«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» КММ
«Махамбет-патриот ақын»
( әдеби танымдық сабақ )
9 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Жұмағұлова А.А
2024-2025 оқу жылы
«Махамбет- патриот ақын»
( әдеби танымдық сабақ)
Мақсаты: Махамбет жырларының тақырыбын, мазмұнын терең түсіну
1-жүргізуші:
Уа, бабам екі ғасырдан астам жасқа жеттің
Өмірден- деп өкінді елің- жастай кеттің!
Халқыңның тарихында дара тұлға
Даңқыңды жас кетсең де асқақ еттің!
2-жүргізуші:
Елестеп ерлігің мен сөзің егіз
Дем берген әр сөзіңді сезінеміз
Нұсқасын тірлігіңнің оймен шолып,
Боламыз кездескендей өзіңе біз!
1-жүргізуші:
-Армысыздар, жыр сүйер қауым!
2-жүргізуші:
«Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», сары баланың қамы үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын,арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған әдеби танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
-Ұлы Абай кемеңгерлікті танытса, өткірлік пен батылдық Махамбетке ғана тән. Солай емес пе?
2-жүргізуші:
Иә. Өткір де батыл жалын жырдың иесі Махамбет Өтемісұлы деп білеміз.
1-жүргізуші:
Олай болса кезекті ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шолу ақпаратына берейік
Шолу ақпараты: (Айша, Гүлнар )
2-жүргізуші:
Махамбет ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Қалың көпшілікті езіп, жаншып отырған хан, сұлтан, би төрелерге қарсы шықты. Найзасына асыл сөз, өткір тілін қосып жұмсады. Көпшілікті ханға қарсы күреске шақырды.
«Мен, мен едім, мен едім»өлеңі. Оқитын---------------------------------
1-жүргізуші:
Бір кездері жанына ерген халқы жауласудан шаршаған , жүрегі шайылған еді. Сол кездері Махамбет әскері азайып жалғыздық зардабын шекті. Сол сәтте туған өлеңі «Ереуіл атқа ер салмай» . Оқитын ------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші:
Махамбет Өтемісұлы қолына найза ұстаған батыр, қалам ұстаған ақын ғана емес . Сонымен қатар домбыраның құлағында ойнаған күйші екенін де білеміз. Ол кісінің біздің заманымызға жеткен күйлері қаншама. Олай болса келесі кезекті Махамбет күйіне берейік
----------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Жәңгір ханның сарайында Махамбет біршама уақыт қызмет атқарғандығын білеміз. Оған бірінші себеп туған ағасы Бекмағамбет Жәңгір ханның атақты 12 биінің бірі болған. Кейін ханның шынайы бейнесін байқаған Махамбет Исатай батыр тобына қосылады. Шағын көрініс тамашалаңыздар «Жәңгір хан мен Махамбет»
Көрініс:
Автор: Бір жиында Жәңгір хан мен Махамбет кездесіп қалады.Өзінің байлығын халыққа таныстыру үшін мақтанып Махамбетке былай дейді:
Жәңгір хан:
-Әй, Махамбет! Осы сені елдің ақыны, суырып салма жырау дейді ғой. Олай болса қане мені халқыма бір мақтап жіберші.
Автор: Бұған зығырданы қайнап тұрған Махамбет қылышын жерге қойып:
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын
Хан емессің ылаңсың
Шұбар ала жылансың
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!
2-жүргізуші:
Халықтың азаттығы теңдігі жолында ақ найзасымен, асқақ жырымен нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасық қанын қиған Махамбет Өтемісұлы осындай адам еді.
Келесі кезекті сұрақ жауап айдарына береміз
1-жүргізуші:
«Махамбет-патриот ақын» атты әдеби танымдық сабағымыз өз мәресіне жетті. Елімізде Махамбет Өтемісұлы сияқты патриот оқушыларымыз көп болсын!
Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан сөзі
Хан
емессің, Қасқырсың,
Қас
албасты басқырсың,
Достарың
келіп табалап,
Дұшпаның
сені басқа ұрсын!
Хан
емессің, ылаңсың,
Қара
шұбар жылансың.
Хан
емессің, аярсың,
Айыр
құйрық шаянсың!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Махамбет Өтемісұлы шығармашылық кеш
Махамбет Өтемісұлы шығармашылық кеш
«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» КММ
«Махамбет-патриот ақын»
( әдеби танымдық сабақ )
9 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Жұмағұлова А.А
2024-2025 оқу жылы
«Махамбет- патриот ақын»
( әдеби танымдық сабақ)
Мақсаты: Махамбет жырларының тақырыбын, мазмұнын терең түсіну
1-жүргізуші:
Уа, бабам екі ғасырдан астам жасқа жеттің
Өмірден- деп өкінді елің- жастай кеттің!
Халқыңның тарихында дара тұлға
Даңқыңды жас кетсең де асқақ еттің!
2-жүргізуші:
Елестеп ерлігің мен сөзің егіз
Дем берген әр сөзіңді сезінеміз
Нұсқасын тірлігіңнің оймен шолып,
Боламыз кездескендей өзіңе біз!
1-жүргізуші:
-Армысыздар, жыр сүйер қауым!
2-жүргізуші:
«Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», сары баланың қамы үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын,арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған әдеби танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
-Ұлы Абай кемеңгерлікті танытса, өткірлік пен батылдық Махамбетке ғана тән. Солай емес пе?
2-жүргізуші:
Иә. Өткір де батыл жалын жырдың иесі Махамбет Өтемісұлы деп білеміз.
1-жүргізуші:
Олай болса кезекті ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шолу ақпаратына берейік
Шолу ақпараты: (Айша, Гүлнар )
2-жүргізуші:
Махамбет ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Қалың көпшілікті езіп, жаншып отырған хан, сұлтан, би төрелерге қарсы шықты. Найзасына асыл сөз, өткір тілін қосып жұмсады. Көпшілікті ханға қарсы күреске шақырды.
«Мен, мен едім, мен едім»өлеңі. Оқитын---------------------------------
1-жүргізуші:
Бір кездері жанына ерген халқы жауласудан шаршаған , жүрегі шайылған еді. Сол кездері Махамбет әскері азайып жалғыздық зардабын шекті. Сол сәтте туған өлеңі «Ереуіл атқа ер салмай» . Оқитын ------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші:
Махамбет Өтемісұлы қолына найза ұстаған батыр, қалам ұстаған ақын ғана емес . Сонымен қатар домбыраның құлағында ойнаған күйші екенін де білеміз. Ол кісінің біздің заманымызға жеткен күйлері қаншама. Олай болса келесі кезекті Махамбет күйіне берейік
----------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Жәңгір ханның сарайында Махамбет біршама уақыт қызмет атқарғандығын білеміз. Оған бірінші себеп туған ағасы Бекмағамбет Жәңгір ханның атақты 12 биінің бірі болған. Кейін ханның шынайы бейнесін байқаған Махамбет Исатай батыр тобына қосылады. Шағын көрініс тамашалаңыздар «Жәңгір хан мен Махамбет»
Көрініс:
Автор: Бір жиында Жәңгір хан мен Махамбет кездесіп қалады.Өзінің байлығын халыққа таныстыру үшін мақтанып Махамбетке былай дейді:
Жәңгір хан:
-Әй, Махамбет! Осы сені елдің ақыны, суырып салма жырау дейді ғой. Олай болса қане мені халқыма бір мақтап жіберші.
Автор: Бұған зығырданы қайнап тұрған Махамбет қылышын жерге қойып:
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын
Хан емессің ылаңсың
Шұбар ала жылансың
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!
2-жүргізуші:
Халықтың азаттығы теңдігі жолында ақ найзасымен, асқақ жырымен нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасық қанын қиған Махамбет Өтемісұлы осындай адам еді.
Келесі кезекті сұрақ жауап айдарына береміз
1-жүргізуші:
«Махамбет-патриот ақын» атты әдеби танымдық сабағымыз өз мәресіне жетті. Елімізде Махамбет Өтемісұлы сияқты патриот оқушыларымыз көп болсын!
Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан сөзі
Хан
емессің, Қасқырсың,
Қас
албасты басқырсың,
Достарың
келіп табалап,
Дұшпаның
сені басқа ұрсын!
Хан
емессің, ылаңсың,
Қара
шұбар жылансың.
Хан
емессің, аярсың,
Айыр
құйрық шаянсың!
шағым қалдыра аласыз













