жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы» өлеңінің тәрбиелік мәні
«Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ғылыми
жоба
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңінің тәрбиелік мәні.
Қорғаушы: 9-«Ә» сынып оқушысы- Бахадирова Лола
Жетекшісі: Дилдора Нурметова
Ғылыми жобаның тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңінің тәрбиелік мәні
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Мағжанның «Шолпы» атты өлеңінде қазақ қызының өн бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі-шолпыны өте таза шынайы суреттеуі байқалады. Сондықтан Мағжанның «Шолпы» өлеңін оқи отыра, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
-Мағжанның «Шолпы» өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу;
-Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін оқып талдау;
-Шолпының түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу:
-Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну;
-Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:
-Жинақтау, топтау;
-Салыстыру;
-Өзіндік ой топшылау;
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Егер біз Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» атты өлеңін кеңінен насихаттасақ, бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.
Нәтижені талқылауы, қорытындылауы:
-Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;
-Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;
-Шолпы арқылы қыздың жасын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады.
Ұсыныстардың берілуі:
Қандай зергерлік бұйымды ұнатасың?-десе, көп адамдар сақина, білезік пен сырғаны атайды. Ал, мен Мағжан ақын жырлап өткен шолпыны сұлу қыздардың шашына сән беріп, сұлулығына сұлулық қосатын осы зерттеу жұмысымда дәлелдегім келеді.
Зерттеу жұмысты практикалық қолдану салалары: тақырып негізінде жинақталған материалдар, тарих, қазақ тілі, әдебиет пәндерінде қосымша ретінде қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында да пайдалануға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Аңыз адам» №1 саны 2012 ж.
Қазақ әдебиеті 8-сынып. «Мектеп» баспасы. 2012 ж.
Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра.
Егемен Қазақстан №43, 2014 ж. Мағжан поэзия-қазақ ұлтының мұрасы.
І.Кіріспе:
1.1.Мағжан-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы.
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы.
2.2.Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі.
2.3.Шолпы және шолпының тәрбиелік мәні.
ІІІ.Қорытынды бөлім:
3.1.Мағжан поэзиясы-қазақ ұлтының мұрасы.
І.Кіріспе:
Мағжан Жұмабаев-лирик ақын.
Әдетте Абайды философ ақын,
Мағжанды лирик ақын дейміз.
Абай ақылдың ақыны да,
Мағжан сезімнің ақыны.
(Сәбит Мұқанов)
Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Европа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді. Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, жаңа өлшеулеп шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі құдіретін бірден шығармаларынан байқауға болады. Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім осы болар. Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірдегі біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!
ІІ.Негізгі бөлім: 2.1.Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы-аса көркем мұра. Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады. «Шолпы», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, Айды алқа қып берейін», тағы басқа өлеңдерінде Мағжан адамға тән осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды. Ақынның лирикалық қаһарманы үнемі ғажайып сезімнің құшағында жүреді. Шын сүю-Мағжанның ұғымында әрі ләззатты, әрі азапты күй. Қуанышы да мол, азабы да аз болмайтын сезім. Ақынның сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге ол махаббатқа шексіз адал. Сүйген жанының бір сәттік қуанышын ол патшаның тағына да, дүниенің малына да айырбастамайды. Сүйген жары үшін не қиындыққа да төзуге даяр. «Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін» өлеңі дәл осындай кіршіксіз махаббаттан туған шығарма.
2.2.Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі.
«Шолпы» өлеңінде Мағжан өлеңдеріне тән ерекше бір әуезділігі айқын көрінеді. Соған тоқталып өтейік.
«Шолпы» өлеңі
Сылдыр, сылдыр, сылдыр ... Қаныңды қайнатты құрғыр. Шық-шық жүрекке тиеді, Күлпара талқан боп сынғыр.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр ... Өзекті өртеді құрғыр. Әдейі іргеден жүреді, Сұлу қыз санадан солғыр.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр ... Жүректі тандырар құрғыр. Кеудені кернеді жалын, Сәулем, періштем, тез кір!
Сылдыр, сылдыр, сылдыр ... Есімнен аудырды құрғыр ... Лебізіңнен еріп барамын, Жаным-ай, жақында, қол бер!
2.3.Шолпы және шолпының тәрбиелік мәні.
Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген. Қазақтың қыз келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «Адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тиған. («Абай жолы» роман эпопеясынан)
Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
1. Үзбелі шолпы;
2. Қос үзбелі шолпы;
3. Маржанды шолпы;
4. Меруертті шолпы;
5. Ақық шолпы;
6. Қоңыраулы шолпы;
7. Тізбелі шолпы;
8. Сағат баулы шолпы;
9. Қозалы шолпы;
10. Сылдырмақ шолпы;
11. Көзді шолпы;
12. Алтын шолпы;
13. Күміс шолпы.
2.4.Шаштың сәндік әшекейлері.
Шаш –әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген. Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап. Жемелек-әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні. Ол халқымыздың ұлттық сый-сипатына тұнып тұр. Енді соларға қысқаша тоқталып кетсек: Шашбау. Ол –қыз, келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылып, қыздар шаштарының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі. Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді: 1. Үзбелі шашбау; 2. Шашақты шашбау. Қазақтарда шашбаудың: сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш-түлек (лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді. Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады, оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп, денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.
ІІІ.Қорытынды бөлім: Мағжан поэзиясы –қазақ ұлтының мұрасы. Қазақ поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын-Мағжан Жұмабаев. ХХ ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген