Материалдар / Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1112
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қызылсу орта мектебі» КММ
Авторы: Кеңес Индира Манасқызы 9-сынып оқушысы
Жоба атауы:
Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жетекшісі: Биржанова Замзагуль Мухамбеткалиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
нің мұғалімі


Аннотация

Жұмыстың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні

Ғылыми жобаның мақсаты: Мағжанның жыры арқылы қазақ жастарының рух жігерін, ұайраттылығын дәлелдеу. Жастардың қазіргі замандағы бейнесін анықтап, оның осы замандағы атқаратын ролін зерттей отырып, жастарымыздың қазіргі тәрбиелілігі жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.

Ақын өлеңдеріндегі бүгінгі жастарды елжандылыққа тәрбиелеу жолында аға жетпес қүндылыққа ие екенін саралау.

«Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі азаматтық үн мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын, елдік рух пен жастарға деген жанашырлықты айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің тәрбиелігін
талдау;
- Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңдерінің ерекшелігі
- Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау.
- Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

Проблемасы:

Жастардың бойындағы сенімсіздік. Бірте-бірте адами қасиеттерінің көрінбей, сирек кездесе бастағандығы. Өз еліне деген құрметтің жоғала бастауы

Зерттеудің әді-тәсілдері:

Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау





Зерттеудің нәтижелері мен қорытындысы:

М.Жұмабаев өлеңдері жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі;

Мағжан өлеңіндегі жастар бейнесінің бүгінгі күнмен үндестігі, ақын өлеңі негізінде бастау алған игі істердің көрінісі.

 









































Кіріспе

  1. Мағжан-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы.



ІІ Негізгі бөлім

2.1. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.

2.2. «Мен жастарға сенемін» — ұлтжандылықтың ұраны

Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі

2.3. Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні

2.4. Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін
сипаттау,талдау.

ІІІ Қорытынды бөлім

3.1. Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.





І Кіріспе

Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату – бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.

Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады.  Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз. Мағжан поэзиясы енді ғасырлар бойы толассыз зерттеуге жетеді. Бұл жұмыс алаш ұлының айбынды рух атой салған «Мен жастарға сенемін» өлеңінің өзекті ойы мен  қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды. Ақынның бір-бір зерттеуді қажет ететін осындай рухани дүниесі қаншама?! Бұл зерттеу де сол ұлт руханиятына қосылған теңіздің тамшысындай үлес деуге болады.

«Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ»,-деп  Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.

Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Мен жастарға сенемін» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған.

Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс.Оның қуатты бойға жігер,жүрекке от беретін рухты үні,ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20-шы ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді;» Өлеңді музыкаға айналдырған,дыбыстан сурет тұрғызған, жаңа өлшеулеп шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін бірден байқаймыз.
Тасқыны қатты,тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды.Халық өлеңдерінің мазмұнынмен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де,бәлкім осы болар.
Қалай дегенде де,Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайтын,өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың,жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды.Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!









ІІ Негізгі бөлім

2.1.Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін »өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма...Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға,болашақтың тізгінің жастарга сеніп
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін- деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік..












2.2. «Мен жастарға сенемін» — ұлтжандылықтың ұраны

Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі

 

Көздерінде от ойнар,                                                                                      

Сөздерінде жалын бар.                                                                                            

Жаннан қымбат оларға ар,                                                                             

Мен жастарға сенемін! –

деп жырлаған Мағжан Жұмабаев қатігез тағдыр тәлкегіне ұшырап, алдымен Ресей патшалығы, кейіннен Кеңес Одағы кезеңдерінде өмір сүрді. Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тайғанақтап жүрелеген тағдырына жаны ауырып, осы жан айқайын өлеңге қосты. Бірақ, орыстардың ұстанған қатал саясаты қазақ азаматтарын аямады. Талай азаматтар біздің халық болып қалыптасуымыздың жолында жандарын құрбан етті. Солардың ішінде 1938 жылы ату жазасына ұшыраған Мағжан Жұмабаев болған еді. Ел өмірін өз тағдырына айналдырып, Отанды сүюдің ірі үлгісін танытып, елін сүйген үлкен жүректі азамат халық руханиятына сезім мен сенім ұштасқан мәңгілік шұғыласын шашып кетті.

Жас ұрпақтың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгерлердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыдан алғанда, «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға алды.

Арыстандай айбатты,                                                                                     

Жолбарыстай қайратты,                                                                                

  Қырандай күшті қанатты –                                                                            

Мен жастарға сенемін!-

деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы  жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Бүкіл Алаш жұртына, өз ұлтына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне өз қолтаңбасын қалдырған, сұлу сөзден, өткір ойдан шаһар салдырған өлең өлкесінің ірі өкілі. Осындай теңдесіз таланттың таңдайына татып, жырына арқау болып, сеніміне ие болған біздер бақыттымыз-ау, сірә!

Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған,  босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. «Мен жастарға сенемін» өлеңі де лапылдап тұрған жалын мен жігер, сезім мен сенім қатар өрілген ұлтжандылықтың ұраны іспетті. Өлеңнің бір шумағының өзінде ел тағдырына, халық болашағына қатысты, кешегі мен бүгінгі күнді сабақтастырып тұрар алтын көпірді қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан.                      

Көздерінде от ойнар,                                                                                      

Сөздерінде жалын бар.                                                                                            

Жаннан қымбат оларға ар,                                                                             

Мен жастарға сенемін!-

деп жастарды тектілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ақиқат ауылына шақырады. «Жаным – арымның садағасы» демекші, намыскер де ержүрек қазақ елінің ұл-қыздарына атақ-абыройларына дақ түсірмеуі туралы өлең жолдарында айқын көрсетілген. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті, лап етпе сезім. «Ар – иманның жолдасы» дейді халық даналығы. Демек, адамның ар-намысы – абыройдың күзетшісі. Мағжанның айтқысы келгені де осы еді. Себебі, талай алаштың орны ерекше зиялылары осы ар-намыс үшін өмірден өтті емес пе?!                               

Жас қырандар – балапан,                                                                             

Жайып қанат, ұмтылған.                                                                            

Көздегені көк аспан,                                                                                       

Мен жастарға сенемін!

Рас, өзінің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді қозғап, ел болашағына қатысты көзқарасын көтереді. Сонда ғана ақынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні тaныта aлады. Мағжан ақынның өмірлік мұраты, азаматтық үні осындай халық мүддесінен туып, өсер елдің өскелең ұрпағына деген риясыз ықыласын, айнымас сенімін өрлікпен алға тартып және солай боларына еш күмән, күдік келтірмей көрегендікпен шабыттана жырлайды.

 

 2.3. Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні

 

Тау суындай гүрілдер,                                                                                            

Айбынды алаш ерім дер,                                                                                

Алтын Арқа жерім дер,                                                                                     

Мен жастарға сенемін!

Бұл – елін емірене сүйген ақын жүрегінің үні.

Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды.  Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.  Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.

Алаш – айбынды ұраны,                                                                                

Қасиетті құраны.                                                                                         

Алаштың олар құрбаны,                                                                                     

Мен жастарға сенемін!

Ұлан байтақ Қазақстан жерін ежелден мекендеп келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Каспийден Алтайға, Мұғалжардан басын аң шалған кәрі Алатауға дейін созылып жатқан өлке біздерге сыр айтқандай. Сол сары даланың қойнауы ереуіл атқа ер салған Махамбет пен Исатай батырлардың, елді аузына қаратқан Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, «Қайтсем елім кешер күн, аулақ болар зар-мұңнан» деп, елінің қамын ойлаған барыс жүректі Бейбарыс сұлтанның, өр мінезді Абылай ханның, құдайы, әруағы да, жері, қазына-байлығы да, баласы, жаны да мал болған әумесер байларды ащы тілімен сынаған кемел ақын, кемеңгер, ойшыл Абай атамыздың жатқан қасиетті жері.

Сонау, 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. Сөйтіп, Тәуелсіз Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев болып сайланады. Еуразияның жүрегінде орналасқан біздің елдің тәуелсіздік алғаннан кейін бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізді.

Ақын алаш атын аспанға шығарар жастарға сенемін деп айдай әлемге жар салады. Ұлы ақын сенім артқан жас ұрпақ сол жауапкершілікті сезіне ме? Бүгінігі жастардың келбеті қандай? Ақын аманатын абыроймен арқалап жүрміз бе? Осы сұрақтар көңіліме көлеңке түсіріп, ойымды сан-саққа әкетіп, екі ұдай сезім, екі ұдай ой жанымды мазалайды. Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десе де, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой алдыру – өз тамырыңа балта шабумен бірдей.

Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мүлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық, өзге елдің тың дүниесін айна-қатесіз көшіру – бүгінгі қазақ жастарының көпшілігіне тән қасиет. Осы орайда көп дау туатыны рас. Әрине, батыстан алатынымыз көп. Бірақ еш сұрыптаусыз батыстың бар болмысын қайталау қазақтың ежелден қалыптасқан дәстүрлеріне қайшы келуі мүмкін. Тіпті өзінің қазақ екеніне арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын,  діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр.

Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже жоқ, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді. Осындай жастарды көргенде ақын сеніміне селкеу түсіріп, аманатына қиянат жасаған жоқпыз ба деген ой туындайды. Дегенмен ақын арманындағы сөзі мен ісі біте қайнасқан, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбаты, жолбарыстай қайраты бар жастар да ел игілігі үшін атқарылып жатқан батамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады. Тіпті тәуелсіздік таңы уыздай жастардың арқасында арайлап атып, бейбіт өмірге қол жеткіздік. Жас та болса бір елдің тағдырын шешуге бас болған Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты жалынды жастарымыз қыршыннан қиылған жоқ па?! Сондай-ақ Сидней, Лондон олимпиадаларында қазақ елінің намысын биікке көтеріп, көк туымызды әлем алдында желбіретіп,  қазақ деген ғажап халықты бүкіл елге паш етті. Қазіргі қоғамдық өмірде өздерінің жан-жақтылығымен, өзіндік көзқарастарымен,  белсенділіктерімен ел дамуына аянбай үлес қосып жүрген ең жас депутат Сағитолла Сәрсенов, мәжіліс депутаты Алмас Тортаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік, періште жүрегі туған жерім, елім деп жырлайтын Жамбыл Дүйсенов, халық мұрасын насиқаттап, дүние жүзіне жеке ән жинақтарымен әйгілі «Ұлытау» тобы мүшелерін ауыз толтырып айтуға болады. Айта берсек, осындай жастық жігерін ел игілігі үшін жұмсап жүрген жалынды жастарымыз көп.

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!-

деп жүрек лүпіліне жастарды бөлеген ақынның үміт артқан, медеу күткен, арқа сүйеп, рухани демеп кеткен бар сенері бүгінгі жас ұрпақ мына біздерміз. Сенімін ақтап, аманатын арқалаған біздер бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйіп, жүрекке бекіттік. Елдің тағдыры – біздің қолымызда. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етеміз. Себебі, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Мағжан атамыздың сөзін санасына сіңіріп, осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп,        сенім артып отыр. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, еш алаңсыз өскен біздерді әрдайым татулық пен тәңірден келген тәті сыйдың қадірін біліп, ел тұтқасын ұстар ұлтжанды ұрпақ болатынымызға еш күмән келтірмейді. Сондықтан зияткерлік мектептер, әлемдік деңгейде білім берер университет ашып, «Болашақ» бағдарламасын енгізіп, қазақ жастарының да өз тілін, елін шексіз сүйетін, білімі мен беделі жағынан бәсекеге қабілетті, жан-жақты болып қалыптасуы үшін жанын салады.

Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат  қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік рөлін  ойнауы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.[4.77бет]. Сондықтан елбасының тікелей бастамасымен «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жас мамандар резерві», «Жастар саясаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар өмірге келіп, жастардың қажеттілігін жетілдіру жолында жүзеге асқандығы белгілі.

«Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді»,-деп  президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп ғана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…» жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін жанарында жалын бар жастар өседі.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін,-

деп бүгінгі жастарға ұлттық рух пен патриоттық сезім сыйлаған Мағжан ақынның жүрек сөзін елбасы Н.Ә. Назарбаев та өмірлік ұранына айналдырып, егемен елдің тұтқасын ұстар өскелең ұрпаққа шүбәсіз сенім білдіріп, жарқын болашақтың жаршысы болып жүр.         Сол себепті мемлекеттік деңгейде жастар саясатының дұрыс жүргізілуі – қоғамның ілгерілеуі үшін аса маңыздылығына мән беріп, осы орайда «Жас Отан» жастар қанатының әр мүшесі осы міндет биігінен көрінуін, қоғам дамуының кез келген межесінде көшбасшы болуын, өзіндік идеясы мен тың көзқарасын танытып, жеткіншектердің бойындағы жалыны мен қайратын жанып, елімізді бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіргізетіне қалтқысыз сенеді, азат елдің айбынды азаматтарымен мақтанады.

Шынында, оқып отырып жан сарайымда бір алапат сезім ұшқыны көрініс тауып, ерекше күйге еніп, масаттанып, мақтанып, XXI ғасыр ұрпақтарының атынан әлемге жар салғым келеді: Біз Мағжан сүйген жастармыз!

Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», «қырандай күшті» қалыпта көргісі келеді. Кез келген халықтың кемел келешегінің ең басты көрсеткіші – жастар. Олай болса, өмір бойы «Алаш» ұранын көтеріп, «Қазақ» деп жүрек сөзін жайып салған Мағжан үшін ел мүддесі мен сол елдің тегеурінді тірегі жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын осы өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, арыстандай айбындылықты, жолбарыстай батыл, жүректілікті, көңіл көзінен шартарапқа шұғыла шашылар жігерлілікті, қазақ даласындай кең пейіл мен мәрт мінезді, жүзіне нұр ұялаған адалдық пен имандылықты, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Сосын «Мен жастарға сенемін!» деп асқақтай сөйлейді, шабыттана жырлайды.

Иә, біз Еуразия кеңістігінде 21 жылдық егемендігін еңселеген елдің бақытты ұрпағымыз. Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі — жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз.

Жыртылғанда «жұртым» деп жең мен жағаң,

Ұмтылды алға соңыннан ерген қоғам.

Аспаныңа күн болар түнек басқан,

Жастарына жалынды сенген бабам.

 

Тәлкегін мың көрсең де келте күннің,

Жан сезімнің пернесін шерте білдің.

Ғажап ақын жастарға сеніп өткен,

Аманатын ақтармыз сол сенімнің.

2.4. Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін
сипаттау,талдау.

Жастар жалын жүректі, өршіл намысты ,
биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады
-деп кемеңгер басшымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастар жалпы адамзаттың мәңгілік рухани – адамгершілік құндылықтарында бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз жастар толыққанды қалыптаса алмайды. Жастардың санасымен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Айталық ол ата-анасы, өмір сүріп отырған ортасы.....
Жастардың тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Мысалы, жас сәби табиғатынан таза пәк, бұл жастардың әді өмірден әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Міне дәл осы кезде ата-анасының тәрбиесін, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап бірте-бірте рухани адамгершілік құндылықтарды Отанына деген сүйіспеншілікті намыстылық пен қайраттылықты бойына жинату- маңызды іс. Жастар бойындағы қайрат, жігер сенімділік Мағжан өлеңінде айтылғандай,
«Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер-
Мен жастарға сенемін!»- дегендей жастар бойында қасиеттер әлі де сақталғанына сенімдімін.

ІІІ Қорытынды
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.
Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев.
XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман окиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді.
Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!- деп басталатын өлеңінде ақын, өзінің ертеңінен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған,ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» жастар қайратылығына кәміл сенеді. Жастардан күткен үміті ақталып келе жатыр деген ойдамыз.
Бүгінгі ұрпақ үшін Мағжан, жастарға артар үміті мәңгілік қазақ елінің өркендеуі, жастардың қолында деген.
Отансүйгіштік рухты Мағжан ағамыздың поэзиясы әрдайым сөнбес.







Пайдалынлған әдебиеттер:

  1. М.Жұмабаевтың шығармалары. Алматы: «Жазушы» 1989 жыл

  2. «Әдептану» Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы, «Рауан» 1998 жыл

  3. Назарбаев Н. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздік және әл ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Білім, 1997-176б

  4. Ш.Р. Елеукенов «Мағжан Жұмабаев» Алматы: «Білім»1990 жыл

  5. «Аңыз адам» №1 саны 2012жыл

  6. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем»

  7. Егемен Қазақстан №43 2014 ж










8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!