жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Махамбет Өтемісұлы "Ереуіл атқа ер салмай" 8 сынып
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жакибаева А.Б.
Тараз қаласы
Сабақ: әдебиет Сынып: 8 «А» Күні: 14.11.17
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын меңгерту, «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіне мазмұндық талдау жасау арқылы білімдерін арттыру;
ә) дамытушылық - логикалық сұрақтар қою арқылы шапшаң ойлау, өз ойларын ұтымды, еркін жеткізу, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын дамыту, өзіндік жеке көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік - халқына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, сөзжұмбақ шешу, мәнерлеп оқу, «автор орындығы» тәсілі, жұптық, топтық жұмыс, салыстыру, ақынға хат жазу
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Көрнекілігі: ақын портреті, нақыл сөздер, шарлар, сызбалар, сөзжұмбақ, плакат, стикерлер, интербелсенді тақта
Сабақ жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Жаңа сабақ
-
Жаңа сабақты меңгеру тапсырмалары
-
Қорыту
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, түгелдеу
ә) кітап, дәптерлерін алғызу;
б) назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау: Балалар, үй тапсырмасына кімнің өмірі мен шығармашылығы берілген еді? «Эстафета» ойыны жүргізіледі:
сынып үш топқа бөлінеді. Бірінші топ - «Сайф Сараидың өмірі», екінші топ -«Түркіше Гүлстан» шығармасының ерекшелігі, үшінші топ - «Түркіше Гүлстан» шығармасының мазмұны. Нөмірленген үш парақ әр топқа беріледі. Белгі бойынша оқиғаларды, деректерді жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс)
Интербелсенді тақтадан сөзжұмбақты жылдам шешейік (өткен тақырыптарды қайталау)
Жаңа сабақ:
-
Балалар, бүгін сендермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы
Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Бекетай деген жерде дүниеге келген. Оның ақындық, шешендік дарыны елге ерте танылып, жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанады. Жәңгір хан билік құрған заманда өз беделін көтеру үшін жанына талантты адамдарды жинайды. Жасынан ақындығымен, ақылдылығымен халық сүйіспеншілігіне бөленген Махамбетті сарайға қызмет етеді. Баласы Зұлқарнайынды Орынборға оқуға жібергенде, қасына Махамбетті серік етеді. Ханның баласын Махамбетке сеніп тапсыруының бір себебі - Махамбеттің өрлігі, қайсарлығы болса, екіншісі - хан сарайында он жылын, ал орыс жерінде бес жылын өткізген Махамбеттің көкірегі ояу, көзі ашық, бірнеше тіл, соның ішінде орыс тілін өте жақсы білетіндігі. 1834 жылы Махамбет елге оралады. Бірақ халыққа істеп отырған хан қатігездігін көрген ақын ханды мақтаушы емес, даттаушы болады. Сондықтан да Ордадан қуылады. Махамбет хан сұлтандардан жәбір көріп, Жайықтың бергі бетіне көшкен бұқара толқуларына қатысады, оны ұйымдастырушылардың бірі болады. 1829-1831 жылдары Орал шекарасынан жасырын өткендігі үшін Калмыков түрмесіне отырады. Ол жерден қашып шығып, Исатай бастаған көтерілісшілер тобына келіп қосылады. Исатай көтерілісінің басты себебі патша өкіметінің қолдауына сүйеніп, Жәңгірдің халықты аяусыз қанауы. Махамбет өлеңдері «Исатай деген ағам бар», «Тарланым», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар күн» атты өлеңдерінде елін ерлікке бастаған ерен ердің бейнесі айшықты сомдалған. Көп жыл қуғын-сүргіннен шаршаған Махамбетті Жайық бойындағы Қараой мекенінде жалғыз үй отырғанда Баймағамбет сұлтанның жіберген адамдары қайғылы қазаға ұшыратады.
-Балалар, осы Махамбеттің қайғылы өлімі жайлы М.Шаханов та жырлаған. Оқушы М.Шаханов «Әке үкімін» жатқа оқиды.
-Балалар, бүгін біз Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін талдайтын боламыз. Өлең жолдарын аудиодыбыстан тыңдату.
Сөздікпен жұмыс. Дәптерлеріне сөздікті жазғызып, оқушыларға оқыту
Ереуіл ат - ұзақ жортуға төзімді, мықты ат
Малта - сүзбеден сығып, домалақтап дайындайтын уақ құрт
Терлік - тоқымның астына салатын киіздің бір түрі
Тебінгі - тоқым қысқа болғанда,аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі
Қу толағай - түгі жоқ, жалаңаш
Өлеңді екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
IV. Жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмалары
А) Сұрақ-жауап. Үш топқа кезекпен сұрақ қойылады.
-
Махамбет туралы не білесіңдер, не білдіңдер?
-
Ақын өлеңдерінің көбісі кімге арналған?
-
И.Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің басты себебі қандай?
-
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі кімге арналған?
-
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінде ерлердің ісін суреттеуде ақын қандай сөздер қолданған?
Үш топқа тапсырма беріледі.
-
Өлеңде ерлерге тән қасиеттерді топтастыру сызбасы арқылы көрсетіңдер.
-
Ақын ойынша ер, батыр болу үшін қандай қиыншылықтарды бастан кешу керек?
Келесі тапсырма: өлең сөзін қарасөзбен жазып көріңдер, топта талдап, үздік шыққан жұмысты «автор орындығы» тәсілімен сыныпта оқып шығыңдар. Әр топтан бір оқушы шығып, қалған топтың сұрағына жауап береді. Әр жуап берген дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
V. Қорыту. Егер көтеріліс жеңіліске ұшырамаса, Исатай тірі болғанда, Махамбет тағдыры қалай болар еді? Махамбетке жауап хат жазыңдар.
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойнайды.
VI. Бағалау. Стикер таратылып беріледі. Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, өз-өздерін бағалайды. Плакатқа жапсырады.
-
Үйге тапсырма: Махамбет өмірі мен шығармашылығын оқу, «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау, «Туады ерлер ел үшін» атты тақырыпта ойтолғау жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген