400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маған өмір сыйлаған

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған мерекелік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маған өмір сыйлаған...



Нұртас: -Қайырлы күн құрметті де аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар және ардақты ұстаздар!

Әсет:-Бүгінгі көктемнің көңілді күні, бүгінгі тамаша мерекелік кеш- сіздердің құрметтеріңізге , яғни 8 наурыз мерекесіне , көктем мерекесі-Аналар мерекесіне арналады !

Нұртас: Жер әлемді жайнатып

Әнші құстарды сайратып

Гүлге бөлеп даланы

Әнге бөлеп қаланы

Көрікті көктем келді!

Әсет : Көктем мерекесі, аналар мерекесі құтты болсын! Барша аналардың құрметіне музыкалық сәлем.Қабыл алыңыздар!

« Мама» әнімен Айзияны қабыл алыңыздар

Нұртас: Керемет! Ғажап мезгіл ғой көктем деген!

Әсет , мен аналарға арнап 1шумақ өлең оқығым келіп тұр.

Әсет : Нұртас неге бір шумақ? Аналар туралы өлең, поэма,толғау, ән жазбаған ақын , жазушы бар ма екен?

Нұртас : -Дұрыс айтасың Әсет. Аналарға арналған ән де, өлең де, күй де көп.Қазір аналарға арнап өлең оқығысы келіп тұрған сыныптастарымыз бар екен. Шақырайық ортамызға!

Әсет : Той тойлап қала менен далаларың

Мерекең құтты болсын аналарым

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін

Құттықтап келіп қалды балаларың

(музыка ойнап тұрады)

(Әсия, Айша, Заңғар, Ясмин өлеңдерін оқиды)

Нұртас : Әркімнің де өмірден аласы бар

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекесін құттықтап аналардың

Ән жолдайтын , ананың баласы бар

-Құрметті аналар , сіздер үшін «Анашым құдіретіңе табынамын» әні шырқалады, қабыл алыңыздар!

(Аманали, Ислам,Санжар,Димаш)

Әсет : Аналардың көңілдерін көтеру, қуаныш сыйлау, билеу қандай керемет көрініс!

Нұртас: -Әсет, ал қыздардың билегені одан да керемет сияқты?

Әсет: Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Бишілер өнерлерін көрсетуде

Құлпырған қызғалдақтай жер бетінде

Би «Қызғалдақтар»

Нұртас: Өнерлерің өрге жүзсін қыздар! Әсет, ән айтылып, би биленіп жатыр, өлең де оқылды.Күй қайда? Қазағымның қара домбырасы қайда?

Әсет : «Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ- домбыра» дегендей ортамызға « Еркесылқым» күйімен Нұрлыжанды шақырамыз!

Нұртас: -Әсет сен анаңды қалай атайсың?

Әсет : мама деймін, барлық бала мама дейді ғой,

Нұртас: -Жоооқ мен анашым деп атаймын. Себебі ана деген таза қазақи, нағыз қазақша атау деп ойлаймын.

Әсет : Нұртас, ал анашың сені қалай еркелетеді?

Нұртас : Жаным, жарығым, құлыным деген жылы сөздерімен еркелетеді. Сол кейде көп еркелеп кететін кездеріміз болады.

Әсет : Дұрыс айтасың , мына көріністі көрейікші.

Көрініс «Анаға хат»

Нұртас :- Сахнада «Аққұс» әнімен Жасмин, Гауһар және Саида.

Нұртас: -Біздің балалардың барлығы өнерлі.Әсет, біздің балалар ана туралы өлең жолдарын өзге тілде де айтып жеткізе алады. Білесің ғой!

Әсет: Әрине.Келіңіздер ортаға.

(Нұрғали, Парахат,Әділхан, Риза, Іңкәр, Есет)

Әсет : Встречайте 2 «а» класса с песней Мама

Песня Мама 2 а сыныбы

Флешмоб

Әсет: Аналардың-анасы, даналардың-данасы, немеренің- панасы Әжелер бар ортада.

Нұртас: Әже деген көп шығар

Айналайын дегені

Әжемдей жан жоқ шығар

Жанға рахат береді

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Барған сайын қонаққа

Тәттілер әкеп береді.

-Әжелеріміздің құрметіне әдемі ән,қабыл алыңыздар!

Ақтілек анасы Мадинамен

«Ата- әже» әні

Әсет: Мейіріміңнен айналайын анажаным

Деп жырлайды бүгінгі менің әнім

Таусылғанша күш қуатым, бойдан әлім

Анашым ,сүйенішім, жұбанышым

Өмірдегі басты менің қуанышым

Сенсіз мен бұл өмірге сияр ма едім

Шарласам да кең әлемнің тау мен тасын.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі