Өткізілген дәрістің өзіндік талдау кестесі
1.Дәріске дайындалу барысында кездескен қиындықтар
Дәріс жүргізу барысында қобалжу мен сенімсіздік сезімі бойымды билеп алғандай болды. Бірнеше топтардан құралған аудиторияларда дәріс жүргізу мен үшін алғашында қиындық туғызды. Себебі студенттер алдында өзімді еркін ұстау және нық сөйлеу мен үшін қиын болды.
2.Дәріс барысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себептері
Менің жетістігім студенттермен еркін қарым-қатынас жасай білу және олармен достасып кету болды деп айта аламын. Студенттерді тыңдата білу, олармен ынтымақтастықта жұмыс жасау мен үшін үлкен жетістік болды. Себебі алғашқы күндері студенттерден жасқану, ұялу сезімдерін байқағандықтан уақыт өте келе олардың маған ашыла білуі мен үшін қуанышты жағдай.
3.Дәрісті жүргізудің сапасын көтеру туралы ұсыныстар
Дәріс жүргізу барысында тек студенттерге жазу жазғызу ғана емес, сонымен қоса АКТ элементтерін қолдану, презентациялар дайындау ұтымды болды. Студенттерді жалықтыратын дәріс жүргізу емес, керісінше олармен бірге жұмыстана отырып жүргізілетін әдістерді қолдану қажет деп есептеймін.
4.ЖОО оқытушысы ретінде көрініс берген сапалы ұсыныстар
Дәріс сабақтарда студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыратын әдіс-тәсілдер қолдану. Студенттермен әрқашан кері байланыс жасап, олардың ой-пікірі мен ұсыныстарын есепке алып отыру.
5.Кәсіби шеберлігімнің өсуі: бұрын болған қандай кемшіліктерден айырылдым; қандай білімдер мен икемділіктерді үйрендім, қателерімді қайталадым ба? Педагогикалық сараман барысында жүргізілген дәріс және семинар сабақтары арқылы көпшілік алдында сөйлеуге жасқану сезімінен арылдым. Көпшілікпен жұмыс жасай білуге, сабақ кезеңдерін ұйымдастыруға деген қабілеттерім арта түсті.
6.Жекелік-кәсіби өсу жолдарын көрсетіңіз
Тұлғаның өсуі, өзін-өзі әрі қарай дамытуы өзін-өзі танудан басталады деп ойлаймын. Алдымен тұлға өзіне не керектігін, не қалайтындығын және алдына қандай мақсат қоятындығын анықтап алуы керек. Содан кейін ғана ол алға қарай нық әрі сенімді қадам баса алады. Ал тұлғаның басқан әрбір қадамы мақсатының орындалуына қарай жетелейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ

Орындаған: Мухамбетжанова Жаңылсын Тұрарбекқызы
II курс магистранты
Сараман жетекшісі: Хасанова Инкар Утебаевна
Орал, 2025
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мағжан Жұмабаев -Халық ұстазы
Мағжан Жұмабаев -Халық ұстазы
Өткізілген дәрістің өзіндік талдау кестесі
1.Дәріске дайындалу барысында кездескен қиындықтар
Дәріс жүргізу барысында қобалжу мен сенімсіздік сезімі бойымды билеп алғандай болды. Бірнеше топтардан құралған аудиторияларда дәріс жүргізу мен үшін алғашында қиындық туғызды. Себебі студенттер алдында өзімді еркін ұстау және нық сөйлеу мен үшін қиын болды.
2.Дәріс барысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себептері
Менің жетістігім студенттермен еркін қарым-қатынас жасай білу және олармен достасып кету болды деп айта аламын. Студенттерді тыңдата білу, олармен ынтымақтастықта жұмыс жасау мен үшін үлкен жетістік болды. Себебі алғашқы күндері студенттерден жасқану, ұялу сезімдерін байқағандықтан уақыт өте келе олардың маған ашыла білуі мен үшін қуанышты жағдай.
3.Дәрісті жүргізудің сапасын көтеру туралы ұсыныстар
Дәріс жүргізу барысында тек студенттерге жазу жазғызу ғана емес, сонымен қоса АКТ элементтерін қолдану, презентациялар дайындау ұтымды болды. Студенттерді жалықтыратын дәріс жүргізу емес, керісінше олармен бірге жұмыстана отырып жүргізілетін әдістерді қолдану қажет деп есептеймін.
4.ЖОО оқытушысы ретінде көрініс берген сапалы ұсыныстар
Дәріс сабақтарда студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыратын әдіс-тәсілдер қолдану. Студенттермен әрқашан кері байланыс жасап, олардың ой-пікірі мен ұсыныстарын есепке алып отыру.
5.Кәсіби шеберлігімнің өсуі: бұрын болған қандай кемшіліктерден айырылдым; қандай білімдер мен икемділіктерді үйрендім, қателерімді қайталадым ба? Педагогикалық сараман барысында жүргізілген дәріс және семинар сабақтары арқылы көпшілік алдында сөйлеуге жасқану сезімінен арылдым. Көпшілікпен жұмыс жасай білуге, сабақ кезеңдерін ұйымдастыруға деген қабілеттерім арта түсті.
6.Жекелік-кәсіби өсу жолдарын көрсетіңіз
Тұлғаның өсуі, өзін-өзі әрі қарай дамытуы өзін-өзі танудан басталады деп ойлаймын. Алдымен тұлға өзіне не керектігін, не қалайтындығын және алдына қандай мақсат қоятындығын анықтап алуы керек. Содан кейін ғана ол алға қарай нық әрі сенімді қадам баса алады. Ал тұлғаның басқан әрбір қадамы мақсатының орындалуына қарай жетелейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ
Өткізілген дәрістің өзіндік талдау кестесі
Орындаған: Мухамбетжанова Жаңылсын Тұрарбекқызы
II курс магистранты
Сараман жетекшісі: Хасанова Инкар Утебаевна
Орал, 2025
шағым қалдыра аласыз