жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М Шаханов "Лирикалық кейіпкер"
Қысқа мерзімді жоспар
Мұғалімнің аты-жөні: Әуелхан Фариза |
Мектеп: №149 Жалпы білім беретін мектеп |
|||
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Лирикалық кейіпкер» |
Тексерілді: |
|||
Күні: 05.04.2020ж |
||||
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
(7.АИ.2).Эпикалық поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
|||
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
Тілдік құзіреттілік |
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектері |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||
Алдыңғы оқу |
3-тоқсанда өткенді қайталау |
|||
Сабақтың жоспары |
||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен кәмпит әкелу. Оқушыларға себеттен кәмпит алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
|
Тапсырманы орындаған әр балаға кәмпиттер беріп отырамын. |
||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну
(Слайдтан
М. Шахановтың суретін көрсету). «Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді? |
Оқулық, мәтіндер. |
||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Бейнетаспадан Махамбеттің «Жұмыр – Қылыш» күйін тыңдатып, бұл күйдің кімнің туындысы екенін сұраймын. Содан кейін осы күйдің ақынның қуғынға ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезінде туғанын, бірде ақын келіп отырған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалып, сондай тығыз - таяң қиын шақта ағайынды Жұмыр, Қылыш деген жігіттер Махамбетті үйіне жасырып, аман алып қалғанын, жігіттердің осы қамқорлығына риза болған ақынның оларға арнап, осы күйін шығарғанын әңгімелеп беремін. Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды. Бүгінгі жаңа сабағымызда М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» дастанымен танысамыз. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» дастанын жазуға не себеп болды екен? Тарихымызда талай-талай ақын, әнші, сал- сері, батыр ірі-ірі тұлғалар өткен. Соның бірі Махамбеттей өр ақын. Қазіргі заманымыздың ірі тұлғасы М.Шахановты бұрыннан Арал проблемасын көтеруші, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, мемлекеттік тілді қызғыштай қорып жүрген кісі ретінде , сан мыңдаған ғасыр бұрынғы тарихымызды бізге жеткізе білген ақын ретінде танимыз. Ендеше қара қылды қақ жаратын Мұхтардай ағамыздың қайсар батыр, өр ақын Махамбет туралы дастан жазуы Махамбетті аңсау, сағыну, жоқтау деп түсінейік. «Нарынқұм зауалы» шығармасының мазмұнымен толық танысу.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
||
Сергіту сәті 2 минут |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез
Топтық
жұмыс: |
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
|
||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс кемесі |
||
Бағалау |
Қалыптастырушы бағалау (Екі жұлдыз бір тілек) |
|
||
Үйге тапсырма беру |
Мазмұндау 140- 141 беттер |
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген