400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман-эссесін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыпты оқыту барысында ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақ түрлері мен оқушылар әрекеттері нақты көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойлау деңгейі

Сұрақ үлгілері

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

Қаныш Сәтбаев кім? Роман-эссе дегеніміз не? Медеу Сәрсекенің қандай шығармалары бар?

Ақпаратты жадында сақтайды және іздейді, нақты фактілерді келтіреді, негізгі ұғымдарды есте сақтайды, анықтамаларды жаттайды.

Түсіну

Сен мұны өз сөзіңмен сипаттай аласың ба? Қаныштың өмір белестерін қалай түсіндіресің?

Сюжеттің құрамдас бөлшектерін талдайды, романды өз сөзімен мазмұндайды (интерпретация); Қаныштың балалық шағынан бастап өсу кезеңдерін схемамен көрсету (трансляция); үзіндіге қарап, оқиға әрі қарай қалай өрбитіндігін болжайды (жорамалдау).

Қолдану

Роман-эссе бөлімдерін сахналап көрсе қалай болады? Тірек сөздерді қалай қолдануға болады?

«Қашаған құлын мен қасқыр», «Сібір шамшырағында» бөлімдерін сахналайды. Тірек сөздерді пайдаланып, «Қаныш арманы» деген тақырыпта шағын шығарма жазады.

Талдау

Шығармада бас кейіпкердің қандай қырлары көрініс тапқан?

Қаныш Сәтбаевтың романда көрінетін қырларын теріп жазып, талдайды (әдебиетші, математик, геолог, ғалым, басшы...).

Жинақтау

Жаңа мазмұн құрастыру үшін үзіндіні қалай жалғастырасың? Эссе жазу барысында мәселелерді дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады?

Оқиға желісін өз көзқарасы тұрғысынан дамытып жазады. Шығармада көтерілген мәселе бойынша эссе жазады.

Бағалау

Қаныштың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқай алдың? Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалар туралы шығармаларды оқып-білу қаншалықты маңызды?

Романнан Қаныштың мінез ерекшелігін білдіретін тұстарын теріп жазып, баға береді. Көркемдік құндылығына баға береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
01.01.2024
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі