"Мәдени- көпшілік іс- шаралар жоспары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәдени- көпшілік іс- шаралар жоспары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарында өткізілетін мәдени- көпшілік іс- шаралар жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



194 от 30.07.2024

«БЕКІТЕМІН»

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі директоры_________Г.Құдайбергенова

«___» қыркүйек, 2024 жыл












Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылы


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің міндетін атқарушы бұйрығының

2-қосымшасына сәйкес


















Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК



2024-2025 оқу жылына арналған

Мәдени- көпшілік іс-шаралар

жоспары











Қызылорда, 2024 жыл





«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегі тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұны:


Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық,

ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.


Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

  • Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

  • Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

  • Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

  • Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

  • Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

  • Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

  • Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

  • Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

  • Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

  • Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

  • Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

  • Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.




Бағдарлама мазмұны:


Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамытуда білім беру мазмұны, үйірме сағаттары мен мәдени- көпшілік і іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы

тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта

сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:

Күнделікті:

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық,

тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке

әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи

ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды

қалыптастыру.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.


Апта сайын:

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының

Әнұранын орындайды.




Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін

мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық

стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке

қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы үйірме сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме

өткізу.

Апта сайын үйірме сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты

өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Үйірме сағаттарының мазмұнына келесі алдын

алу шаралары біріктіріледі:

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;

Буллингтен қорған!

Ойынға салауатты көзқарас;

Өмірге салауатты қадам;

Қоғамдық мүлікті қорға!

Қауіпсіз қоғам

Жыл сайын:


«ДосболLIKE» – буллингтің/әлімжеттіктің алдын алу және тиімді әрекет ету үшін жағдай жасау бойынша акциялар

ө өткізу.

«Әншуақ» – білім алушылар арасында қазақ тіліндегі әндерді насихаттауға бағытталған балалар әндері фестивалін

ө өткізу.

«Ақындар айтысы» Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындар- дың сайыстарын өткізу.

«Күй күмбірі» домбырашылар челленджі – Наурыз мерекесі аясында күйлер орындау (таңдау бойынша)



2024-2025 оқу жылындағы атаулы күнд


2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының ЖОСПАРЫ

І. Білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының идеясы:

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштаған ұғымы

Принципі: «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»

Жоспарды әзірлеу үшін  негіз:

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы мынадай құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

  1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады (№194, 30.07.2024 ж)

  2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылған (2024 жылғы 10 маусымдағы №2 хаттама) «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат;

  3. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  5. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 2011 жылғы 26 желтоқсан;

  6. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

  8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
















ІІ.Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Негізгі құндылықтар:

  1. Тәуелсіздік және Отаншылдық 2. Бірлік және Ынтымақ

3. Әділдік және Жауапкершілік 4. Заң және Тәртіп

5. Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік 6. Жасампаздық және Жаңашылдық

1.Ұйымдастыру жұмыстары:

  • Оқу жылына арналған біртұтас тәрбие жоспарын дайындап, бекіту;

  • Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысқа қатысып сөз сөйлеу, материал дайындау;

  • Мерзімді басылымдарға ұжым мүшелерін толықтай жазып отыру;

  • Даталы күндерге байланысты мәдени шаралар ұйымдастырып өткізіп отыру.

2.Үйірме педагогтарымен және ата- аналарымен жұмыс:

3. Қоғамдық үйымдар (үкіметтік емес ұйымдар, т.б)

- үйірме сабақтарына, тәрбие сағаты, ашық сабақтарға қатысу;

- үйірме педагогтарымен, жас мамандармен жұмыс жасау;

- мәдени шараларға ата- аналарды шақырып қатыстырып отыру;

- ата- аналармен жұмыс жасау, үйірме таңдауға көмек көрсету, жеке сөйлесу;

- педагог мамандармен жеке жұмыс жасау;

- жас мамандарға арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырып өткізу.

  1. Оқушылармен жұмыс

  • Балалармен сөйлесіп, жұмыс жасап отыру;

  • Үйірмелерде балалар қызығатын іс- шаралар ұйымдастыру;

  • Балаларға қызықты болу үшін үйірме педагогтарына түрлі бағыттағы тапсырмалар беріп, қызықтырып отыру.









Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде

    1. оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндер


    • Түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл (1029-1101)

    • Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының туғанына 840 жыл (1184-1227)

    • Жошы ұлысына 800 жыл (1224)

    • Қазақ ханы Қасым ханның туғанына 580 жыл (1445-1521)

    • Тарихшы, философ Мұхаммед Хайдар Дулати туғанына 525 жыл (1499-1561)

    • Ақын, қолбасшы Махамбет Өтемісовтың туғанына 220 жыл (1804-1846

    • Ғалым, мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туғанына135 жыл (1889-1938)

    • Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына100 жыл (1924-1988)

    • Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына130 жыл (1894-1943)

    • Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (1995)

    • Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020)

    • Тарихшы–этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл (21.09.1924–08.08.1998)

    • Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (13.10.1924–1992).

    • Қазақ тіл білімі–түркітанушы Абдуали Қайдаровтың туғанына 100 жыл

    • Ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына130 жыл (1894–1938)

    • Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл (10.09.1894–1939)

    • Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл (15.10.1894–25.02.1938)

    • Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл (15.11.1894–26.02.1938)

    • Әдебиеттанушы Телжан Шонановтың туғанына 130 жыл (1894–1938)

    • Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл (15.02.1915–6.05.1966)

    • Ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл (20.03.1935).

    • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 80 жыл (1.05.1945–2014).











Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні


Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспарын жасап, бекіттіру


Жылдық тәрбие жоспарын дайындау


МКМ

Г.Н.Қапанова

ІІ апта

Үйірмелерде техникалық

қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Жол тәртібін білейік»

Үйірме оқушыларына үйірмелерде техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерін үйрету, жолда жүру ережелерін таныстыру, үйрету


Үйірме оқушылары,

Жол- патрульдік полиция қызметкері

Үйірме педагогтері

ІІІ апта

Отбасы күні және аналар мерекесі

Отан- отбасынан басталады

«Анамның аялы алақаны»

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілетін челлендждер

Үйірме оқушылары

МКМ

Г.Н.Қапанова


Үйірме педагогтері


ІҮ апта

«Еңбек- елдің мұраты»

«Еңбегі адал - жас өрен» жобасы

Еңбек адамдарының өмірінен презентациялар шеруі


Үйірме педагогтері,

үйірме оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері







Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 Қазан – Республика күні



Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

Халықаралық қарттар күні

Қарттар күніне арналған іс- шаралар, кездесу, концерт, т.б ұйымдастыру



Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІ апта

«Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік»

«Ұстаз ұлы тұлға»

«Шабыт» жобасы

Ұстаздар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастыру, Акциялар, челлендждер





Үйірме оқушылары



Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Кітапханашы- мерейлі мамандық»

13 балалар кітапханасымен бірлескен шара

«Балалар кітапханасы» жобасы

Кітапханашылар күніне арналған жалпы іс-шара

Үйірме оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІҮ апта

«Республикам- мақтанышым»

«Әнұран айту» челленджі

«Шабыт» жобасы

Білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру мақсатында «Әнұран айту» челленджі өткізіледі.


Үйірме педагогтері,

жас мамандар

Әдіскер,

үйірме педагогтері




Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні


Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

Баспасөз 2024 жылдың

І жартыжылдығы

Ұжым мүшелерінің мерзімді баспасөз беттеріне жазылуын қамтамасыз ету, үйірме педагогтерына қажетті басылымдарды насихаттау


Ұжым мүшелері

Әдіскер

ІІ апта

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

Төл теңгеміздің тарихын таныстыру

Үйірме оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта

Буллингтен қорған!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Smart bala» жобасы

Үйірме сағаты

Үйірме оқушылары,

педагогтер

Үйірме педагогтері

ІҮ апта

Жауапкершілік- сақтық жаршысы

Апталық акция ұымдастыру

«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту. Өз ісіне, сөзіне жауапкершілікке тәрбиелеу

Үйірме педагогтері мен оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері







Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы


5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні



Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

«Еріктілік тұлғалық дамуға құйылған инвестиция»

Қамқор жобасы

Білім алушыларды жақсылық жасауға шақыру, еріктілік қызметтің мәнін ашу


Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІ апта

«Жастар –елдің болашағы»

Жас мамандармен жоспарланған кездесулер ұйымдастыру, қорытынды іс- шаралар өткізу


Құрметі қонақтар,үйірме оқушылары, үйірме педаготері

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта


«Мен оқыған 10 кітап»

«Балалар кітапханасы» жобасы

Апталық акция

Білім алушылардың кітиап оқу құзыреттіліктерін дамыту

Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы»


Үйірме сағаты

Үйірме оқушылары мен педагогтері


ІҮ апта

«Төрлет, Жаңа жыл!»

Үйірме оқушыларына, ұжым қызметкерлерінің балаларына "Жаңа жылдық» мерекелік шара ұйымдастыру


Үйірме педагогтері

үйірме оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері










Қаңтар – заң және тәртіп айы

1 қаңтар- Жаңа жыл 01.01.2025 жыл

Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың коммуникативті қарым- қатынас дағдыларын дамыту, креативті және сыни ойлауын дамытуға арналған сайыстар


Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтары

ІІ апта

«Балалар әлеміндегі игі істер»

«Қамқор» жобасы

Апталық іс- шаралар, акция өткізу



Үйірме оқушылары, үйірме педаготері

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІ апта

«Заң және Тәртіп» құндылығы


Үйірме сағаты

Үйірме оқушылары, үйірме педаготері

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Қазақ есебі» челленджі

Профессор ҚР ҰҒА академигі Жұмадилдаев Асқар Серікұлының авторлық есептерін шығару



Үйірме оқушылары

«Жас математик» үйірмесі, «Математика» үйірмесі

Әдіскер,

Үйірме педагогтері


ІҮ апта

«АQYL BATTLE»

Интеллектуалдық сайысы

«Smart bala» жобасы

Үйірме оқушылары арасында интеллектуалдық сайыстар ұйымдастыру

Үйірме педагогтері,

үйірме оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері












Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні


Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

«Ынтымақтастықтың түбі – игілік»


Үйірме оқушыларына ынтымақтастық ұғымын тереңірек түсіндіру, үйірме оқушыларына бірлік, ынтымақ, ұйымшылдық жайында түсінік қалыптастыру


Үйірме оқушылары


Үйірме педагогтері

ІІ апта

«Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» іс- шарасы

«Балалар кітапханасы» жобасы

Ұнайтын кітаптарын ортаға салу, өздеріне ұнаған тұстарын әңгімелеу, бір- бірімен кітап алмасу (үйірмеаралық)


Үйірме оқушылары

Үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Кемелдену айы»

Кемелденудің ең қажетті жолы- кітап оқу. Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту «Кітап құрттары» акциясын өткізу

Үйірме оқушылары

Үйірме педагогтері

ІҮ апта

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Smart bala» жобасы

Интернеттегі, ашық дереккөздердегі ақпараттарды дұрыс сұрыптай алуға үйрету

Үйірме педагогтері, оқушылары


Әдіскерлер, Үйірме педагогтары







Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні



Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

1-наурыз Алғыс айту күні


Мерекелік іс- шара, дөңгелек үстел, сайыстар, үйірмеаралық байқаулар ұйымдастыру



Үйірме педагогтері,

үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІ апта

«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні»

«Ананың аялы алақаны»

Мерекеге орай іс- шара ұйымдастыру(мерекелік концерт, т.б)

Челлендж


Үйірме педагогтері,

үйірме

оқушылары


Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды»

«Күй күмбірі»

«Шабыт» жобасы


Наурыз мейрамын атап өту шаралары, кент көлемінде өткізілетін шараларға қатысу

Домбырашылар челленджі

Үйірме педагогтері,

үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІҮ апта

«Дүниежүзілік жер күні»
«Жер сағаты»

Экологиялық акция

Үйірме педагогтері,

үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері









Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні



Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

«Біз таңдаған кітаптар»

«Балалар кітапханасы» жобасы


Білім алушылардың кітап оқу құзыреттіліктерін дамыту


Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІІ апта

Дүниежүзілік денсаулық күні

Дені саудың – жаны сау

Денсаулық акциясы

Үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме

педагогтері

ІІІ апта

«Қанатты достарға қамқорлық»


Құстар күніне орай іс- шара ұйымдастыру

Үйірме педагогтері,

үйірме

оқушылары

Әдіскер,

үйірме педагогтері

ІҮ апта

«Ұлттық кітап күні»

«Білгеніңмен бөліс» жобасы

«Балалар кітапханасы» жобасы


Білім алушылардың кітап оқу құзыреттілігін дамыту

Үйірме педагогтері


Әдіскер,

үйірме педагогтері











Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Мерзімі

Жүргізілетін тәрбиелік

іс- шараның тақырыбы


Мазмұны

Қатысушылар

Жауапты

І апта

«1- мамыр- Халықтар достығы күні».

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!»


Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілетін іс- шара(үйірмеаралық, мектептермен)


Үйірме оқушылары мен педагогтары

Әдіскер,

үйірме

педагогтары

ІІ апта

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі

Фестиваль

Үйірме оқушылары

Әдіскер

Үйірме педагогтері

ІІІ апта

«Ұрпақ ұмытпайтын, тарих ұлықтайтын- Ұлы Жеңіс»

Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс- шаралар


Ардагерлер,

тыл ардагерлері, құрметті қонақтар,оқушылар

Әдіскер,

үйірме педагогтары

ІҮ апта

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет»

«Шабыт» жобасы

Үйірме оқушыларының есеп беруі, қорытынды концерт


Қонақтар, ата- аналар, үйірме оқушылары


Әдіскер,

үйірме педагогтары





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі