400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжанның «Күні, Суы, Желі» Аружанның жан сөзімен өрілді

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ғылыми -зерттеушілік байқауларға баулуда бұл жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Мағжан Жұмабаевтың "Жан сөзі" шығармасына негізделген ғылыми жұмыстың конкурста көрсеткен жемісі туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағжанның «Күні, Суы, Желі» Аружанның жан сөзімен өрілді


Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егеменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадамы алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары, яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті. Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларына бағытталды. Сол біртуар ұрпақ – Мағжан Жұмабевтың шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді. Дегенмен ақын поэзиясының психологиялық қырлары әлі де болса тереңдеуді қажет етеді. Жоба негізі жастардың бойына азаматтық , ұлттық рухты сіңіртуге үміт еткен мінез-құлық идеясына жан тілі негізделген. Болашақ саналы ұрпақтың образын жасаудағы ақынның көзқарасына сүйене отырып, осы үлгідегі өлеңдерін топтастырып, маржан сөздерін жас буын көзқарасымен қозғаған, жүрегіндегі жан сөзімен 14 жастағы Сармантай Аружан Мағжан үніне тіл бітіргендей болды, 22 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылында 13-рет ұйымдастырылған республикалық «Мағжан оқулары» байқауының «Толқынмен толқын жарысып» ғылыми жобалар номинациясына қатысып, ІІІ жүлделі орынды иеленіп қайтты.

Ақын біткен болмаса да, даналары өз тағдырын алдын ала сезініп, өлең жолдарына түсіретіні әдебиет тарихында айтылып жатады. Мағжанның өз тағдырының қандай трагедиямен аяқталатынын білгендей, «...Отыз, қырық... Қартаям, сөнем, өлем...» деген өлең жолдары оқырманның сүйегін сырқыратады.

«... Болмаса, басыма да бармас па екен?

Атымды аузына да алмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған

Молама көз қырын да салмас па екен?» - дейді.

Ауызға алғанда қандай?! Мағжан халық көңілінен ешқашан кетпеген, баспа беттерінен, ауызекі жатталумен, тіпті сөз бостандығына құрық бойлаған тұста да жұртшылықтың назарынан түскен емес. Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, наным-сенiмдерiне, мұраттарына т.б. негiз болады.

Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек. Зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі. Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Бұл сауалдың бір түрі Мағжан ақынды психологиялық қырынан танытқанын Аружан өз жұмысында дәлелдеді.

Ақынның мінез-құлқына баға беретін сауалдың жауаптары көпшіліктің назарындағы риторикалық каноны деуге болады. «Жел, Қызыл гүл, Арыстан, Күн, Жыршы, Сыршы, Ақын еді дер ме?» деген риторикалық жауаптар ақын психологиясының «аффектісін» көрсетеді. Сөз мағынасы, бұл сезім, оларды жеткізу сөздің маңызын құрайды, ол жан мен тән сияқты байланыста болуы қажет. Риторикалық сұрақтар ақын мен публикалық қарым-қатынас тарапынан шешендік сапаға ие болып отыр. «Жел еді, желді жыр ғып өтті!» - дер ме?» деген сауалына іле «Есалаң, сүйіп еді шоқты!» - дер ме?» деп ең биіктегі ел мүддесі үшін қол созған қайраткерлік істерін халқының ардақ тұтарын сезіп өткендей. Сөз сапасы бір өсіру мен әлсіретуді қатар ала келіп, көпшілік көкейінен шығатын келер күннің ақын болжамындағы риторикалық канонын дәлелдейді. Ақын өз өміріне сауал арқылы интроспекция жүргізе отырып, жастардың да өзін-өзі тәрбиелеуде интроспекциялық дағдысын дамытуын көздейді.

Ақынның жүгінері де – жүрегі, сырласы да – жүрегі. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты «ақыл, жүрек, қайрат» дейді.  Осы ретте ақынның іс-әрекеті Абай ілімімен сәйкес келеді. Бір заттың көрінісінің сынын белгілейміз, көріністер арасындағы байламды не айырманы табу – ақыл ісі, қайғыру, қуану – ішкі сезім исі, бір істі жасауға ұмтылу, мақсатқа жету – қайрат ісі. Адамның жан көріністері жоғарғы үш тапқа бөлінгенмен, арасында берік байлам бар, бірлік бар. «Жел бол» деу – жүрек ісі, жел болудың қыр-сырын іздеу – ақыл ісі, жел болып есу – қайрат ісі, берік ұштастықтың жігі айқын. Үш таптан тарайтын ой, әсер, әрекет түрлері ақын бойындағы мінез танымын өркендетеді. Жел болу – шапшаңдық, батылдық, күрескерлік, екпінділік сипатын берсе, «жел мінез, жел сөз, жел айдау» тіркестері жанамалық астардан туған. Ақынның «Желдей жынды есалаң екпінді боп» дегені зулаған екпіннен лаулаған күшке көтереді. Бір жанып, бір суып; бір көтеріліп, бір түсіп; бір шашырап, бір жүзіп; бір сүйіп, бір күйген есепсіз жолында жүректі өлдіге санайды. «Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, ессіз жүрек ақылға жол бермеді» деп жүректің ақылға жол бермеуін күшпен бейнелейді. Осы жолдардан жан сөзін ұғынуда адамзат баласы ақыл, жүрек, қайрат сынын тең ұстау керек екенін еріксіз еске салады. Адамның әрбір ісіне осы үш тап жан көріністерінің үшеуі қатынасатын болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Адамның үш тап жан көріністері тең болмай, біреуі таразыны билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Жан күйі қандай болса, дауыс та солай шығады, іс те солай көрінеді, алайда оны есту, көру сезімі жанға қайта табыстырып, таразылайды. Әділетсіздіктен жапа шеккен, шарасыздыққа түскен Мағжанның жан тұрмысы, жан толқыны осында. Жан көрінісінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз болса, ақын сөзі жан өлеңімен өрілген. Бүгінде жан сөзі жан тұрмысының көрінісі ретінде жастардың ақын ойын үлгі тұтатынын Аружан практикалық жұмыс барысында көз жеткізді.
ҚР Конституциясының 89-бабында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады» деген сөйлемнің астарында жастарды өзін-өзі тәрбиелеу арқылы, басқару мен мәселелерді шешу дағдысын қалыптастыруды міндеттейді. 97-қадамда «Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру» деп нақты жоспар ұсынған. Бұл - өзін-өзі ең әділ бағалау – жанның сөзі. Өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады. Мысалы, жетінші шумағында «От бол!» - дедің» - бұйыру, «от болып жанбадым ба?» - сұрау, «Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба?» - бағалау, «Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба?!» - талдау, т.б. сатылы реакциялар ақын күйінің зерттеу объектісіне келеді. Күн болып күлгендігі, жел болып ескендігі, су болып сылдырап аққандығы, Мағжанның асқақ арманы бүгінгі ғылым мен техника ғасырында күннен жылу, желден қуат алудың баламалы көздерін мақсат еткен «Болашақ энергиясымен» пара-пар келеді. Табиғаттың кез келген мүшесі бір-бірімен тығыз байланысты, демек күн, жел, су энергиясын тұрақты пайдалану үшін бір-бірімен тығыз ұштастыру маңызды болып отыр. Өйткені, бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар ғылымсыз желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзсе, жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Ал күн мен су көшпелі халық тұрмысының ең негізгі күнкөрісі екенін айтпаса да белгілі. Мағжанның Күннің асқан жылуын сезініп, еліне таратқаны сияқты, жер бетінің Күннен еселеп энергия жинап, ел пайдасына жаратуы бүгінгі ғылымда ақын арманының шындыққа айналғанының дәлелі. Табиғат құбылыстары – жел, күн, су, т.б., «болдым» деуі, табиғат құбылыстарын бірлікте ұстауы, бүгінгі жел, су, күн энергиясының күшін арттыру үшін, тығыз бірлікте ұстау маңыздылығымен сәйкес болып отырғанын оқушы балама таба білді.

«Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы» деген Елбасы Н.Назарбаев сөзі өзін-өзі тәрбиелеудің оптимистік құндылығын анықтайды. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін таратуда, сындарлы сәттердегі жанашыр тұлғаларды әлемге танытуда бұқаралық ақпарат беттерінің маңызға ие екенін көрсетті. Жастар, жалпы алғанда, жан сөзінің ісіне тоғысар нүктесі жүрек қалауы екенін алға тартады. Әр істі жүрек қалауымен орындау және оның нәтижелілігі, ақыл мен қайраттың жүрекке қызмет ететінін, адамның табиғи мінезін де бағалаған. Қазіргі жастар жүрек қалауымен қадам жасауды еркіндікпен байланыстырады.

«Жүрек» сөзі адам сезімінің, көңіл-күйінің сан алуан қатпарына байланысты қолданылғандықтан, оған берілген «ессіз, жынды, сұм, нәзік, отты, жас, сорлы, сезгіш» деген эпитеттер ешқандай жасандылығы жоқ шынайы, санаға сіңімді, көңілге қонымды. Жүрек қылын шертетін Мағжанның асқан ақындық шеберлігін, сырлы да, сезімді суреткерлігімен қатар, рухын көтеретін образды жолдарды көптеп кездестіреміз.

«Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:

Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған!» - деп әділеттілікті келешектің қажеттілігіне ұсынады. Қоғам толқыны ақынды көп қақты, жүрек ісі ақылына ырық бермей, әділетсіздіктің уын ішті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап өткеніндей, ұлт мәдениеті сақталмаса, рухани жаңғыру болмайтыны санаға әділдіктің аса қажеттілігін орнықтырады. Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Иасауи, Абай мен Шәкәрім, Ахмет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, әділдік, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

Мағжан үшін ең негізгі мәселе - қазақ елінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланған жоқ. Сондықтан да ақын жан сөзін бүкпесіз жырлап, ендігі үміті мен арманын жастарға артты. Ақын үміті ақталды. Әлі де ақын мұраларының идеясын терең жеткізуде комикс шығармаларды заманауи үлгіде құрастыруды оқушы жұмысы алға тартты. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттары ғана емес, жас буынның басты мұратына айналғанын «Мағжан оқулары» байқауының жыл сайын ұйымдастырылатын сәтінде куә болып жүрміз. Сөзінің соңында,

«Жаратып, бар қып мені анам тапты,

Он үш жыл күн де атып, таң да батты.

Балалық сырғып өтіп, алыстады

Есеюдің толқыны болад қатты.


Ақыл, қайрат, жүрегім маған серік,

Бір-біріне сөзім мен ісім берік.

Табиғатым талантыммен ұштасқан соң

Ақ қағаз бен қаламыма бердім ерік.


«Ата-анаңды сүй!» - дедің, сүйіп келем,

Сүйгеніме өкінбен қашан да мен.

Таразының табағына нық бекіген

Үш одақтың қойғаны білімге ден.

(ақыл, қайрат, жүрек)


«Оқы!» - дедің, оқып келем барымды сап,

Қалыспай үздіктерден табан тіреп.

Таңдадым хас пәндерден әдебиетті

Сөз өнерін білек түріп қазғым келед.


«Өзіңе сен!» - дедің, тағы сене берем,

Болашақтың есігіне ене берем.

Иіріп мамандықтың қыл ұршығын

Адал қызмет қылмаққа елге келем!» - сынды Аружанның жан сөзіне қарап, Мағжанның бар ғасырдың ақыны болып қаларына нық сеніммен, алыстаған сайын биіктеген сеңгірімізге бұл күндері мақтана, сүйіне, сүйсіне қараймыз, мол мұрадан бойға қуат қылып, рухани тәрбиені дамытуға үлес қосамыз.


Жетекшісі: Қобда гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шарипа Кулинтаевна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі