жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МАД тобыныз наурыз ертеңгілігі
12
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі.
(Музыка ойнап, залға ұлдар келеді.)
1.: Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа
Күміс күлкі симай тұр залға мына
Аналардай бақытты жан бар ма екен
Қол жеткізген аңсаған арманына.
2.: Міне тағы да оралып көктем келді, тағы да өзінің мерекесін ала келді!.
Ерекше,көңілді әрі мейірімге толы мереке
3.: Бүгінгі күннің ерекше, әрі қуанышты болатын
себебі, бүгін - біздің ең сүйікті, ең әдемі, ең мейірбан, ең жанашыр,
ең қамқор асыл аналарымыз бен дана әжелеріміздің, аяулы апайлар
мен құрбы қыздардың мерекесі.
3.: Ой, жігіттер міне
керемет! Залда қонақтар өте көп
Күн жарқырап,ән төгілелі, барлығы ән салып күлімдейді!
Әдемі әтірдің хош иісі шығады!
Сұлулықтан жаралған бұл қандай қонақтар болды
екен?
Барлығы
бірге: Бұл біздің сүйікті аналарымыз
ғой!
4.: Біздің қонақтарымыздың барлығы жиналды… Жігіттер,ал
сендер қыздарды көрмедіңдер
ме?
5.: Сен қызықсың, бүгін қыздардың мерекесі емес пе? Айнаға қарап, жасанып, жайнап дегендей...
6.: Кешіккендеріне он минут болды.Қыздаааар,қайдасыңдар?
Қыздар әуенмен кіреді :
Ал,біз мындамыз.
7.Қарсы алыңыздар! Ең әдемі,ең сүйкімді біздің қыздарымыз!
8-бала: Қыздардың бойлары бізден кіші болсада,олар бізден қалысар емес.
Кейде біз қыздарды жылатып,шаштарынан тартып,ренжітіп жатамыз,
9-бала: Ренжіткен кездеріміз үшін сендерден кешірім сұраймыз !
Бізді сөкпеңдер…
Барлық ұлдар бірге: Біз бәрібір сендерді жақсы көреміз!
Аделя: Біздің топ жігіттері нағыз жігіт
Халайық алайықшы үлгі етіп.
Ал, қане, аналарға ән арнайық
Көңілдерін көтеріп шаттанайық!.
« Көктем» әні
Аналарға арналған тақпақтар
«Ана-әже» әні
Балалар отырады
Бала :
Мерекеге арнап,
Өзіміз гүл өсірдік
Бірге күтіп баптап,
Бірге су да құйдық
Жүргізуші:
Ал ,бүгін таңда біздің гүліміз өзінің күлтелерін ашты!.( Пердені ашады)
Қандай әдемі ғажайып сиқырлы гүл!
Гүлдің күлтелері әр түрлі болып,құлпырып тұр!
(гүл жанады)
Бұл жеті түсті сиқырлы гүл,оның әр күлтесінде ғажайып сиқыр бар,олар армандарды орындайды!
Балалар , тамаша сиқырды көрейік!
Армандарымыз орындалсын!
«1,2,3,4,5. Қызыл күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
(әуенмен Ханшайым кіреді)
Ханшайым құттықтау тақпақ айтады
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекемен құттықтап аналарды,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
«Қазақ биі»
Жүргізуші:
«1,2,3,4,5. Жасыл күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
(әуенмен Ковбой кіреді)
Ковбой –ұл бала құттықтап тақпақ айтады
Би : «Ковбойлар»
Жүргізуші:
«1,2,3,4,5. Сары күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
(әуенмен мульфильм Ханшайымдары кіреді)
Ағылшын тілінде тақпақтар
Ағылшын тілінде ән
Жүргізуші:
«1,2,3,4,5. Сары –қызыл күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
(әуенмен Күлше -Ханшайым кіреді)
Күлше –Ханшайым тақпақ айтады
Ару, ана – өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Қуыршақтар келді міне шашу шашып
Би : « Қуыршақтар мен гусарлар»
Жүргізуші:
«1,2,3,4,5. Күлгін күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
Міне керемет! Сүйікті біздің әжелер! Мына күлтенің сиқыры сіздерге арналады.
Әже туралы тақпақтар
«Әже әні» орындалады
Жүргізуші:
«1,2,3,4,5. Көк күлте маған көмектес» (деп бұйырады)
«Мен ардақты да аяулы ,ең сұлу да сымбатты аналарымыз туралы орыс тілінде ән тыңдағым келеді!»
(әуенмен Забава кіреді)
Забава мен бірге орыс тілінде тақпақ айтатын балдар ортаға шығады
Орыс тілінде тақпақтар
Орыс тілінде ән : « Мама, будь со мной всегда ты рядом»
Жүргізуші :
«Ана» – ең нәзік сөз,
Кез келгенді тебірентеді.
Бұл жөнінде балалар,
Қойылым да шығарар.
«Аналар» қойылымы
Әртүрлі жануарлардың бас киімін киген қыздар шығады, сәкіге отырады. Қыздардың қолында бейнесіне сай ойыншық жануарлар.
Жүргізуші.
Аулада әңгімелесіп отыр аналарымыз: Тәрбие мен балалар туралы екен, қараңыз…
Тауық.
Ко-ко-ко, ко-ко-ко, Бәрін-бәрін бүлдіреді.
Бала өсірген оңай емес қой.
Балапаным менің, балапаным
Тілазар балаға айналды:
Шуылдайды, төбелеседі,
Мысық.
Менің Ұлпабасым бұзақы, Ох, әкесінен жейді таяқты!
Үйдегінің бәрін бұзады –
Қарашы, мұрны қанапты,
Үйрек.
Кря-кря-кря, кря-кря-кря.
Сендерге айтайын, құрбыларым:
Менің ұлым, балапаным
Кішкентай ғана бұзығым,
Құрбақамен достасыпты,
Түрі жаман құрғырдың.
Ит.
Қойыңдаршы, менің ұлым Ит хорын шырқайды!
Жақсы оқиды сабағын:
Ешкімді итермейді,
Алысқа қашпайды,
Ешқашан дауласпайды,
Ешкі.
Мен өзімнің ұлыма
Әліппе сатып алдым,
Екі апта бойы оған,
Әріптерді үйреттім.
Мақтанышпен айта алам,
«Б» әрпін ол жаттап алған.
Сиыр.
Ал менің Бұзауым, Шыбындарды санау біледі.
Қыдырғанды ұнатады,
Әріптерді танығысы келмейді,
Жүргізуші.
Көршілердің барлығы,
Аулаға жиналыпты,
Талқылауға балаларын.
Бәрі.
Ох, ана болу оңай емес!
Құттықтаймыз мерекеңмен,
Шашу шашып әсем әуенмен.
Оркестр
Жүргізуші : Кезекті ойынға берейік ,
Ойын :
Жүргізуші : Гүлдің соңғы күлтесінен тілек тілеп аналарымызға арнап тағыда тақпақтарымыз бен әнімізді арнайық.
Тақпақтар
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің сыйға берген мына өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
«Менің анам –сенің анаң» әні
Флешмоб
Тәрбиеші:Дүниедегі жақсы нәрсенің бәрі де ананың ақ сүтінен жаралған.
Күннің шуағы, ананың құшағы жылы.
Халқымызға билік айтар даналар
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі ана үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар!
Балаға ең жақыны, сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,
Теңесе алар бір ақ нәрсе Отан ғана!
Осымен « » тобының дайындаған « Сиқырлы жеті түсті гүл»
атты ертеңгілігі аяқталды. Балаларыңыздың бал тіліне тоймай жүре беріңіздер. Балаларыңыз аман болсын!
Көрініс: Әже мен немересі
Қарт (Інжу): Үйдің алтын қазығы кім, балам?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген