • Аққуды атқан ана кінәлі ме?

  • Аққудың бойындағы қасиеттер адам бойында кездесе ме?

  • Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?

Алдыңғы оқу

Аққу құсы туралы біледі, М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


8 мин






Түсіну


Қолдану




Топқа бөлу: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушылар кассадан билеттер алып, 1,2 вагондарға бөлініп отырады.






1 тапсырма:

Топтық жұмыс: «Бинго» стратегиясы.

Әр топтан бір оқушыдан шығады да, сұрақтары бар билетті алып, топта сұраққа жауап береді. Барлығы 6 сұраққа жауап берді. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді.

  • «Жетімкөл» табиғаты қалай суреттелген?

  • Бала қандай күйде жатыр еді?

  • Әкесі неге аққуды атпады?

  • «Кие» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Аққуды атқанын кім естіді?

  • Аққуды атқан ана қандай қасіретке ұшырады?

  • Ана үйге оралғанда қандай жағдайға душар болды?

  • Аққуды атқан ана кінәлі ме?

  • Ананың аққуды атуына не себеп болды?

  • Жетімкөл неге жетімсіреп қалды?

  • Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?

  • Көл жағасында отырған ана қандай күйді басынан кешірді?


Бағалау: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған ... қиын болды.

  • Мен ... екенін түсіндім.

  • Мен енді ... жасай аламын.

  • Мен өмірде ... қолданамын.

  • Маған ... ұнамады.


Нәтиже және жауап бойынша саралау:

А деңгейлі – мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді

В деңгейлі – күрделі сұрақтарға әртүрлі деңгейде жауап бере отырып, ойларын дәлелдейді

С деңгейлі – сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып жауап береді.



1-топ:

«Аққу» вагоны

2-топ:

«Қарлығаш» вагоны




















Қалыптастырушы бағалау парақшалары


Сабақтың ортасы


20 мин


Талдау


Жинақтау










2 тапсырма:

1 топ. «Эмоция кестесі»

Поэма бойынша бала мен анаға эмоция кестесін жасайды.






2 топ: Сатылай кешенді талдау.

Поэмадағы сюжеттік оқиғалардың композициялық құрылымына талдау жасайды.

  • Оқиғаның басталуы:

Жетімкөл туралы аңыздар. Көл еркесі – сұлу аққулар.

  • Оқиғаның дамуы:

Ауру бала, тәуіп айтқан ем.

  • Оқиғаның шиеленісуі:

Аққуды атқан ана.Астан-кестен көл беті.

  • Оқиғаның шарықтау шегі:

Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.

  • Оқиғаның шешімі:

Аққуынан айырылған Жетімкөл.

Жырдың құрылысына талдау жасайды.

1-топ: «Сатылай кешенді талау» жасайды .


Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Талдау

1.Әдеби шығарманың пафосын түсіндіреді

1.Шығармадағы ана мен баланың эмоциясын салыстырады. 2.Эмоция кестесін сызады.

Жинақтау

2.Поэманың идеясын топтастырады

1.Сатылай кешенді талдау жасайды.

2.Поэмаға skimming жасайды.

3.Өмірмен байланыстырады.


Мақсат бойынша саралау:

А деңгейлі – шығармадағы ана мен баланың эмоциясын біледі, салыстырады.

В деңгейлі – поэмадағы сюжеттік оқиғалардың композициялық құрылымына талдау жасайды, бір-біріне қолдау көрсетеді.

С деңгейлі – қосымша шығармашылық тапсырмалар орындайды, өз көзқарастарын өмірмен байланыстырады.


Графикалық органайзер









































Сергіту сәті


2 мин


«Көңілді күн» бейнежазбасы



Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы


10 мин




Жинақтау

3 тапсырма:

«Еркін микрофон» тәсілі.

Оқушылар сабақты қорыту бойынша бір-біріне сұрақтар дайындайды. Мұғалім және өздері дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды. Оқушылар микрофонды қолдана отырып, берілген сұрақ кімге ұсынылып отырғанын айтады, сол оқушы жауап береді.Жауап алған соң келесі оқушыға өз сұрағын қояды.

  • Қазақ халқы аққуды қалай қастерлеген?

  • Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

  • Поэманың пафосы деген не?

  • Жылқышы қарттың «Аққуға кезенерде ырым жасап, тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деген сөзі нені білдіреді?

  • Баланы емдеуге болар ма еді?

  • Поэманың негізгі идеясы неде?


Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау:

А деңгейлі – мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды құрастыра алады, жеке қабілеттерін көрсетеді.

В деңгейлі – күрделі сұрақтарға жауап бере отырып, ойларын дәлелдейді, өзін-өзі бағалайды.

С деңгейлі – тапсырмаларды нәтижелі орындайды.


Бағалау: «Көңіл күй букеті».

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.



Үй тапсырмасы: «Бала – аққу - ана» тақырыбында еркін шығарма жазу


Кері байланыс:





Интербелсенді тақта


























Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс ,

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

1. Нәтиже және жауап бойынша саралау:

А деңгейлі – мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді

В деңгейлі – күрделі сұрақтарға әртүрлі деңгейде жауап бере отырып, ойларын дәлелдейді

С деңгейлі – сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып жауап береді.


2. Мақсат бойынша саралау:

А деңгейлі – шығармадағы ана мен баланың эмоциясын біледі, салыстырады.

В деңгейлі – поэмадағы сюжеттік оқиғалардың композициялық құрылымына талдау жасайды, бір-біріне қолдау көрсетеді.

С деңгейлі – қосымша шығармашылық тапсырмалар орындайды, өз көзқарастарын өмірмен байланыстырады.


3. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау:

А деңгейлі – мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды құрастыра алады, жеке қабілеттерін көрсетеді.

В деңгейлі – күрделі сұрақтарға жауап бере отырып, ойларын дәлелдейді, өзін-өзі бағалайды.

С деңгейлі – тапсырмаларды нәтижелі орындайды.

1. Бағалау: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған ... қиын болды.

  • Мен ... екенін түсіндім.

  • Мен енді ... жасай аламын.

  • Мен өмірде ... қолданамын.

  • Маған ... ұнамады.

2.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Талдау

1.Әдеби шығарманың пафосын түсіндіреді.

Шығармадағы ана мен баланың эмоциясын салыстырады. Эмоция кестесін сызады.

Жинақтау

2.Поэманың идеясын топтастырады.

Шығарма мазмұнына сай талдау жұмысын жасайды. Алған білімін өмірмен байланыстыра отырып жинақтайды.


3. Бағалау: «Көңіл күй букеті».

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.


Кері байланыс:

Пәнаралық байланыс:

  • Биология – поэмада Жетімкөлді мекендейтін құстар мен жануарлардыбіледі.

  • Өзін – өзі тану - адами қасиеттерге адамгершілікке тәрбиелейді.

Денсаулық және қауіпсіздік:

  • Интербелсенді тақтаны қолданғанда қауіпсіздік ережесімен танысады.

  • 15 минуттан артық қолданылмайды.

  • Сергіту сәті жасалады.

АКТ-мен байланыс:

Слайд көрсетіледі.

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Сергіту сәті.

Құндылықтармен байланыс: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы:

3) Зайырлы қоғам және жоғары руханият - «Ана мен бала арасындағы махаббат» тақырыбында әңгіме жүргізіледі. Ата-ананы құрметтеуге тәрбиеленеді.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
5135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі