400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы."Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны"өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы ШЖЖОМ

Пән: қазақ әдебиеті


Күні: 22.11.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:А. Амирешова

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны: 16

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Сабақтың мақсаты

Шығарманың мазмұнын түсінеді.Өлеңді құрылысына талдайды. Шығарманы композициялық құрылымына талдайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Басталуы, байланысуы, шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі, шумақ, тармақ, ұйқас, бунақ

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:шығарманың тақырыбы, идеясы

Талқылауға арналған сұрақтар: 16 жасында Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ кім деп таниды?

Бағалау критерийі

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Құндылықтарды игерту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Бастапқы білім

Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі.Пихологиялық ахуал қалыптастыру.Шаттық шеңберін құру. Оқушылардың көңіл –күйлерін сұрап,«Бір тілек» тренингі арқылы балалар  бір-біріне  өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек білдіреді.

Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен топтарға қиындылар беріледі, оқушылар мағынасына, ұйқасына қарап өлеңді құрастырады. Оқушыларды үш топқа топтастыру.Өздерінің құрастырғаны бойынша кімнің өлеңі, не туралы екендігіне болжам жасайды.

Тақтадан дұрыс нұсқасы көрсетіледі, топтар өздерін тексереді.

Сабақтың тақырыбы,мақсаты айтылады.

Үй тапсырмасын пысықтау. «Конверт» әдісі ҚБ. «Бәр тілек» әдісі

1-топ «Баймағанбет сұлтан»

2-топ «Махамбет»,

3-топ «Исатай»

Сабақтың ортасы

15 минут


Қызығушылығын ояту.

16 жасында Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ кім деп таниды. Топтастыру.

Shape1

МАХАМБЕТ






Әр топ өз тармағындағы батырдың сипаттамасын айта отырып, бұрыннан білетін білімдерімен толықтырады

«Әдеби шеңбер» әдісі. Шығарма толық беріледі, түсініп оқиды.

Шығармаға композициялық талдау жасау.

І топ. Тақырыбы мен идеясын анықтау.

Тақырыбы:

Идеясы:

ІІ топ. Басталуы, дамуын анықтау.

Басталуы:

Дамуы:

ІІІ топ. Шиеленісуі, шарықтау шегі мен шешімін табу.

Шиеленісуі:

Шарықтау шегі:.

Шешімі:

Дискриптор

  • өлең мазмұнын түсінеді;

  • композициялық талдау жасайды

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі



Оқулық


А4

http://bilim-all.kz/olen/1624-Mahambettin-Baimagambet-sultanga-aitqany


Мәтін





8 минут









5 минут

«6 НЕЛІКТЕН» әдісі Әр топтан оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді.

1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 
2. Неліктен Махамбет«онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік»деді? 
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді? 
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ? 
5. Неліктен Махамбет өзін «
шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды? 
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?

ҚБ. «Басбармақ» әдісі

«ПОПС» формуласы

Оқушылар өлең мазмұны бойынша өздерінің ойын жазады.

Менің ойымша....

Мен оны былай дәлелдеймін...

Мынандай мысал келтіремін...

Мынандай қорытындыға келдім....



Сұрақ жазылған қааздар







Стикер

Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия «Білім теңізі» әдісі арқылы жүзеге асырамын.

Орындау шарты:Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне», ал өз біліміне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.

Үйге тапсырма: «Дауылды жылдың жалынды жыршысы» тақырыбына эссе жазу

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Жеке, жұптық және топтық жұмыс барысында белсенді әдіс- тәсілдер арқылы тапсырманы, барлық оқушылар мен оқушылардың көпшілігі орындай алуын жоспарладым.«Әдеби шеңбер» жән«6 неліктен»әдістері арқылы кейбір оқушылардың қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы білімдері сараланды.



«Бағдаршам» әдісі

«Басбармақ» әдісі


Қазақстан тарихы, АКТ,

Елдік,ерлік,өрлік батырлық, туған жерге сағыныш, сияқты құндылықтармен байланысты.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарым қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Бүгінгі сабаққа қойылған мақсаттар оқушылардың жас ерекшелігіне сай қол жетімді.

Шығармаға композициялық талдау жасады

Сабақ жоспарланған түрде,қалыпты деңгейде өтті

Жоспарланған саралау нәтижелі болды.

Сабақ кезеңдері сақталды, уақыт тиімді пайдаланылды

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Топтастыру» әдісі

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «6 неліктен» әдісі

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? ? Сабақ барысында саралау әдістері топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар арқылы жүзеге асатынын білдім























Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны


Алай ма, сұлтан алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдап түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,
Кілегей қатқан Еділдің
Көкше мұзынан таяр ма?!
Ата ұлының баласы
Асыл ерге малың бер,
Малың бер де басын қос,
Басыңа тарлық түскенде
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік,
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік.
Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген.
Таудағы тарлан шұбар біз едік.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Шабытымыз келгенде,
Ерегіскен дұшпанды
Шетінен сүйреп жеп едік.
Баста дәурен тұрғанда,
Біздер - дағы, Бәйеке,
Оза көшіп, кең жайлап,
Еркімен еркін жатқан ер едік.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның кірген ақ орда,
Бұзуын ойлап кеңестік.
Аламанға жел беріп,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік.
Өздеріңдей хандарды
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қан
Ат баурына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне өңгердік.
Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Бастаушы едім құлаштай.
Жәбір беріп жала етсең,
Былғанған басым ласқа - ай.
Мен бір шарға ұстанған
Қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса тағы жетілдім.
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетімді - ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай, соқпай келтірген,
(Арманың бар ма құдайға)
Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»!
Ханнан кегім ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың
Еділ мен Жайық жер еді - ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді - ау.
Жай - қоныстан айрылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта - қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам тағы кетермін,
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын,
Өтініп алып от жақпан,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Ала сапыран болғанда ,
Бөліне көшкен еліңді
Бөріккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен еліңді,
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан ғып шабармын.
Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған.
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Мен кесекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар - намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартылмай сөйлер асылмын.
Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын,
Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»
Аяғыңа бас ұрман.
Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!
Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр!
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
«Ханым, ханым» дегенге.
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды,
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.
Тәуекел таққа бел байлап,
Қималы найза өңгеріп,
Боз балаға жел беріп,
Атқа мініп шыққанда,
Зұлым төре, сенің де,
Көрер едім к...


Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің ,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көпке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сырқаты - сары бал,
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке
Үстіме кисем деп едім.
Қанықейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді
Ителгі көзің төңкеріп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артына салсам деп едім.
Тілекті Тәңір бермеді,
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім.

Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда,
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақсүйек -
Бәйеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес!



  1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 
    2. Неліктен Махамбет«онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік»деді? 
    3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді? 
    4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ? 
    5. Неліктен Махамбет өзін «
    шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды? 
    6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?



1. Нысанбай жыраудың әкесі?




2. Жырда қандай қазақ батырларының есемдері аталды?




3. Нысанбайдың бізге қалдырған асыл мұрасы?




4. Меңдібай,Дулат,Ағыбай,

Арғыннан шыққан үш жігіт-

Шәкір,Жәуке, Толыбай.

Табыннан қабан Бұқарбай! – қай шығармадан алынған үзінді?




5. Нысанбайдың шығармашылығын зерттеген кімдер?  





6. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған поэзиялық шығармаларды ата?













М ахамбет Өтемісұлы (1804-1846) Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады. 1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады. 

1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады. 

1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде. Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді. Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая соғысу ерлер ісі деп толғайды. 

Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті. 

Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады. Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді. 

Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. Трибун ақынның әлеуметтік өмірге қатынасуының өзі шаруалар көтерілісімен тығыз байланысты еді. Махамбеттің көтеріліске үндеген тамаша шығармаларын шектен тыс езушілік пен теңсіздікті қарсы шықан халық күші туғызды. Демек, ақын толғауларының барлығынан дерлік көтеріліс рухы, елді езгіші хан - сұлтандарға қарсы үндеушілік айқын сезіледі. Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Кейін ұлы ақынның үлгісін Батыс Қазақстанды мекендеген ақындардың көпшілігі пайдаланды, үйренді.




Топ басшысының бағалауы


тапсырмалар


Оқушының аты-жөні

І

«Конверт» әдісі

ІІ

Топтастыру

ІІІ

«Әдеби шеңбер» әдісі

ІV

«6 неліктен»

әдісі


Ү

«ПОПС» формуласы



Баға

1







2







3







4







5








тапсырмалар


Оқушының аты-жөні

І

«Конверт» әдісі

ІІ

Топтастыру

ІІІ

«Әдеби шеңбер» әдісі

ІV

«6 неліктен»

әдісі


Ү

«ПОПС» формуласы



Баға

1







2







3







4







5








тапсырмалар


Оқушының аты-жөні

І

«Конверт» әдісі

ІІ

Топтастыру

ІІІ

«Әдеби шеңбер» әдісі

ІV

«6 неліктен»

әдісі


Ү

«ПОПС» формуласы



Баға


1







2







3







4







5







6







7

















































№

Сабақ кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Бағалау

1







Ұйымдастыру






2 мин.

* Амандасу, оқушыларды түгендеу;

* Сабаққа даярлықтарын, құрал-жабдықтарын тексеру.

* Cабаққа психологиялық дайындық жасау, бір- біріне сабаққа байланысты жақсы тілектер айтады.

*Аманда-сады


*Сабақта кім жоқ екендігін айтады


* Топ мүшелері бір- біріне сабаққа байланысты жақсы тілектер айтады.


Оқушының сабаққа деген ынтасы артады









2

Топқа бөліну

2 мин

1.Оқушыларға «Баймағанбет сұлтан», «Махамбет», «Исатай» , «Жәңгір хан» деп жазылған қағаз тарату.


1.Қағаздағы жазу бойынша топтасады.

Постер, маркер.


3



Миға шабуыл


2 мин


Интербелсенді тақтадан тақырыпты анықтату үшін өлең жолдарын көрсету және мақсатты анықтау.

Көрсетілген өлең жолдары арқылы ойланып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.


Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді


4





Үй тапсырмасын сұрау


6 мин

1.«Ерлік - білекте емес, жүректе» эссе жазу

(Талантты және дарынды балаларды ескеру)

2. «Аквариум әдісін» қолданып:

Махамбеттің өмірі,шығармашылығына байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар қоя білу

Оқушылар жазып келген эсселерін оқиды.


Әр топтан (3 сұрақтан) бір-біріне жоғары деңгейлі сұрақтар қояды


Топ басшылары берілген критерий бойынша бағалайды

Сұраққа толық жауап беру

Бағалау критерийлері бойынша бағаланады

5




Қызығушылығын ояту



3 мин

16 жасында Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ кім деп таниды. Ой бөлісіп, жаңа сабаққа өту

Махамбет-тің «Мен, мен, мен едім» термесін тыңдап,ой бөліседі


Электронды оқулық бойынша музыка тыңдайды


АКТ

6





Жаңа сабақ


Мағына-ны тану

15

«Кубизм» стратегиясы .Ітоп:талдау

  1. Махамбет поэзиясының өзегі, негізгі тақырыбы,идеясын ашу2.

  2. Өлеңге сатылай кешенді талдау

  3. 3. Махамбет өлеңдерінің ұйқасы туралы

ІІ . топ: Дәлелде.1.Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесін

өлеңдерін жатқа оқу арқылы дәлелде.

2.Махамбет жырларындағы көркемдік тәсілдер:

метафора,эпитет,аллитерация,ассонанс табу

3.Махамбет – сегіз қырлы, бір сырлы ақын. (Күйлері жайлы)

ІІІ . топ: Салыстыр. Махамбет өмір сүрген кезең мен қазіргі кезеңді салыстыр

ВЕНН диаграммасын құрыңдар

Баймағанбет пен Жәңгір ханды салыстырыңдар

«Мен таныған Махамбет» ойларымен бөлісу топтастыр

ІҮ . топ: Қолдан

1.Махамбет – реалист ақын. Махамбеттің Жәңгір ханға айтқанынан сахналық көрініс келтіріңдер.

Жәңгір хан Махамбетті шақырып: - Ау,Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мына жұртқа.

Махамбет: - Айтсам,айтармын хан Жәңгір,жұртқа жасаған ісіңді.Қарапайым халықтың ақысын жеп,табаныңа таптамадың ба мына жұртты?

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп басқа ұрсын

Хан емессің аянсың,

Айыр құйрық шаянсың,- деп айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетер енді.

2.Махамбет өлеңдерінде жиі қолданылатын сөздерді жазыңдар.

Мысалы: көнерген сөздер,...

3. «Батыр» сөзіне бес жолды өлең құрастыр.

Әр топқа кубик тастап, тапсырмалар орындайды

І. Махамбет поэзиясының негізгі идеясын ашады

ІІ. Жырларының көркемдік ерекшелігіне талдайды

ІІІ. Махамбеттің Жәңгір ханға айтқанын сахналайды

ІҮ. Салыстырады

Постер қорғайды

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды

Рөлдік көрініс көрсетеді

Салыстырады

«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау


7






Бекіту

5 мин

Ү. Зерделе

«Исатай қаза таппаса Махамбет тағдыры қалай болар еді?»

сұрақ қоя отырып сыни ойлауға жетелеу.



Сын тұрғысынан көзқарастарын білдіреді

Жаңа тұтас мазмұндар тудырып мүмкіндіктер туғызу,

пікір қалыптастыру,

нәтиже жасау

Мұғалім бағалауы

8



Қорыту



2 мин

Бір тамшы ой. Мен бүгінгі сабақтан не түйдім?
Кері байланыс

Стикерге бүгінгі сабақ туралы ойын жазады

Пікір білдіреді

БҮҮ кестесін

толтырады

Кері байланыс

9




Үйге тапсырма

1мин

«Дауылды жылдың жалынды жыршысы» шығарма жазу.

Хрестоматия бойынша өлеңдерін оқып,

афоризмге айналған сөздерін тауып жазу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады




10

Бағалау




2мин

Бағалау критерийлерін ұсыну

Өзін-өзі бағалау, топтық жұмысты бағалау, қорытынды бағалау парағын тарату,қадағалау

Критерийлер бойынша топтық,жұптық жұмыстарын бағалайды,толтырады


Бағалау парақшалары










































Эсселерді бағалау «Бағдаршам» әдісімен бағалау

  1. Басқаларға ұқсамайтын тезистер енгізілген-2 балл

1. Жасыл түс –толық келісемін

  1. Негізгі мазмұн және қорытындысы бар-2 балл

2. Қызыл түс – сұрағым бар

  1. Мұқият және қатесіз жазылған-1балл

3. Сары түс - толықтырып қосарым бар

Барлығы: 5 балл


«Аквариум» әдісі бойынша бағалау критерийі

  1. Жұпта командалық жұмысқа қатысуы-2балл

  2. Өз көзқарасын айту,дәлелдеу-3балл

  3. Дәйектемелер, дәлелдер келтіру -5балл

  4. Рөлдер бойынша мақсатты ашу-5 балл

  5. Өмірмен байланыстыру-5 балл

Барлығы: 20 балл


Өзін-өзі бағалау парағы

Аты-жөні:.....................................................

№

Сабақ кезеңдері

Бағалауы

1

Эссе тақырыбын ашу


2

Ашық сұрақтар арқылы тақырыпты аша алуым


3

Кестені толтыруым


4

Пікір-сайысқа қатысуым


5

Шығармашылық жұмысты орындауым



Топ басшысының бағалауы


тапсырмалар


Оқушының аты-жөні

І

Эссе тақырыбын ашуы

ІІ

Ашық сұрақтар

ІІІ

Кесте бойынша ойын қорғауы

ІV

Шығармашылық жұмыс

Ү

Пікірсайысқа қатысу

1






2






3






4






5






6






7









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
23977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі