Материалдар / Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңі

Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жас мамандар үшін
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық. «Балалық шақ» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. 3. Тәрбиелік. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында






Мағжан – ұлы ақын

Мағжан – эпик ақын


Мағжан – лирик, сыршыл ақын







Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан. Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған

Ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

(Ғ.Ибрагимов)

«Балалық шақ», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.

Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның ««Балалық шақ» өлеңі.

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -

Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -

Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.


1. Ой қозғау.


«Балалық шақ» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.

Балалық шағың-

Патшаның тағы

Тіл жетпес оны бағалап.

Көп өтрей жыл,

Тек жүрмей,-біл

Ілгері күнді сағалап.

Үйрен білім жастықта!

Білмей өс жанға қастық та!

Білген жан-көсем!

Сөйлесе-шешен,

Жұртты аузына қаратар!

  1. тапсырма. Ақынның сөзінің мәні –балалық шақты патша тағына теңеп, осы бір қымбат уақытты құр жібермей, өнер үйреніп, білім алыңдар деген пікірін өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер

  2. тапсырма. Салыстыру . Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңімен салыстырып көріңдер














Өлеңге жоспар құру.


IV. Сабақты бекіту.

Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.

  1. «Балалық шақ» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған?

  2. Білімді адамның бойында ұялайтын жақсы қасиеттерді ата

  3. Ақынның : «Балалық шағың-патшаның тағы», «Білімдінің сөзі-ем» деген айтқан сөздерін қалай түсінесің


4. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?

Қорытынды:

V. Балаларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Балалық шақ» өлеңін жаттау.




ЖИ арқылы жасау
23 Желтоқсан 2020
2685
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі