Материалдар / "Маған не ұнайды? Буын" атты сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Маған не ұнайды? Буын" атты сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
211
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




«Бекітемін»: _________

колледждің әдіскері:

Оспанова. Д.Т

«Келісемін»: _________

Сынып жетекшісі:

Абжекенова.Г.М


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Маған не ұнайды? Буын»



Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі

Сынып: 1

Мерзімі: 24.09.2020

Тобы: 310

Машықкер: Құмарова Қаламқас Арманқызы

Баға: «__»___________




Семей, 2020 жыл

Тақырыбы:

Маған не ұнайды? Буын

Күні, айы: 24.09.2020

Машықкердің аты-жөні: Құмарова.Қ.А

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

Сабақ нәтижесі:

Барлық оқушылар:

Суреттегі заттарды атайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Заттарды атайды, буынға бөледі.

Кейбір оқушылар:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, сұрақтар арқылы талқылайды.

Бағалау критерийі

Оқиғанды ретімен әңгімелейді. Сөздерді буынға бөледі және буын санын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Диалог жазуға арналған сөз тіркестері:

Суретте қандай затты көріп тұрмыз?

Достарымыздың атын атайық?

Заттардың алғашқы әріптерінен қандай сөз шықты?


Ресурстар

Оқулық, суреттер.

Әдіс-тәсілдер

«Шеңбердегі әңгіме" әдісі, «Түйінді сөз», көрнекілік, Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

  • амандасу;

  • түгендеу;

  • танысу: Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс машықкері Құмарова Қаламқас Арманқызы. Бүгінгі сауат ашу сабағын мен жүргізетін боламын. Олай болса бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық!

  • психологиялық даярлық: «Күн жылуы». Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, менің артымнан көрсеткен іс-қимылдарды қайталаймыз.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Бола кетер сонда дереу жан-жағым!

  • Жақсы балалар, орындарына жайғасыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру: « Миға шабуыл» әдісі арқылы.

  1. Суреттегі заттарды буынға бөл.

  2. Кел, балалар, оқылық! Кімнің өлеңі?








Сабақтың ортасы







10 минут




















5 минут












10 минут








Жаңа тақырыпты түсіндіру.


«Буын» тақырыбында бейне жазба көру.


1 тапсырма: «Шеңбердегі әңгіме» әдісі.

Суретке қарап, сұрақтарға жауап беріп көр?

Бала кімді шақырды?

Ол «ата" сөзін қалай айтты?

Дискриптор:

1)Сурет бойынша әңгімелейді

2) Сөзді буынға бөліп айтады.

Бағалау: «От шашу"


2 тапсырма: Жеке жұмыс. «Түйінді сөз»

(Берілген тапсырма бойынша оқушылар жауап іздейді, жауап береді)

Досыңның аты кім?

Оның есімін буынға бөліп айтып көр

Дискриптор:

1)Достарының атын атайды

2)Сөздерді буынға бөледі

3) Буын санын санайды.

Бағалау: «Бағдаршам түстерімен»


3 тапсырма: Жұптық жұмыс

Суретте көрсетілгендерді буынға бөліп айт.


(Көгершін) (Жұлдыз)


(Хат) (Бала)



Дискриптор:

1)Берілген суреттегі сөздерді буынға бөліп айта алады.

Бағалау: «Бесбармақ" әдісі.



https://youtu.be/7DZTrd8PKv0




















Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

- Балалар бүгінгі сабақ қызықты өтті ме?

- Не түсіндіңдер?

- Не түсінбедіңдер?

Рефлексия: «Бағдаршам»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!