Мағжан Жұмабаев «АЛАШТЫҢ АРДА АҚЫНЫ» әдеби кеші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаев «АЛАШТЫҢ АРДА АҚЫНЫ» әдеби кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы






Мағжан Жұмабаевтың

130 жылдығына орай ұйымдастырылған

«АЛАШТЫҢ АРДА АҚЫНЫ»

әдеби кеші
















Мақсаты:

Мағжанның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, өлең-жырларын, оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларын, оның ақындық шеберлігі мен қазақ әдебиетіндегі орнын таныту



«Мен жастарға сенемін» бейнебаянымен сахна шымылдығы ашылады


1 - жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі кешіміз бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог Мағжан Жұмабаевқа арналады.


2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Алғашқы сөз мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары ---- беріледі


1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

Деректі фильмнен үзінді (Мағжан Жұмабаев туралы естеліктер)


2 - жүргізуші:

«Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов болатын.

Мағжан жырларын оқуға ортаға 8-сынып оқушылары ----шақырамыз


1 - жүргізуші: Ол «Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.

«Ерке сылқым» күйі. Орындайтын 8Б-сынып оқушысы ---


2 - жүргізуші: Иә, ал Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”


1 - жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.


2 - жүргізуші:

Поэзия минуты.

8-сынып оқушылары ------.


1 - жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.


2- жүргізуші:

8Ә-сынып оқушысы ---

«Тек алға» әнін шырқайды. Қабыл алыңыздар!


1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.

Ал енді облыстық Мағжан оқулары байқауының жеңімпазы, мектеп мақтанышы, 11-сынып оқушысы ----- өзінің республикалық кезеңдегі әсерлерімен бөліседі


2 - жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.

8Б-сынып оқушысы ------ «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқиды.


1 - жүргізуші:

Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. Бұған дәлел – "Сен сұлу" өлеңі.

- сынып оқушысы ---- «Сен сұлу» өлеңі


2 - жүргізуші: Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз. адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.

-Ән «Сәулем-ай». Орындайтын 8Б-сынып оқушысы ---


1 - жүргізуші:

Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп - жұмыр жауһар дүние»

2 - жүргізуші:

Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,

Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,

Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,

Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!

Мағжан өлеңдерін оқитын 8-сынып оқушылары ---


1 - жүргізуші: «Тау алыстаған сайын айқындала береді» дегендей, араға жылдар салып, «Кейде айбынды асқақ сөз айтқан» , кейде «жүректі қытықтап тереңнен суырған, ғажайып сыршыл ақын Мағжанды еске алғанда оның әсемдік әлемін айғақтаған сұлу жырларының, Мұхтар Әуезовше айтқанда «Жарқыраған әшекей» екендігіне қазақ поэзиясының нәрлісі, ең бір сәулелісі екендігіне көзіміз жете түсері хақ.

Қорытынды сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ---- беріледі


2 - жүргізуші: Құрметті әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2024
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі