Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махаббатқа толы жүрек иесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың “өзін-өзі тану”, “өмір” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.- Сара Алпысқызының еңбектерімен таныстыру ; - адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру; - силастыққа, кішіпейілділікке сүйіспеншілікке , ізгілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


«Өзін –өзі тану» Мерзiмі:

Тақырып:Махаббатқа толы жүрек иесі

Құндылық:сүйіспеншілік

Мұғалiм:Д.Ж. Бейсембаева

Сынып 4

Оқушылар саны 3


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың “өзін-өзі тану”, “өмір” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Сара Алпысқызының еңбектерімен таныстыру ;

  • адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • силастыққа, кішіпейілділікке сүйіспеншілікке , ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi. ( 5 Т әдісі, сәлемдесу,түгендеу,5 құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәтi.

Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босансып сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп есікті ашқаныңызды дәлізбен өтіп далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздарған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеніз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бықылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы ағаштар биіктер,

әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз.

Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Еді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаң жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап оны қалайша сүйетінімізбен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз салыңыз. Кеген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз міне мектептің алдына да келдік, айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтіп келіңіз. Осы жым-жырттың, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз көзіңізді ашып күлімсіреңіз.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сара Алпысқызына арналған өлең шумақтарын,шығармаларын тыңдау

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып,шынайы өмір сүре білу керек.

Сара Алпысқызы



  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Екі дос және қария

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе барында отырса, оларға қария келеді де, тамақ сұрайды.

  • Бөгет жасама,- дейді оған Арман, - сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әлеліп оны қарияға берді. Қария Сауанға алғыс айтады да, былай дейді:

  • Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі бос болса, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бол алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тындаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайрымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатын жайында айтумен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, әлсіздерді жұбатты.Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, сараң болды. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды. Қайрымды да, ақылды жас жігіттің даңқы алысқа таралды. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауты соның атымен атаған дейді. Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.

  • Неліктен адамдар Арман туралы естеріне алмады деп ойлайсыңдар?

  • Сауран қандай ісімен ел құрметіне бөленді?

  • Екі достың әрекеттеріне деген көзқарастарың қандай?




  1. Топпен ән айту.

Айналайын әні


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12