400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махамбет "Мен, мен едім, мен едім"

Материал туралы қысқаша түсінік
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Атадан қалған асыл сөз» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

А.Құбашева

Күні:

05.12.24

Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Махамбет. «Мен, мен едім, мен едім»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Сабақтың мақсаты:

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беруді үйренеді

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

  1. Махамбет кім?

  2. Қандай батыр?

  3. Қандай ақын?

  4. Қандай күйші?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

№1-тапсырма:

Өлеңді түсініп оқып, өлеңдегі Махамбеттің психологиясын бақылап, қандай сезімдерінің басым екендігін анықтаңдар. Ойларыңды өлең жолдарымен дәлелдеңдер. Сол арқылы шығармадағы психологизмді анықта.

Shape1

Сенім, үміт



Shape2

Өкініш, арман




Shape3

Ыза-кек, мұң







Дескриптор: Жалпы - 5 балл.

- өлеңді түсініп оқиды;

- сенім, үміт сезімдері суреттелген жолдарды табады;

- ыза, кек, мұң сезімдері суреттелген жолдарды табады;

- өкініш, арман сезімдері суреттелген жолдарды табады;

- шығармадағы психологизмді анықтайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..


№2-тапсырма:

Қосымша дереккөздерін пайдаланып, Махамбет пен Кенесарыға салыстырмалы мінездеме беріңдер. Олардың қай қасиеттерін жоғары бағалар едіңдер?

Бүгінгі күні Махамбет пен Кенесарының мінез, қасиеттері қай салада аса қажет деп ойлайсыңдар? Сұрақтарға жауап беру арқылы шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін анықтап, жаңашылдығына баға беріңдер.

Махамбет

Кенесары

Қандай ерекше қабілеттері болды?

Сендер үшін Махамбеттің ақындығы қымбат па, батырлығы ма?

Ойларыңды дәлелдеңдер

Қандай кезеңде өмір сүрді?

Кенесарыны әлемдік немесе қазақ даласындағы қай тұлғамен салыстырар едіңдер? Неліктен?


Дескриптор: Жалпы - 5 балл.

- Махамбеттің ерекше қабілеттерін атайды;

- Махамбеттің қымбат қасиетін атайды, ойын дәлелдейді;

- Кенесарының өмір сүрген кезеңі туралы айтады;

- Кенесарыны белгілі тұлғамен салыстырады;

- ұрпақтар сабақтастығы туралы айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
259
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі