Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі: Сейлхан Мустафаев

Дөңгелек үстелдің сценарийі: Махамбет Өтемісұлы – 220 жыл
Мақсаты:
1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек зерттеу.
2. Оның ерлігі, ұлттық рухты көтерген шығармашылығы туралы пікірлермен бөлісу.
3. Оқушыларға Махамбеттің батырлығын, рухани мұрасын үлгі ете отырып, патриоттық сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Махамбет Өтемісұлының шығармаларын терең түсінеді, оның өмірі мен күрес жолы туралы білім алады.
- Шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды, пікір алмасу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
- Ұлттық патриотизм мен тарихи тұлғаларға деген құрмет артады.
Қажетті құралдар:
- Махамбет Өтемісұлының портреті, шығармаларының үзінділері
- Презентация
- Дөңгелек үстел үшін қажетті материалдар (текшелер, қағаздар, маркерлер)
Сабақтың барысы:
Жоспар:
1. Кіріспе бөлім (5 минут)
- Жүргізушінің сөзін бастау:
"Құрметті қатысушылар, бүгін біз ұлы ақын, әрі батыр Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған дөңгелек үстелімізде бас қосып отырмыз. Махамбет - қазақ халқының рухын көтерген, тәуелсіздік үшін күрескен, өзінің поэзиясымен ұрпақтарға өшпес мұра қалдырған тұлға. Бүгінгі шараның мақсатын таныстыру. Құрметті бүгінгі шараға қатысушылар.енді экранға назар аударсақ(экраннан Махамбеттің өмір баяны көрсетіледі)
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Ол өз уақытындағы қоғамдық-саяси өзгерістерге белсене араласып, қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында күрескен тұлға. Оның шығармашылығы осы күреспен тығыз байланысты. Махамбет жырларында халықтың қасіреті, әділетсіздікке қарсы күрес, тәуелсіздікке деген ұмтылыс ашық айтылады. Оның өлеңдері бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай келеді."
Ендігі кезекте бүгінгі кездесуімізді қазақтың қара домбырасының үнімен ашсақ,назарларыңызда Мустафаев Мирастың орындауында «Жұмыр қылыш»күйі.
ІІІ. Шығармашылық талқылау (20 минут):
-Балалар Махамбет Өтемісұлының қандай шығармаларының жатқа білесіңдер ( «Мен, мен,мен едім.»,«Исатай деген ағам бар», «Хан емесің Қасқырсың»,«Жалғыздық», «Тайманның ұлы Истатай»).
Махамбеттің өзі туралы
жырлаған өлеңдері:
1. Мен, мен, мен едім.
2. Менің атым – Махамбет.
3. Мен – кескекті ердің сойымын.
4. Әй, Махамбет жолдасым.
5. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны.
6. Ұлы арман.
7. Мұнар күн т.б.
«Мен, мен, мен едім» өлеңін
оқып, тыңдап өлеңнің астарына үңілу, мұндағы «МЕН-нің» мағынасын
ашу.
Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің»
мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы
терең. Мұндағы «Мен» – Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің
күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның
ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің
тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі
көрінеді.
МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.
МЕН – елін Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман
иесі.
МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.
МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.
МЕН – ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен
жан.
Махамбеттің асқар таудай аға
тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен
адамы – Исатай.
Махамбетің Исатайға арналған өлеңдерін атау:
1. Тайманның ұлы Исатай.
2. Исатай деген ағам бар.
3. Тарланым.
4. Мінкен ер.
5. Мұнар күн.
6. Ұлы арман.
7. Біртіндеп садақ асынбай.
8. Ереуіл атқа ер салмай.
9. Арғымаққа оқ тиді.
10. Мінгені Исатайдың ақ табан-ай.
11. Исатай сөзі.
12. Арыстан одан кім өткен? т.б.
«Тайманның ұлы Исатай» ,
«Исатай деген ағам бар» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, мазмұны мен
мәнін ашқызу.
Махамбеттің Исатайды соншама дәріптеуінің негізгі түйіні —
"қызғыштай болған есіл ердің” ерлігі жолдасты тастамайтындығын да
ғана емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші
бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағандығында.
Махамбет Исатайды халық үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы,
қамқоры етіп суреттейді. Исатай өліміне ақын қабырғасы қатты
қайысады. Исатай қазасына байланысты өлеңдерінде де ақын оның
бейнесін тереңдеп аша түседі.
Бейне таспа
«Хан емесің,
қасқырсың» өлеңдерін мәнерлеп оқытып,
мазмұны мен мәнін ашқызу.
«Хан емессің, Қасқырсың» өлеңі Махамбет Өтемісұлының қоғамдағы
әділетсіздікке қарсы көзқарасын білдірген және халықтың бостандығы
үшін күресінің маңызды бір көрінісі болып табылады. Ақынның бұл
өлеңі тек қазақ әдебиеті ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтар
мен құқықтар үшін маңызды әрі мәңгілік мәнге
ие.
Өлеңді талқылай келе, оның көтерген мәселелері қазіргі таңда да өзектілігін жоғалтпайтынын байқауға болады. Халықтың әділетсіздіктен қорғануы, өз құқықтарын қорғауы – бүгінгі күннің де талабы.
- «Махамбет Өтемісұлы қандай тұлға?» деген сұрақты талқылау арқылы оның қайсарлық, батырлық және патриоттық рухын ашу.
IV. Дөңгелек үстел: "Махамбет Өтемісұлының мұрасы бізге не береді?"
(10 минут):
- Оқушыларды төрт немесе 4 топқа бөлу. Әр топқа бір сұрақ немесе тақырып береді:
1. Махамбеттің ерлігі және оның халық алдындағы борышы.
2. Махамбет жырларындағы елдің еркіндігі мен азаттығы туралы ойлары.
3. Махамбет Өтемісұлының шығармаларының патриоттық тәрбиедегі рөлі.
4. Махамбет Өтемісұлының қайсарлығы мен ұлт үшін күресі қазіргі жастарға қандай сабақ береді?
- Өз пікірін білдіріп, топ мүшелері бірігіп пікір алмасу жасайды.
Қорытынды бөлім (10 минут)
- Жүргізушінің сөздері:
"Қорытындылай келе, Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы тек қана өткен заманның естелігі емес, ол біздің бүгінгі ұрпаққа да үлкен рухани мұра қалдырды. Оның жырлары, ерлігі мен күресі әрқайсымызға батылдық пен әділдік жолында қызмет етуге ынталандырады. Ұлы тұлғаның 220 жылдығына орай біз оған құрмет көрсетіп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз қажет."Бүгінгі Тәуелсіздік бізге ата-бабаларымыздың қанымен келгенін ұмытпайық!».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Махамбет Өтемісұлы – 220 жыл дөңгелек үстел

шағым қалдыра аласыз