400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаевтың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесінің маңызы мен мәнін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағжан Жұмабаевтың

өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі

Сабитова Асия Азирхановна

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

№13 жалпы білім беретін мектебі

Қостанай қаласы


Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды.

Мағжан Жұмабаев – қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның өлеңдері, әңгімелері халық үшін жауапкершілік сезімін білдіретін және тарихтың көздері мен бұрылыс нүктелеріне сілтеме жасап, үлкен қайғылы жайттарды сипаттаған.

Shape1

қазақ әдебиетінің негізін қалаушы

Shape2

жазушы





Shape5 Shape3 Shape4

Мағжан Жұмабаев







Shape6 Shape7 Shape8 Shape9

публицист

ақын









Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы өз бағасын алды. Және «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұрандарына айналды деуге болады. Ақын өлеңдері осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, сарқылмас жан азығына жетелер болашақтың бағдаршамына айналған. Мағжан Жұмабаев ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген өлеңі, ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді. «Мен жастарға сенемін» өлеңі атүсті оқып, жаба салатын, жай қабылдайтын дүние емес, бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын жас буындар тобын қалыптастыруға ықпал ететін тағылым көзі екенін көкейімізге түйіп, көңілімізге бекітуіміз қажет.

«Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді»,-деп  президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы

саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп ғана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…» жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін жанарында жалын бар жастар өседі. Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», «қырандай күшті» қалыпта көргісі келеді. Кез келген халықтың кемел келешегінің ең басты көрсеткіші – жастар. Олай болса, өмір бойы «Алаш» ұранын көтеріп, «Қазақ» деп жүрек сөзін жайып салған Мағжан үшін ел мүддесі мен сол елдің тегеурінді тірегі жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын осы өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, арыстандай айбындылықты, жолбарыстай батыл, жүректілікті, көңіл көзінен шартарапқа шұғыла шашылар жігерлілікті, қазақ даласындай кең пейіл мен мәрт мінезді, жүзіне нұр ұялаған адалдық пен имандылықты, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Сосын «Мен жастарға сенемін!» деп асқақтай сөйлейді, шабыттана жырлайды.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін,-

деп бүгінгі жастарға ұлттық рух пен патриоттық сезім сыйлаған Мағжан ақынның жүрек сөзі дәлел. Мағжанның бұл өлеңі жастардың рухани деңгейін көтеріп, тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерін өмірге әкелуде таптырмас дүние. Сондықтан өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық салаланған, кең ауқымды келелі ойлар жеткіншектердің жүрегіне рухани-адамгершілік, азаматтық-моральдық  құндылықтарды құндақтауы – заман талабы екені сөзсіз.Осы бағытты ұстанған, идеяларын біздің ұрпаққа жеткізімен деп еңбек жасаған ұлы тұлғалардың бірі- Мағжан Жұмабаев. 1912 жылы Ибрагимовтың көмегімен Казанда жас Мағжанның баспа жұмыстарында басылып шықты. Сол кезеңде, Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсыновтың Тәлімгерліктің астында ол орыс тілін зерттеу, «Қазақ» газетіне қарым-қатынаста, орыс және еуропа әдебиеті кездесті. Мағжан 1913 жылы Омбы мұғалімдерінің семинариясына түседі. Омбыда өткен жылдары Мағжан «Бірлік» қоғамын құруға белсенді қатысып, «Балапан» журналын редакциялады. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, баспасөзде біраз дүниелері жарық көреді. Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды. Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды. Мағжан "Педагогика" оқулығында халықтық педагогика мен психологияға талдау жүргізді. Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігін көрсетеді. Мағжан Шығыс пен Батыстың халықтарының рухани даму екі ағындарын табысып Орталық Азия және Қазақстан облысында бірінші болып ақындар, бір буынына жатады. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі шығыс баспа үйінде жұмыс істеді. Мағжан Жұмабаев балаларға әдебиет жасауда белсенді қатып, оқулықтар жазған.

Мағжан Жұмабаев қатігез тағдыр тәлкегіне ұшырап, алдымен Ресей патшалығы, кейіннен Кеңес Одағы кезеңдерінде өмір сүрді. Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тайғанақтап жүрелеген тағдырына жаны ауырып, осы жан айқайын өлеңге қосты. Талай азаматтар біздің халық болып қалыптасуымыздың жолында жандарын құрбан етті. Солардың ішінде 1938 жылы ату жазасына ұшыраған Мағжан Жұмабаев болған еді. Ел өмірін өз тағдырына айналдырып, Отанды сүюдің ірі үлгісін танытып, елін сүйген үлкен жүректі азамат халық руханиятына сезім мен сенім ұштасқан мәңгілік шұғыласын шашып кетті.

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ол үшін оқушылар міндеттітүрде ақпаратытқ технологиялардың, ресурстарын қолдана білуі керек. Пәндерді оқытудаақпаратты технологияны пайдалану, оқушының ақпаратты тез қабылдап, тезтүсінуіне, уақытын үнемдеуіне жол ашады. Оқушы жаңа нәрсеге қызығады, өзін-өзі бағалайды. Өзіне деген сенімділік арта түседі Тұлға болып қалыптасады. Жан-жақты дамиды. Әр азамат үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отырады. Қазіргі заманның талабы сол. Әр азаматтың алдына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанға деген жауапкершілікті сезіндіру сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз керек. Мағжан Жұмабаев сынды ұлы азаматтар бізге қалдырған мұрасын жалғастырып, жаңғыртуымыз қажет. Біз ұлы тұлғаның идеяларын іске асыруымызға міндеттіміз. «Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;

  3. М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл;


PAGE \* MERGEFORMAT 1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
1106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі