жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Махамбет Өтемісұлы
Сабақ жоспар
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық», «Мұнар күн»
Мақсаты:
1. Білімділік: Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін,оның шығармаларының тақырыбын,мақсатын,тарихын аша отырып,ақынды тағы да жаңа қырынан таныту, өлеңгеталдау жасатуды үйрету, өмірге, тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастыру, ақын өміріндегі ұлтжандылықты ұғындыру;
2. Дамытушылығы: Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру;
3.
Тәрбиелік: Рухани жаңғыруды сипаттау және
патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған
халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату,
ұлттық рухты сіңіру.
Түрі: Жаңа білімді игерту
сабағы
Әдісі: CТО (Ой шақыру, ой қозғау, шығармашылық жұмыстар, талдау, мәнерлеп оқу;)
Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері;
Пәнаралық байланыс: тарих, саз пәні, қазақ тілі, география, орыс тілі, ағылшын
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру: (2мин)
1. Оқушылармен амандасып, түгендеу, оқулықтарын тексеру
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3.Парақшалар (формативті бағалау), түсті қағаздар тарату.
|
Аты-жөні |
Үй жұмысы |
Жаңа сабақты меңгеруі |
Шығармашылық тапсырмалар |
белсенділігі |
Ортақ ұпай |
баға |
|
Азаматов Мирас |
5 |
4 |
5 |
5 |
19 |
5 |
2. Үй тапсырмасы: (10мин)
Махамбет Өтемісұлының өмірі; Исатай-Махамбет бастаған көтеріліc, шығу себептері.Өткен сыныпта оқыған өлеңдерін қайталау.
Махамбет Өтемісұлының өмірі (Портрет Карта, Исатайдың суреттері)
1- Оқушы: М.Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, Бекетай аймағында қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Бекетай аймағы малға жайлы, орманды, жеміс-жидектер мол өсетін, құйқалы жер екен. Осы өңірге Махамбеттің әкесі Өтеміс те қоныстанған. Әкесі Өтеміс –шешен, батыл, турашыл адам болған деседі. Жазба деректер мен Махамбеттің өлеңдеріне сүйенсек Өтемістің 10 баласы болады. Махамбет 3-баласы. Олар: Бекмағанбет, Тоқтамыс, Махамбет, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен,
Ысмайыл, Сүлеймен, Досмайыл.
2-оқушы. Он баланың сегізі көтеріліске белсене қатысқан.Әкесі балалары мақтан тұтып, еліктейтіндей кісі болыпты. Ел басқарған, би болған, өлең сөзге де кетары емес екен.Осындай әкеден үлгі алған, өнегелі отбасында тәрбиелен Махамбет өнерлі, ақылды, өжет болып ержетеді.
Оны Ақынның:
Өтемістен туған он едік
Онымыз атқа мінгенде
Жер қайысқан қол едік,-деген өлең жолдарынан көруге болады.
3-оқушы: Арабша, орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып, халықтың ауыр мұңы, тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан, керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш қабілеті мейлінше күшті, жалынды ақын болған.
4-оқушы. Сонымен қатар Махамбет күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран, Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.
2.Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс туралы. Карта, Исатайдың суреті
5-оқушы Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін қорғап, азаттығы үшін ішкі, сыртқы жауларменде сұрапылайқасқа түсті. Ерлік, елдік көрсетті. Халық тарихындағы сондай елеулі оқиға -19 ғасырдың 1-жартысындағы Ішкі Бөкей ордасында болған көтеріліс.
Қазақ жері Ресейдің қол астына қарай бастады. Отаршылдық басталды.Қазақтардың жақсы жерлерін тартып алды. Қазақ халқының өз жеріне, өз еліне билік ету құқы болмады.
6- оқушы Хан мен сұлтандар, төре мен төлеңгіттер Еділ мен Жайықарасындағы халықтың жерін тарылтты. Патша өкіметі кедейлердің жерін тартып алып, сұлтан-билерге таратты. Оның үстіне шаруаларға алым-салықты көбейтті. Ел күйзеліске ұшырады.
Мұғалім-Демек көтерілістің шығуына не себеп болды?
7 – оқушы
Көтерілістің шығу себептері:
Біріншіден, халық шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен айырылды.
Екіншіден, байлардың, хан-сұлтандардың езгісіне, қыспағына түсуі, алым-салықты көбеюі.
8-оқушы. Осындай езгіге түскен халық атқа қонып, күреске шықты. Көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Халықтан мол күш топталды. «Қара қазан, сары бала қамы үшін»деп ұрандады.
Исатай Тайманұлы –басшы болса, Махамбет қосшы, көтерілістің рухани көсемі болды.
9- оқушы Өмірінің соңына дейін осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырларымен дем берушісі бола білді. Исатай қазасынан кейін көтеріліс басылып, Махамбет Жәңгір хан мен патша өкіметі тарапынан қатты қуғынға ұшырайды. Ел арасында жасырынып жүріп, ақын көтерілісті жалғастыруды армандайды. Бірақ ол арманы орындалмай, елін сүйген ер, жауынгер ақын аңдаусызда аңдыған дұшпандарының қолынан қаза табады.
«Топтастыру»
3. Жаңа сабаққа дайындық: (3мин) (Оқушыларды түрлі түсті гүлдер арқылы топқа бөліу)
а. Мұғалім. Сабағымызды елбасымыз Нұрсылтан Назарбаевтің сөзімен бастағанымыз жөн болар «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.» - деп елбасымыз айтқандай дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін біз өз тарихымыз бен мәдениетімізді жетік білуіміз керек. Осы еліміздің мемілкет болып қалыптасу барысында айрықша үлес қосқан біздің батыр ақын жазушыларымыз молшылық. Солардың бірі әрі бірегейі Махамбет Өтемісұлы. Ия, Махамбет тек көтерілісші ғана емес, рухани көсем . Жауынгерлерге өзінің отты өлеңдерімен рух,жігер беріп отырған. Ерлікті, елдікті,туған жерге, халқына деген сүйіспеншілігін жырға қосқан. Бір топ өлеңдері Исатайға арналған.Ерлігін дәріптеген.
Махамбет өлеңдері ел аузында сақталып келген. Кейіннен ақын шығармаларын Алаштың әмбебап азаматтары: Халел Досмұхамедұлы, әдебиет зерттеушісі, академик Қажым Жұмалиев, С.Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаевтар жинақтап, басып шығарды. «Жыр семсер», «Исатай-Махамбет» жинағы.
Зерттеушілер ақын өлеңдерін 3-топқа бөлген: Көтеріліске дейін, көтеріліс кезінде,көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін .
(Слайд кітаптары)
ә. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
«Махамбет Өтемісұлының жалынға толы жырлары»
Б. «Ой қозғау»стратегиясы не білем? 5-сыныпта «Қызғыш құс» «Соғыс» 7-сыныпта «Тарланым»,
4. Жаңа сабақ:
Мұғалім-Бүгінгі сабағымызда ақынның 3 өлеңімен танысамыз.
Махамбет Өтемісұлы «Ереулі атқа ер салмай»,«Жалғыздық», «Мұнар күн»
Дәптерге күнді тақырыпты жазғызу. (тақтаға)
Мұғалім:(Үш өлеңіне қысқаша түсінік беру)
Бүкіл ғұмырын күрес, арпалыс үстінде өткізген ақынның жырлары кек пен жалынға, арман мен үмітке, өр рухқа толы. «Ереуіл атқа ер салмай» толғауы
«Ереуіл атқа ер салмай өлеңі – жауынгер ақынның көтерілістің алдыңғы кезеңінде ізінен қалмай қуған патша әскерімен кезектен шайқастан кейін шаршап – шалдыққан, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болуы керек, теңдік жолында ол қандай қиындықтарға төзуі қажет, міне, осы жайларды ақын барынша өткір, шымбайға батыра толғаған.
1837 жылы (қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң, далаға қонады. Күн суық боран екен. Далаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй, жұмсақ төсек, қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.
Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі. Өлең мұңды да қайғылы, елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.
«Мұнар күн- ақынның батыр өліміне арнап шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады) сарындағы туындысы. Ақын Исатай өлген күн шексіз қайғылы, қаралы, ауыр күн екенін өлеңде «шұбар», «мұнар», «буыршын мұзға тайған», «бұрынғы бақыт тайған», «он сан байтақ бүлген» деген ерекше жағдайды, ауыр күйді, сезімді сәтті танытатын эпитеттерді, теңеу сөздерді қолдану арқылы ұтымды аңғарта алған.
Тармақ соңында «күн» сөзін үнемі қайталап отыру арқылы да ақын осы сөзге айрықша мағына жүктеп, айтар ойын еселей түскен. Махамбет өлеңдерінің тілі кестелі, олар көркем, небір әдемі эпитет пен теңеулер, көркем суреттеулерге толы. Ақын, әсіресе метафораның шебері
«Жалғыздық» өлеңі
Исатай қазасынан кейінгі ақынның күйзеліс кезінде жазған жыры. Бұл өлеңде күн мен түн,жалғыздық пен қауым,әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп,оның табиғи қырын ашады.Күн мен түннің ауысуы,жарық пен қараңғылықтың болуы –тіршілік заңы.Ақынның ұтқаны- кеңістік атауларын алып,оның мәні мен маңызы арқылы жүрегінің сырын ашуы еді.Өлең соңы
«Бәрін айт та,бірін айт,
Қаумалаған қарындас,
Қазақта бар да менде жоқ» деп аяқталады. Рабиға Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» зерттеуінде қарындас сөзін бүгінге дейін екі мағынада қолданған дейді.Әдеби нормадағы актив мағынасы «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны». Махамбет өлеңіндегі қарындас сөзі әйел жынысты жасы кіші туысқан емес,өзінің соңына еретін,өзіне демеу болатын туыстарды айтып отыр,қалың ағайынды іздеп отыр. Махамбет өлеңдерінің тілі кестелі, олар көркем, небір әдемі эпитет пен теңеулер, көркем суреттеулерге толы.
Сөздік дәптерге жазу:
Ассонанс –өлеңдерде тармақ басында дауысты дыбыстың қайталануы.
Аллитерация - өлеңдерде тармақ басында дауыссыз дыбыстың қайталануы
Қайталау-( әдебиет теориясында фигураның немесе айшықтаудың түрі) айтар ойды күшейте түсу үшін, сөзді немесе сөйлемді сан рет қайталау. (дыбыстық қайталау,жай қайталау, еспе қайталау, анафора, эпифора деген түрлері бар)
Элегия-мұң мен өкінішке толы өлең.
5. Білім бекіту:
Топтарға тапсырма:( «Жұптас. Ойлан. Пікірлес»стратегиясы)
1- топқа тапсырма.
-
«Ереулі атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
-
Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
-
Шумақ,тармақ ,бунақ,буын санын,ұйқас түрлерін ажырат
Жауабы:
Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұрады,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.
Е-реу-лі ат-қа ер сал-май
2- топқа тапсырма.
-
«Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
-
Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
-
Шумақ,тармақ ,бунақ,буын санын,ұйқас түрлерін ажырат
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
2.Жиі кездесетін сөздер: күн
«Мұнар күн» ұғымдарын мұнартып көрінген сағымның пайда болуымен түсіндіруге болады. 38 тармақтан, аралас ұйқасқа құрылған, 8 буынды, 3 бунақты өлең. Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді. Бұл өлеңде буыршын мұзға тайған күн, бура атанға шөккен күн, буулы теңді шешкен күн, Лашын қуға төнген күн, Қорашыл төбет болған күн т.б сөз тіркестері бар
Эпитеттер: «Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» т.б Бұл-елім деп еңіреген ердің бастаған ісінің жеңіліс тауып тұрған сәті. Күн-мұнар, бұлттан шыққан күн-щұбар.Бура атанға шөккен соң ақырзаман емей немене? Ақын жүрегі қан жылайды, күн де жылайды, дауыл теріс соғады. Хас бәйтерек жығылған, қылыш балдағынан сынған, дұшпанның көңілі тынған күн. «Буыршын» түйенің бір түрі, табаны бүртік келеді. Ол мұзға таймайды. Егер мұзға тайса жақсылықтың белгісі емес.
3-топқа тапсырма.
1. «Жалғыздық» өлеңін мәнерлеп оқы.идеясы не,қай кезде шығарған? (Жалғыздықтан жабығу, әділдіктің жоқтығына, замананың қиындығына налу, өкіну. Исатай қазасынан кейін жалғыздыққа бой алдырған шақта жазған өлеңі
2. Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
3. Шумақ, тармақ, бунақ, буын санын, ұйқас түрлерін ажырат
16 тармақ, 8 буынды, 2 бунақ, шұбыртпалы ұйқасқа құрылған өлең.
Жиі кездесетін сөз: жоқ сөзі
6. Шығармашылық жұмыс: топпен
«5 жолды өлең»әдісі
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем құрау
5. Синонимі
2. «Тәуелсіз елдің ұланынан хат» хат жазу
7. Қорытынды:
1.Білдім-білгім келеді
2. «Бағдаршам» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерулерін түрлі түсті қағаздар арқылы көрсетеді.
8. Үй жұмысы: Үш өлеңнің бірін жаттау.
9. Бағалау: өздерін-өздері бағалайды.
|
Аты-жөні |
Үй жұмысы |
Жаңа сабақты меңгеруі |
Шығармашылық тапсырмалар |
белсенділігі |
Ортақ ұпай |
баға |
|
Азаматов Мирас |
5 |
4 |
5 |
5 |
19 |
5 |
10. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Махамбет поэзиясы- саф таза тілімен, от-жалын шешендік интонациясымен, көркемдік шеберлігімен, жоғары ақындық мәдениетімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, суреткерлік қолтаңбасымен өзгешеленеді. Оның өлеңдері өміршең. Дәстүрін жалғастырушылар өте көп. Фариза, Мұқағали, Мұхтар Шахановтардың, Олжас Сүлейменовтардың өлеңдерінде Махамбет сарыны бар.
Тәуелсіздікті аңсап өткен батырларымыздың арманы орындалды. Елі үшін еңіреп өткен ер есімі мәңгі тірі.
Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Адам баласы – шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер – әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi. Оны қайда жүрсе де жүрегiнiң түбiнде әлдилеп өтпейтiн жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу – шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi. Бұл кез келген халықты әншейiн бiрiге салған қауым емес, шын мәнiндегi ұлт ететiн мәдени-генетикалық кодының негiзi. Бiздiң бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгiрген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бiздi қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннiң қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас еттi.»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген