Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мад тобы сәуір айына циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына сәуір айына циклограмма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Сәуір айы 2024 жыл 1 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

01.04.2024

Сейсенбі

02.04.2024

Сәрсенбі

03.04.2024

Бейсенбі

04.04.2024

Жұма

05.04.2024

Балаларды қабылдау

Балаларды денсаулығын бақылау, оларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Жайлы жағдай жасап, баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау (Сөйлеуді дамыту– коммуникативтік, танымдық әрекет)

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,

кеңес, әңгімелесу

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Сәуір айында болатын тәрбие шаралары туралы ақпарат беру.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды, үстел үсті ойындары,

бейнелеу іс- әрекеті,

кітаптарды қарау және басқалар)

Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға баулу

(танымдық, еңбек іс-әрекеттері)

Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.Балалармен жеке жұмыс жасау.

Кітаптарды қарату, назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару. (Қарым-қатынас іс-әрекеті)


«Автобус аялдамасы», «Тройллебус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

(танымдық іс-әрекеттер)


Дидактикалық ойындар

Өнер орталығында сурет салғызу, суретті кітапшаларды бояуда түстерді өз қалауы бойынша таңдауын дамыту

(бейнелеу іс-әрекеті) Шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары, логикалық ойындар.

(Қарым-қатынас іс-әрекеті және танымдық іс-әрекет)


Құрастыру материалдарымен, табиғи заттармен құрастыру ойындарын ойнауына мумкіндік беру

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

(танымдық, зерттеу іс-әрекеттері)

Таңдауы бойынша жануарлар бейнеленген ойындармен ойнауына жағдай жасау (пазлдар, роботехника құралдары, шашка, бестемше).


Табиғат бұрышында бөлме өсімдіктеріне күтім жасату

Балалармен жеке жұмыс.

(танымдық іс-әрекет)

Табиғат бұрышындағы еңбекті жетілдіру (бөлме өсімдіктеріне күтім жасау)

(танымдық іс-әрекет)



Ертеңгілік жаттығу

Сәуір айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүруді дамыту.

(Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін жетілідіру. Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.

Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын пысықтау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті) Асханада кезекшілердің міндеттерін орындау. Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу. (танымдық іс әрекет)

Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Шаттық шеңбері

Достарым көп бақшада (шеңберге тұру)

Көңілдіміз бақшада (қолдарын жайып)

Достықты біз сүйеміз (бір-біріне қарап, жымию)

Бірге күліп жүреміз

Өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды үйрету. (Қарым-қатынас іс-әрекеті)

Балалардын бүгінгі көңіл күйімен бөлісуді ұйымдастырып, жаңалықтарды білуге ынталандыру.

Көктемде ағаштар қалай өзгереді? Өзгерістерді қалай байқай аламыз? Ағаштар туралы не біледі және не білгісі келеді сұрау және бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған іс әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б.

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

«Бақша ағаштары» Міндеттері: әңгімесін оқып беру. Не туралы екенін сұрау. Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеуді жетілдіру


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру;

Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру,

Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен

«жыланша» төрттағандап еңбектеу,

Лақтыру, қағып алу, домалату: допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу;

Қимылды ойын:

«Біз көңілді балалармыз»



Математика негіздері

Тапсырмалар

Міндеттері:Логикалық тапсырмаларды карточкалар арқылы орындату. Ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу.

Тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.


Қоршаған ортамен таныстыру

Ағаш қалай өседі. Міндеттері:тақырыбында видео көру. Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, Табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылату, талдау, салыстыру, ажырату қабылеттерін қалыптастыру.


Көркем әдебиет

«Асыл шөп»

Міндеттері:әңгімесін оқып беру. Сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру. Злиха мен Бәтиманың рөлін сомдауына мумукіндік беру


Музыка


Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеттері:Әр балаға берілген карточкадағы суреттегі бейнелеген затқа дыбыстық талдау жасату. Сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтату.

Дайын суреттердің сыртынан шетке шықпай бастыру, бояту дағдыларын жетілдіру


Сурет салу Мүсіндеу

Жапсыру,құрастыру

Ою өрнектер

Міндеттері:Қазақ ою-өрнектерінің түрлері «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл»туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Оюлардың суреттерін бояу


Біртекті заттардан сюжеттер құруды

өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуді үйрету. Жоғарыда аталған оюлардың шығу тегіне қарай заттар мүсіндеу



Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді

қиюды үйрету. Балалардың дербес әрекеті


Бау бақша құрастыру. Құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату дағдысын дамыту.


Сауат ашу негіздері

Менің есімім

Міндеттері:Өзінің есімін атау, оған дыбыстық талдау жасату: Сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтату.

дайын суреттерінің сыртынан шетке шықпай бастыру, бояту дағдыларын жетілдіру


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру;

Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру,

Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен

«жыланша» төрттағандап еңбектеу,

Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру,

Қимылды ойын: «Тышқан ұстаушы»

Спорттық ойын элементтері:

Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.


Қазақ тілі

Айтыс

Міндеттері:Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу. Айтыс тыңдату, ол не туралы екенін түсіндіру.


Математика негіздері

Карточкалармен жұмысМіндеттері:Карточкаларда берілген тапсырмаларды орындату. Шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.

Нүктелерді, өрнектерді салуға үйрету.


Сөйлеуді дамыту

«Тәртіпсіз лақ»

Міндеттері: әңгімесін оқып беру. Төлтайдың орнында болған не істер едіңдер деген сұраққа әңгілесу. Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдануды: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеуді пысықтау.


Музыка


Сауат ашу негіздері

«Тәртіпсіз лақ»

Міндеттері:әңгімесіндегі сөздерге дыбыстық талдау жасату: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтату.

Дайын суреттерінің сыртынан шетке шықпай бастыру, бояту дағдыларын жетілдіру

Қоршаған ортамен таныстыру

Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу

Міндеттері: өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауды үйрету (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).

Сурет бойынша балалардың әңгімесін тыңдау


Көркем әдебиет

Саханалау.

Міндеттері:Апта бойы айтылған әңгімелер бойынша белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Логикалық тапсырма

Міндеттері:Шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу. Командалық тапсырманы шешу. Логикалық тапсырмаларды топпен орындауын ұйымдастыру.

Нүктелерді, өрнектерді салуға

үйрету.


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру;

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2024
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12