Бегасилова Гүлжанат Жақсыбайқызы
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Жұмыс
орны:«Монтайтас» жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан
облысы
Арыс
ауданы
Санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 22 жыл
Cабақтың
тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі»
өлеңі
Сабақ мақсаты:
а) Өлеңнің негізгі идеясын
таныту, ақынның болашаққа нық сеніммен қараған бейнесін
ашу; ә)
Интербелсенді әдістерді ойын түрінде қолдану арқылы
оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, танымдық,
шығармашылық қабілеттерін, логикалық ой-өрістерін
дамыту; б)
Тіл – ұлттың мақтанышы,
тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды
елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде
қастерлеуге үйрету.
Сабақ
түрі: іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру.
Сабақ
типі: жаңа білімді
игерту.
Сабақ
әдісі: интербелсенді, инсерт, еркін
ой.
Сабақ
көрнекілігі: ақынның портреті, тірек
сызбалар, ойынға қажетті жағдайлар, интербелсенді тақта
т.с.с.

|
Сатысы
|
Мақсаты
|
«Көкпар ойынының
айналымы»
|
Оқушы
іс-әрекеті
|
Сабақ барысы
|
Сабақтан күтілетін
нәтиже
|
|
Оқушы
деңгейі
|
білімділік
|
Қан
ойнату
|
Ө з
мақсатын айқын-дайды, әрекетте-неді
|
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды екі топқа
бөлемін.
І топ:
«Құлагер»
ІІ топ:
«Тайбурыл»
Сабақ «Көкпар» ойыны түрінде
өтілетінін, ойын шарттарын хабарлаймын.
2. Өткен сабақты қайталау
кезеңі
І.
Қызығушылықты ояту.
Инсерт әдісі


Не
білеміз?
1Мағжан
кім? Ол туралы не білеміз? 2. Мағжанша өздеріңе сипаттама беріп
көріңдер,яғни «Біз кімбіз?» деген сұраққа қалай жауап берер
едіңдер?
|
Ынта қызығушы-лықтары
артады.
|
|
түсіндіру
|
Қамшы
басу
|
Қойылған жағдаятқа
өзіндік көзқара-сын қалыптас-тырады.
|
2Үй
тапсырмасын қайталау. ІІ. Мағынаны
ажырату.
Не
білдік? Не білгіміз келеді? 1.«Мен кім?»
өлеңінде ақын өзін нелерге теңеді?
Қалай ойлайсыңдар, ол теңеу сөздер нені
бейнелейді?
2. «Мен кім?» өлеңін жатқа
мәнер-леп оқыту. 3.Өлеңге сатылай кешенді талдау
жасату.
|
Танымдық іс-әрекеттері,
ойлау белсенділік-тері, тапқырлық-тары артады.
|
|
Алгоритмдік
деңгей
|
Қолдану
|
Дода
|
Білімді терең жете
меңгеру үшін өзінің барлық іс-әрекет-терін
қолдана-ды.
|
3.Жаңа
сабаққа кіріспе:
Ой
шақыру.
4.
Жаңа сабақты өту кезеңі:
М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып,
негізгі идеясын ашу.
|
Оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі
қалыптасады.
|
|
Эвристикалық деңгей
|
Талдау
|
Іліп әкету
|
Өзгені тыңдай отырып, өз
білімін толықты-рады
|
Еркін
ой әдісі
1. Оқушыларға өлеңді
мәнерлеп оқыту.
2.Балалар,ақынды
толғандырған қандай ой деп ойлайсыңдар?
т
ағдыр

үміт сенім


болашақ
3.Өлеңге
арқау болған не екен?
Демек,
ақынды толғандырған ең бірінші тіл тағдыры екен. Ақын өлеңдеріне
арқау болған да – осы. Ақынның туған тіліне деген сүйіспеншілігі
ерекше. Ата-баба-ларымыздан мирас болып қалған ең баға жетпес мұра
ана тіл деп таныды.
4. Айбыны
мықты елдің асыл қасиеттерін жоймақ болған қандай
күш?
5. Ақын
неге нық сенімді болды?
6. Ақын кімдерге
сенді?
|
Өзін ұстай білу, өз ойын
өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдылары
қалыптасады.
|
|
Жинақтау
|
Салым
|
Өз жауапта-рының
жоспарын жасай отырып, өз ойын мәнді жеткізуге
тырысады.
|
5. Сабақты бекіту
кезеңі:
ІІІ. Ой толғаныс.
Ой
толғау әдісі.
1. Ақын
арманы не еді?
2. Ақын арманы орындалды
ма?
3. Қазақ
тілінің бүгінгі жағдайы қандай?
4. Бүгінгі сабақтан қандай ой
түйдіңдер?
|
Бағалайды
|
|
Шығармашылық деңгей
|
Бағалау
|
Қазандық
|
Қойылған жағдаят-тың
ақ-қарасын ажырата білуге тырысады.
|
Қазандыққа жиналған екі
топтың ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтап, оқушыларды
бағалаймын.
6. Үйге тапсырма беру
кезеңі:
1. Өлеңді жаттау.
2. Өлеңге сатылай кешенді
талдау.
3.Шығармашылық тапсырма. «Тіл тағдыры-ел тағдыры»
тақырыбына шығарма жазу.
|
Алған білімін өмірде
пайдалануға дағдыланады, шығармашы-лық қабілеттері
артады.
|