|
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжi» КМК |
|
КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления общественного здравоохранения города Алматы |
|
№1 «ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» ЦӘК ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР |
||
|
|
Сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Модуль / Пән |
"Қазақстан тарихы" (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Бөлім / кіші бөлім |
2. Этникалық және әлеуметтік процестер |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
2.1.2 тақырып. Мәдени –генетикалық код –ұлт негізі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқытушы |
_________Г.Б.Тлекметова |
күні: « »____2025 күні: « »____2025 күні: « »____2025 күні: « »____2025 |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мәліметтер |
Курс 1 группа МІ 24-7, МІ 24-8, МІ 24-10, МІ 24-11. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ түрі |
Жаңа білімді игеру |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаттары, міндеттері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-шаралар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (Түсіну кезеңі) |
«Ғажайып жетілік». Алдыңғы білімді жинақтау мақсатында өткен тақырыптарға шолу. Бинго шариктеріндегі нөмірленген сұрақтармен жұмыс. 1.Этностар құрылуының тәсілдерін ата? 2.Қола дәуіріндегі этникалық үдерістерді ата? 3.Темір дәуіріндегі өмір сүрген тайпаларды атаңыз? 4.Кейінгі темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар кімдер еді? 5.Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңіндегі тайпалардың шаруашылығы қандай болды? 6.Қазақ этногенезінің моңғолдық кезеңінде қандай өзгеріс болды? 7.Қазақ хандығы туралы не білесің? Оқушылар сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен танысады. |
Қазақстан тарихы, 10-сынып, З.А.Жандосова. https://youtu.be/kQ43gqRQy8k?si=ikgqfeYRg6ZMqH3L |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (Түсіну кезеңі) |
Мағынаны тану «Төңкерілген сынып» әдісі Топтар арасындағы жұмысты жандандыру мақсатында топтарға тапсырмалар ұйымдастырамын.
1.Тапсырма: Мәдени-генетикалық код», «Ұлттық нигилизм» ұғымының мәнін ашады, дайындаған материалдарын сыныпта қорғайды.
-Тәуелсіздік тобы- Мәдени генетикалық код -Мәңгілік Ел тобы-Ұлттық нигилизм
ЕББҚ студенттеріне арналған тапсырма: Мәдени генетикалық код, Ұлттық нигилизм анықтамасын мәтіннен тауып жазады.
2.Тапсырма: Талдау. Мәтіндік жұмыс: Бірнеше дереккөздерінен алынған мәліметтерді және өз білімін қолдана отырып талдайды.XXғасыр басындағы қазақтардың мәдени –генетикалық кодының бұзылуына не себеп болды: 3.Тапсырма: Деректермен жұмыс. Салыстырыңдар. (жұптық жұмыс) Жұпта оқушылар деректермен жұмыс жасап, Кеңестік кездегі мәдени генетикалық кодтың сақталуы мен кәзіргі күндегі мәдени генетикалық кодтың сақталуының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, «‘Бір жағынан’ ‘Басқа жағынан’» әдісі арқылы салыстырып талдайды.
|
https://youtu.be/QUayQPnH0Fc?si=tld1OOj5G1QjCU_l Қосымша 1 Қазақстан тарихы, 10-сынып, З.А.Жандосова 85-90бет Қосымша 2
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
«Сәйкестікті табу» стратегиясы. Берілген сілтемеге өтіп мәдени –генетикалық код –ұлт негізі ерекшеліктерін талдайды анықтайды. Мұғалімнің бақылау картасы
Рефлексия
«3,2,1» әдісі арқылы кері байланыс
V. Үй тапсырмасы:
2. «Ана тілдің қоғамдағы маңыздылығы» тақырыбында –эссе жазу |
https://quizlet.com/686176821/match?funnelUUID=d955997c-fdab-4924-a6df-24b83d5db4da
|
||||||||||||||||||||||||||||
Тексерілді:
ҒӘБ басшысымен келісілді ____________ Г.А. Амрина
ЦӘК төрайымы ____________ А.Н.Далибаева
Қосымша 1
Мәдени-генетикалық код дегеніміз не? Адамзат тарихын зерттеудегі өркениеттік тәсіл бойынша әрбір этнос, ұлт пен өркениеттің бірегей өзіндік мәдени ерекшеліктеріне үлкен аударуды қажет етеді. Бүл ерекшеліктер этноска тарихтың кез келген қиыншылықтарының алдында өзінің қайталанбас келбетін сактауға мүмкіндік беріп кана қоймай, оның өмір сүруіне де жауап береді. Ерекше мәдени белгілер жаңа ұрпақтарға тілдегі, мифология мен мәдени нышандардагы ақпарат түрінде беріледі. Ол бұл этносқа кіретін адамдардың рухани дүниесі мен өзіндік санасын
анықтайды. Өзіндік мәдениетті жоғалту күйреуге, бөтен мәдениетке араласып кетуге әкеледі.
Әрбір этностың мәдениетінде тек өздеріне ғана түсінікті және соларды ғана біріктіретін идеялар мен түсініктер, нышандар мен белгілер жүйесі болады. Этностың бүл ішкі әлемі этностың көзге көрінбейтін, «құпия» (яғни, бөгделер үшін жасырын) мәдени-генетикалық коды ретінде өмір сүреді.
«Генетикалык» үғымын сөзбе-сөз қан, ген, ДНҚ арқылы берілетін нәрсе деп түсінуге болады. Бұл ішінара солай да: біз ата-бабаларымыздың генетикалық жадын сақтаймыз. Қазакстан жерінде тұрғандар энеолит жылкышыларының, қола дәуіріндегі жауынгер арбакештердің, сақ садақшылары мен зергерлерінің, жартастағы сурет авторларының, ежелгі қорғандар мен кесенелер құрылысшыларының, руналық мәтіндер 85авторларының, отқа, Күнге, Тәңірге табынушылардың жэне алғашкы түркі мұсылмандарының, қолөнершілер мен егіншілердің, түркі және моңғол жауынгерлерінің, яғни Ұлы Даладағы барлық дәуірлердегі көшпелілердің генетикалық жадын сақтап жалғастырушылар болады. Бізде ата-бабаларымыздың қаны, олардың гендері бар. Ол әрбір қазақ білуге міндетті «жеті атаны» ғана емес, одан анағұрлым ертеректегіні де қамтиды. Жеті ұрпақ - бар-жоғы екі жүз жыл. Көшпелілер өркениетіне үш мың жылдай уақыт болды. Егер оның алдындағы Ботай мәдениетінен есептеуді бастасақ, онда бес мың жылдан асып, біздің генетикалық тамырларымыз тереңге кетеді.
Назар аударыңдар! Мәдени-генетикалық код -этнос (ұлт) мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар. Бұл биологиялық өзара байланыс (шығу тегі ортақ генетикалық жад), тарихи өзара байланыс (ортақ тарих жэне тарихи жад), әлеуметтік өзара байланыс (ортақ қағидалар, өнегелі құндылықтар мен дәстүрлер) болып табылады.
Дегенмен генетикалық деген үғым - метафора. Ұлттың генетикалық кодын этнос ішіндегі биологиялық туыстықтан ауқымдырақ түсінген жөн. Мұнда этностың мәні мен оның басқалардан айырмашылығын анықтайтын мәдени мұра туралы сөз болып отыр. Дала кеңістігіндегі бір-бірін алмастырған мәдениеттер толқыны өзінен бүрынғы мәдениетті жойып отырған жоқ, оны өзіне қабылдап отырды. Осылайша олар Қазақстан аумағында қазақ этносын қалыптастыруда генетикалық кана емес, мәдени қызмет те атқарады.
Мәдени-генетикалық код этникалык сана-сезім үшін маңызды түсініктерді қамтиды, этностың ерекше белгілерін көрсетеді және ұлттық мұратқа сәйкес келеді. Бүл түсініктердің ішінде жалпыадамзаттық, мәселен, адамгершілік қағидалары мен құндылықтары да бар. Сондай- ақ тіл, Отан, мифтік және эпикалық бейнелер, халықтык музыка сияқты өзіндік және тұрақты түсініктері де болады. Халыктың өз өткенін қалай көретіні, осы шақты қалай қабылдайтыны, болашақты қалай болжайтыны және дәл казіргі сәтте қандай мұратқа ұмтылатындығы туралы түсініктері бар.
Ұлттық нигилизм — ұлттық құндылықтарды, ерекшеліктерді, төлтума мәдениетті менсінбеу, жатсыну, жоққа шығару. Ұлттық нигилизм ассимиляцияға ұшыраған ұлттарға тән.
Қосымша 2
ХХ ғасыр жаңғырту , индустрияландыру және революциялық қайта құрулар ғасыры болды . Бірақ бұл жаңғырту технократиялық сипат алып , табиғатқа , Жерге және оның ресурстарына аяусыз қараумен , экологиялық тепе - теңдікті бұзумен қатар жүрді . Тарих пен прогреске « сызықтық » тұрғыдан қарауға сүйенген жаңғырту басқа мәдениеттер мен өркениеттерге Батыс өркениетінің тәжірибесі мен дүниетанымын енгізді . Сталиндік жаңғырту барысында миллиондаған қазақ қырылды . Нәтижесінде қазақ мәдениеті мен тілі жойылып кете жаздады . Ұрпақтар сабақтастығы үзіліп , мәдени генетикалық кодты жоғалту қатерін төндірді
Жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз құндылығын сақтау мәселесі өте маңызды. Себебі, қоғамда кейбір ұлттар ассимиляцияға ұшырап, өзінің мәдени құндылығын жоғалтып, тілінен айырылып жатқан жағдайлар көп кездесуде. Осы мәселені қазақ қоғамында да алдын алып, ертеңгі ел болашағы болар жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді сіңіру маңызды. Әр балаға отбасылық құндылықты, ұлттық құндылық пен руханилықты сіңіру арқылы ұлттық кодтың мәдени саласын жан-жақты қалыптастырып, сіңіреміз. Жеті атасын жетік біліп, шежіресін жан-жақты таратқан текті ұрпақ ұлтымыздың тарихының тереңіне үңілетіні анық. Қазақтың ұлан-ғайыр даласы жүзден астам ұлттың Отанына айналып, бүгінде бейбітшілікте бір тудың астында өмір сүруде. Қазақстанды Отаным деген әр ұлттың басын біріктіретін құндылық ол туған жерге, Отанға деген зор сүйіспеншілік болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық мәдениетке басымдық берілді . Қазақ этносы мен өркениетінің негізі ретінде мемлекеттік тілге және оған сүйенген мәдениетке ерекше көңіл бөлінді . Мәдени - генетикалық кодты қалпына келтіру және жаңадан толықтыру жүріп жатыр . Елде жаңа үлгідегі жаңғырту – этностың үздік дәстүрлерін сақтауға бағытталған, өткен тарих пен рухани мұраға сүйенетін жаңғырту басталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәдени –генетикалық код –ұлт негізі

шағым қалдыра аласыз