Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Монтессори топтарында жүмыс жасау ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Монтессори топтарында жүмыс жасау ерекшеліктері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. Монтессори технологиясын пайдалану тәсілдері, ерекшеліктері


Жоспар:


1. М. Монтессори жүйесінің философиясы мен қағидалары;

2. М. Монтессоридің дидактикалық материалдары;

3. М. Монтессори топтарында жүмыс жасау ерекшеліктері.



Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияда дүниеге келген. М.Монтессори дәрігер, педагог, философ, ғалым, гуманист.

М.Монтессори өзінің жұмысын ақыл — есі кем балалардан бастады, кейіннен ол ақыл – есі кем ғана емес, барлық балалармен арнайы педагогикалық жұмыс істеуіне көшті. Ол әлемдік атағын өзінің педагогикалық жүйесінің арқасында алды. 1907 жылы 6 қаңтарда Римде алғашқы «Монтессори мектебі» ашылды. Әлемнің әр түкпірінде  ойларынМонтессори технологиясын  балалардың шығармашылық ойларын дамыту үшін өте қолайлы.

          М.Монтессори педагогикасында не маңызды?

Бұл бағытта бала туылғанынан бастап тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала, әр адам секілді әмбебап. Оның басқа жүйелерден карағанда айырмашылығы осында жатыр. Балаға өздігінен козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті алады да. Ересектер бала үшін жағдай жасайды.

 

Монтессори әдісі үш негізгі бөліктен тұрады:

  1. Бала

  2. Қоршаған орта

  3. Педагог

 

Балабақшада Монтессори тобы қалай құрылады.

Монтессори жүйесінің классикалық варианты 3 жастан бастап оқыту жүргізуді болжайды. Балабакшадағы әр топ — бұл отбасы, онда 3-12 жасар балалар сабақпен айналысады. Олар бірге оқиды, бірге үйренеді.

Марияның байқауынша, балалар баска балаларды ересектерден гөрі жақсы оқытады. Бұл байқауды пайдалана отырып, Мария өз сыныптарын түрлі жастағы балалармен топтастырып, екі топқа бөлді.

Бірінші — 3-6 жасар балалар, екінші топта — 6 — 12 жасар балалар болды. Олардың міндеттері әртүрлі. Алты жасқа дейін бала өз санасын жасайды, алты жастан кейін мәдениетті белсенді меңгереді. Егер балалар өз қарқыны бойынша ақыл қосса, ал мәдениетті түрлі формалар мен бағыттарды меңгеруі қажет.

Монтессори-топта балалар саны 15-20 адам болған тиімді болып табылады. Балабақша-мектептегі сабақтар топтық емес. 3-5 жасар балаларға арналған топтағы топтық сабаққа 15 минут жұмсалады.

Өмірдің негізгі тәсілі — қоршаған ортаның заттарымен еркін жұмыс жасау. Бұл көшеге де, үйге де, балабакшаның барлық бөлмелерін — асхана, шешіну бөлмесі, т.б. барлығына қатысты. Екінші топқа көмек көрсету күрделірек, сондықтан әлемде 6-12 жасар балаларға арналған сыныптар аз, ал 3-6 жасар балаларға арналған сыныптар саны көп. Әлемнің кейбір елдерінде (АҚШ, Нидерланды) Монтессори мектептері көп. Монтессори-топтағы еркін жұмысқа күніне 1,5-2 сағат бөлінеді (баланың жасы мен кызығушылығына байланысты).

Балаларды 5 сала бойынша дамыту көзделеді:

сенсорика (сезім органдарын дамыту)

практикалык өмір дағдылары

математика

ана тілі

ғарыштық тәрбие

Ғарыштық тәрбие — бұл М. Монтессоридің термині. Мұнда география, биология, физика, химия негіздері кіреді. Мүмкіндігі бойынша және ата-аналардың қалауы бойынша Монтессоридің философиясына негізделген топтық сурет салу, музыка, шетел тілі, денешынықтыру ұйымдастырады.

Жұмыс үшін материалды таңдау баланың қалауына байланысты болады. Бірақ барлық балаларға ортақ даму кезеңдерін біле отырып, педагогтар үрдісті ынталандыратын болады. Балалар 2,5-3,5 жасында Монтессори тобына түседі.

 

Басында олар сенсорикамен  (бұл өте маңызды, барлық салаларда даму үшін база береді), практикалық өмірдегі жаттығулармен айналысады: суды құю, құмды салу, қол жуу, ыдыс жуу, кір жуу, үтіктеу, түйме салу, әлеуметтік дағдылар мен дене жаттығулары және т.б.

Бұл практикалық жаттығулардың негізгі мақсаты ірі және ұсақ моториканы, қозғалыс координациясын дамыту, көптеген ұсақ операцияларды бірізді орындауға дағдылану болып табылады

4 жасқа жакындағанда математикаға, орыс тіліне деген кызығушылығы оянады, тіл дамыту мен фонетикалық ойындармен 2,5-3 жасынан айналыса бастайды. Тағы бір маңызды сәт! Бұл тәртіпті сақтау….М. Монтессори балаларды сыныптағы бірінші күннен бастап койылған тәртіпті сақтауға үйретуді ұсынды. Оны ересектердің қалауы бойынша емес, балаларға ыңғайлы болғандықтан ұсынған. Ол тәртіп бала үшін шектеулі, баланың өзі тәртіпті ұйымдастыра алмайды деп есептейді. Жұмыс пайда әкелуі үшін мұғалім балаға қысқа (2-3 минут) сабақ жүргізеді.

 

Монтессори-топка көптеген зоналар кіреді :

шынайы өмір зонасы: бала өзі суды құю, құмды салу, қол жуу, ыдыс жуу, кір жуу, үтіктеу, түйме салу, әлеуметтік дағдылар мен дене жаттығулары және т.б. ірі жэне ұсақ бүлшық еттерді дамытуды үйренеді;

сенсорлық даму зонасы: қоршаған ортаны зерттеу (биіктігі, ұзындығы, салмағы, түсі және заттардың т.б. қасиеттері). Олар заттармен ойнайды, олардың көлемін, формасын, түсін танып-біледі. Мысалы, бала цилиндрлерді үлкенінен бастап кішісіне дейін рет-ретімен қояды. Балалар солдан оңға қарай көзімен қарауға үйренеді;

тілдік, географиялық, математикалық, жаратылыс-ғылыми: баланың ақыл-есінің дамуы

Монтессори-мүғалімнің міндеті — балаға өз қызметін ұйымдастыруға көмектесу, өзінің соны жолымен баруға көмектесу, өз әлеуетін кең шамада жүзеге асыруға ықпал ету

 

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау — кезек күттірмейтін іс. Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл–ойын дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге  ұмтылыс басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың  ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар.

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Осы себепті мен баланың танымдық қабілетін дамытуда Монтессори әдісіне негізделген ойындарды, ойындық жағдаяттарды қолданамын. Топта ойыншықтарды қолдана отырып, түрлі ойындар барысында балалар заттарды топтастыруды, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері, түсі, пішіні, кеңістікте орналасуы туралы түсініктерді меңгереді.

Топта сенсорлық дамытушы орта М.Монтессори  жүйесі негізінде құрылды: сенсорлы үстел, тактилді сезуге арналған табиғи материалдар, қол массажының ванналары, ойындар.

Сенсомоторлық бұрыш:

сенсорлық міндеттерді шешуге (көру, есту, иіс, сезу);

ұсақ қол моториканы дамыту, қимыл белсенділігін арттыруға;

бұлшық ет пен және психикалық көңіл-күйге күш салынғанды жоюға;

жағымды көңіл-күй ортасын құру, баланың еңбекке қабілетін көтеруге;

ойлау есте сақтау, қабылдау қабілеттерін белсендіруге;

өздігінен әрекет ете білуге және тәжірибе әрекетіне қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Сенсорлық бұрышта дидактикалық ойындар орналасқан: «Өрнекті құрастыр», «Машиналар», «Ойыншықтарды үлестір», «Аюды жасыр» және т.б.

Өз жұмысымда М.Монтессори технологиясы бойынша мына төмендегідей ойындарды дайындап, оны оқу іс-әрекеттерде, ойын кезінде қолданамын.

Дәндермен ойын:

әр түрлі ыдыстағы араласып кеткен бұршақ пен асбұршақты бөліп, тер;

дәндерді салу және араластыру, қолға ұстап уқалау;

ыдысқа дәндерді төгіп, әр түрлі өрнектер құрастыру.

Тапсырмалардың баланың кеңістікті бағдарлауына, сезімдік қабылдауына, шығармашылық қиялын дамытуға және ұсақ қол моторикасын дамытуға септігі мол.

Түймелер мен моншақтармен ойындарда балалар жіпке өткізеді, түймелер мен моншақтарды тереді. Бала қолын жаттықтырады, алғырлығы дамиды, үлкен-кіші түсінігі қалыптасады. Моншақ ретінде шаршыларды, дөңгелектерді, ағаш жапырақтарын, құрғақ дәндерді пайдалануға болады.

Құрғақ бассейн – жасырынған әр түрлі ойыншықтарды табуға арналған.

Баланы іздестіруге бағыттай отырып, көп ойыншықтың ішінен қолдың саусақтарымен іздей отырып, тек қана қоянды табуды сұраймын.

 

Міне қандай таяқшалар”.

Мақсаты: таяқшаларды түсіне қарай ажыратуды үйрету, оларды сәйкес келетін тесікке салу. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Дидактикалық материал: жылтыр қорап, түрлі түсті таяқшалар.

«Тағамдардың дәмін ата». Заттардың негізгі қасиеттерін дәмі арқылы ажыратуды дамыту.

Мақсаты: заттарды дәміне қарай ажыратуды үйренеді.

Барысы: баладан суреттерде берілген әр түрлі тағамдардың, көкөністер мен жемістердің дәмін атауды сұрайды. Мысалы: лимон — дәмі қышқыл, шырынды, денені сергітеді; нан — хош иісті, жаңа піскен, кәмпит — тәтті, ішінде қоспасы бар, мұзды немесе шоколад кәмпит, сарымсақ — ащы, иісі өткір, ащы.

Баланың өзі зерттеуші, оның білсем, ұстап көрсем, көрсем деген қызығушылықтары тәжірибе жасауға итермелейді. Мен «Құм ертегілері – ылғалды жұмбақтар» жаттығуда бір ыдыстан екінші ыдысқа су құю, құмды алақанға салып ойнау, мұздың еруін бақылау және т.б. кезінде балалар көптеген заттардың қасиеттерімен танысады, ұсақ қол моторикасы дамиды. Зерттеудің көру, қолмен ұстап көру, сипалау, домалату, иіскеу, дыбысты тыңдау секілді қарапайым әдістерін қолданамын. Балалар ойын-тәжірибелерді жақсы көреді.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән — мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой — өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан — ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Қорыта келе, Монтессори әдістемесі баланың назарын дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, моториканы қалыптастыруға көмектеседі деген тұжырым жасауға болады. Бұл әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ, баланың дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне көңіл бөлінеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.06.2021
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12