Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

«Тарихишындық пен көркемдік шешім» бөлімі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Аденова В.К.

Күні:

04.12.2024ж.

Сынып: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра отырып, жаңашылдығына баға бере алады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындау барысында ауызбіршілікте, ұжымдаса жұмыс жасайды.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

-тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды сыныпқа отырғызамын;

2. Оқушылармен амандасып, түгендеймін. Сынып реттілігін қадағалаймын.

3. Психологиялық ахуал: «Мен сені теңеймін батырға»

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Менен сұрақ, сенен жауап» әдісі арқылы қима қағазда жазылған сұрақтарға жауап аламын.

«Тұлға» әдісімен оқушыларды топтастырамын.

1-топ: «М.Өтемісұлы»

2-топ: «И.Тайманұлы»

1. Мұғалім ұсынған шарттарды орындап, сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады және топтасады, сабаққа дайындалады;

2.Психологиялық ахуал: «Мен сені теңеймін батырға»

Оқушылар бір біріне қарап тұрып не шеңберге тұрып бір бірін батырға теңейді. Мысалы, Бақберген мен сені теңеймін Бауыржандай батырға, Мейірім мен сені теңеймін Әлиядай батырға т.б.

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «Менен сұрақ, сенен жауап» арқылы мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар «Тұлға» әдісімен топтасады.

Дескрипторлар:

Жалпы – 2 балл

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді -1б;

- Ойын нақты жеткізеді-1б;

ҚБ: «Ақындар»











табличкалар



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Топтық жұмыс


















1 –тапсырма.

Білім алушыларға экраннан Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңін тыңдатамын. «Кір жаю» әдісі арқылы екі топқа бірнеше киімнің артына бір бір тармақ жазып қоямын. Оқушылар сол тармақтардың ретін тауып, кір қыстырғышпен жіпке іліп шығады. Сөйтіп әр топ сол құралған шумақта қандай ой айтылғанын, автордың жас ұрпаққа қандай үгіт-насихат, өсиет айтқысы келгенін анықтатамын.

1 –тапсырма.

Білім алушылар экраннан Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен, мен едім» өлеңін тыңдайды. «Кір жаю» әдісі арқылы екі топқа берілген бірнеше киімдердің бір бетіне жазылған тармақтардың ретін тауып, кір қыстырғышпен жіпке іліп шығады. Әр топ сол құралған шумақта қандай ой айтылғанын, автордың жас ұрпаққа қандай үгіт-насихат, өсиет айтқысы келгенін анықтайды.

Дескриптор:

-Ұсынылған материалды негізге алады-1б;

- шумақтың құрылымын сақтап, табады-1б;

-автордың жас ұрпаққа қандай үгіт-насихат, өсиет айтқысы келгенін анықтайды-1б;

Жалпы-3 балл

ҚБ: «Ақындар»


РРТ

https://youtu.be/Tp0rt_PJj1o?si=-ot5e6HFD5Hayi25

(00:22-02:17 аралығы)


Жұптық жұмыс


2-тапсырма.

Оқушыларға оқулықтағы (107-бет 6-тапсырма) тапсырманы орындауға

беремін. «Киіз үй» әдісімен әр жұпқа киіз үйді таратып шығамын. Берілген үзіндіден қайталаудың түрлерін табуды тапсырамын. Қайталаудың түрін ерекшелеп астын қарындашпен сызғызып, берілген үзіндіде заман көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра отырып, жаңашылдығына баға берулерін тапсырамын.

2-тапсырма.

Оқушылар оқулықтағы (107-бет 6-тапсырма) тапсырманы орындайды. «Киіз үй» әдісімен әр жұп киіз үйде берілген үзіндіден қайталаудың түрлерін тауып, астын сызып шығады. Сонымен қатар берілген үзіндіде заман көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра отырып, жаңашылдығына баға беріп, жұмыс дәптерлеріне жазады.


Дескрипторлар: Жалпы -3 балл.

  • Үзіндіден қайталаудың түрін табады-1б;

  • заманауи тұрғыда салыстырады-1б;

  • жаңашылдығына баға береді-1б;

ҚБ: «Ақындар»

Оқулық







Жеке жұмыс

3-тапсырма.

«Жебе» әдісімен жеке жұмыс орындатамын. Білім алушыларға бір жебеден таратып беріп, «Мен,мен, мен едім» өлеңіндегі автор позициясының қалай көрінетіндігі, оның сөз қолданысы, өлеңдегі көрініс бүгінгі жастар арасында орын алуда ма, Махамбет жырларының өміршеңдігі туралы бір ауыз сөз жазуларын тапсырамын.

3-тапсырма.

«Жебе» әдісімен жеке жұмыс орындайды. Білім алушылар «Мен,мен, мен едім» өлеңіндегі автор позициясының қалай көрінетіндігі, оның сөз қолданысы, өлеңдегі көрініс бүгінгі жастар арасында орын алуда ма, Махамбет жырларының өміршеңдігі туралы бір ауыз сөзбен жебеге жазады.

Мысалы: Өлеңде ақын мен деп бас көтерсе, бүгінде бас көтерер жастарымыз жеткілікті.

Махамбеттей батыр ұлдардың ерлігі тәуелсіз елде пандемия кезінде басын қатерге тігіп, ел болашағы үшін күресе білді.

Махамбет «мен,мен» деп өзін такаппарлық немесе өзімшілік қырынан танытпады, керісінше өзін ел жанашыры ретінде көрсету қазақ әдебиетіне қосқан жаңашылдық деп білемін.

Дескрипторлар: Жалпы-1 балл.

*өлеңнен алған әсерлерін шынайы өмірмен байланыстырып, жаңашылдығына баға береді;

ҚБ: «Ақындар»

Тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Кері байланыс

«Жылдам рандом» платформасы.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын «Активатор» әдісі арқылы алады.



Үйге тапсырма:


Кері байланыс

Жеке жұмыс:

Берілген сұрақтарға жауап береді, жеке жұмыс жасай отырып, меңгерген білімдерін қолданады.


Мұғалім оқушыларды «Ақындар»әдісі арқылы бағалайды.


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Күнделік








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі