Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі.

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер.

Күні:

Мектеп:Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақкөл орта мектебі.

Мұғалімнің аты-жөні: Магзумова Г.А

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны: 13

Қатыспағандар:

-

Сабақтың тақырыбы:

М. Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.Т5. Тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту.

Оқу дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерін анықтай алады

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады:

Екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді табады

Автор көзқарасын , көңіл-күйін ажыратады, мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Екпін түрлерін дұрыс қолданады.


Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер: ғылым,жұрт, тіл, біл, жеті түрлі, міндет, мемлекеттік, қарым-қатынас, халықаралық.

Құндылықтарға баулу

Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін білуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география,ағылшын, орыс тілі.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Осыған дейін меңгерілген білім

М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жаңғырту.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5мин


Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері. Алақандары арқылы бір-біріне жылу сыйлайды.

Топқа бөлу. Бір, екі, үш; один, два, три; one , two , three

Алдыңғы білім: (ӨЖ) «М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін еске түсіріп, «Сәйкестендіру » әдісі арқылы ақпараттың

дұрыс- бұрыстығын анықтайды.

Ақпарат

дұрыс

бұрыс

1

М.Жұмабаев 1893 жылы дүниеге келді

+


2

Туған жері- Оңтүстік Қазақстан облысы



+

3

Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітірген

+


4

Ақынның тарихи поэмасы - «Батыр Баян ».

+












кесте


Сабақ ортасы

30

1-тапсырма. (ЖЖ)

«Бабл-Габл» әдісі

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен өлеңнің тақырыбы, автордың көзқарасы туралы толық сөйлеммен жауап беріңіз. Өлең мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

М.Жұмабаев «Қазақ тілі»


Күш кемiдi, айбынды ту құлады,,

Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.

Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.


Қыран құсты қос қанаты қырқылды,

Күндей күштi күркiреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!


Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —

Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!


Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,

Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!



Дескриптор

Білім алушы

- өлеңнің тақырыбын ажыратады;

- автордың көзқарасы туралы айтады.

- тірек сөздерді анықтайды.


2-тапсырма (ТЖ) МК

«Төрт сөйлем» әдісі.

1. Пікір. Өлеңдегі деректерді қолданып, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)

2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)

3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)


Үлгі:

1. Мағжанның заманында қазақ тілі дами алмады.

2.Қазақтың батыр, хандарының аттары ерлік, бірлік жойылды.

3. Мағжан сияқты халқын ойлағандар «жау» атанды

4. Бәрі жойылды, бірақ қазақ тілі бүгінгі күнге жетті.


Дескриптор

Білім алушы

- өз пікірін жазады;

- деректерді қолданады;

- ойын дәлелдейді;

- өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;

- тақырып бойынша қорытынды шығарады.


3-тапсырма (ТЖ) МК

Тірек сөздерді пайдаланып, «Тіл білу де - өнер» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.


Тірек сөздер: ғылым,жұрт, тіл, біл, жеті түрлі, міндет, мемлекеттік, қарым-қатынас, халықаралық.


Дескриптор Білім алушы

- ауызша мәтін құрастырады;

- тірек сөздерді пайдаланады;

- екпін түрлерін дұрыс қолданады.


4-тапсырма. ӨЖ МЖ «Синквейн» әдісі .

Үлгі бойынша бес жолды толтырыңыз.

1. Қазақ тілі.

2. Бай, кең.

3. Пайдаланылады, ерекшеленеді, сөйлейді.

4. Қазақ тілінде еркін сөйлейміз.

5. Мемлекеттік тіл.


1. Қазақ тілі.

2. _____________, _________________.

3. ____________, __________________.

4.___________ ___________ ____________ ________ .

5. Синоним.


Дескриптор:

  • Зат есімді таба алады.

  • Сын есімді ажыратады.

  • Етістікті айырады.

  • Сининимді біледі.


Үйге тапсырма : М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңін жаттау.




Аудиотаспа, М.Жұмабаев портреті

































































































Сабақ соңы

10 мин


Рефлексия. «Блоб ағашы» әдісі

Оқушылар берілген парақтардан өз деңгейлерін анықтайды.

-Ағаштың қай бұтағындасың?

- Суретті бояу арқылы өзіңе баға бер.



Ағаш суреті

Кері байланыс










































Білім алушылар әр топтың жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.



Бағалау критерийі

Тап

сыр

ма

дескриптор

балл

1

Тірек сөздерді табады

1

- өлеңнің тақырыбын ажыратады;

- автордың көзқарасы туралы айтады.

- тірек сөздерді анықтайды.


1


1



1

2

Автор көзқарасын , көңіл-күйін ажыратады, мәтіннің негізгі ойын анықтайды.


2

- өз пікірін жазады;

- деректерді қолданады;

- ойын дәлелдейді;

- өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;

- тақырып бойынша қорытынды шығарады


1

1


1


1



1

3

Екпін түрлерін дұрыс қолданады.


3-4

- ауызша мәтін құрастырады;

- тірек сөздерді пайдаланады;

- екпін түрлерін дұрыс қолданады

1


1


1





11




Саралау Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық сынып орындай алатын жеке, жұптық, топтық, өзіндік сараланған жұмыс түрлерін ұсындым.

Сабақтың мақсатын анықтап алған соң, сабақты барынша тиімді жоспарладым. Ол үшін белсенді оқытудың әдіс- тәсілдерін алдым.

Сабақтың әр бөлімі білім алушыны мақсатқа жетуіне жетелейді. Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Оқушылар өз ойын үлгі бойынша, тірек сөздер арқылы, мұғалім көмегінсіз сөйлем, мәтін, 5 жолды өлең құрау, сәйкестендіре алу дағдыларын дамыту, білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылуына мүмкіндік бердім. Өлең мәтінінен тақырыпқа қатысты автор көзқарасын ашатын сөздерді сұрыптай, сорттай білді. Екпін түрлерін ауызша мәтін құрауда орынды қолданып айтты. Оқу мақсаттарына жеттім.

Тапсырмалар жас ерекшеліктерін ескере отырып классификацияланды. Жағымды хал-ахуал , жауапкершілік, мәдениетті қарым-қатынас жасаулары назарда ұсталды.

АКТ- ні ұзақ колданбау ескерілді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4997
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12