жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. «Сібір шамшырағында»
Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқыз
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№ 72 жалпы білім беретін мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
|
Бөлім: |
« «Қазақтың Қанышы» |
|
Сабақтың тақырыбы |
М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. «Сібір шамшырағында» |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау |
|
Сабақтың мақсаты |
М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап және даралап талдау |
|
Бағалау критерийі |
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасайды |
|
Тілдік мақсаттар
|
Сөздер мен сөз тіркестер: кексе, сарікідір тартқан, ескі тарих, шешендiк Пән лексикасы және терминология: образ, кейіпкерлер жүйесі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... |
|
адамгершілік |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, |
|
Ресурстар |
10-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы. М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті Бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 0-5 |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Ми шабуыл Қаныш Сәтбаев кім? «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе авторы Медеу Сәрсеке туралы қандай ақпарат білесіз? |
Мұғаліммен амандасады. Зейінін
сабаққа аударады. Сұрақтарға жауап береді ҚБ. «Бас бармақ» |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 6-10 11 -25 25-28 29-35 |
1 тапсырма «Дұрыс- Бұрыс» «Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықта.
Дескриптор Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықтайды Кестені толтырады. 2 –тапсырма «FILA толтыру» әдісі «Сібір шамшырағында» бөліміндегі негізгі кейіпкерлер кімдер? Үзінді негізін басшылыққа ала отырып, «FILA толтыру» әдісі арқылы Қ. Сәтбаевтың бейнесін ашыңдар Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзірлігін ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады. Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. Көңілінде қобалжу бар. Өйткені бұл кісінің одағай қылықтары жайында алуан қауесеттер естіген... Шынында солай болды. Үстінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты. – Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең- сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс... – Оны қайдан білдің? – Теңелу шарттарын тексеру арқылы... – Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бақпай, үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың!
F/ Дерек/ – шығармадан Қаныш тұлғасын ашатын деректер жинау; I /Пікір/– Қаныш туралы өзінің ой- пікірі; L /Сұрақ/– Қаныш тұлғасын ашатын сұрақтар; A /Іс-әрекет/– автордың Қаныштың бейнесін сипаттаудағы қолданған тәсілі.
Дескриптор шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды Қаныш тұлғасын ашады өзінің ой- пікірін білдіреді автордың Қаныштың бейнесін сипаттаудағы қолданған тәсілін анықтайды. 3 –тапсырма Кейіпкерлерді сәйкестендір
Дескриптор Шығарма идеясын ашудағы басқа да кейіпкерлердің рөлін анықтап, сәйкестендіреді. 4 –тапсырма (саралау тапсырмасы) «Сібір шамшырағында» бөліміндегі Қаныш бейнесін ашыңдар
Дескриптор Кейіпкердің қасиетін ашып көрсетеді. Оларға баға береді. Мақал -мәтелмен образын ашады |
Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықтайды
ҚБ. «Үш шапалақ»
«Сібір шамшырағында» бөліміндегі негізгі кейіпкерлер айтады. Үзіндіні оқиды. Қаныштың мінезін ашады. ҚБ «Жапондық бағалау» «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
Кейіпкерлерді сәйкестендіреді. ҚБ. «Бас бармақ»
Қаныштың қасиетін ашып көрсетеді. Оларға баға береді. Мақал -мәтелмен образын ашады ҚБ «Мадақтау сэндвичі».
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 36-40 |
Кері байланыс. Мен үшін маңызды болған екі нәрсе Мен үшін түсініксіз болған екі нәрсе Менің ұсынысым Үйге: «Ұлытау жотасында» бөлімін оқу |
Кері байланыс жазады |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген