400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
а/Махамбет өмір сүрген дәуірден мағлұмат беру, Махамбет жайында жазылған шығармалардан, еңбектерден ақын екендігін таныту; ә/шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету; б/ақынның шығармаларына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:қазақ әдебиеті Сыныбы:9 Сабақтың тақырыбы:Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: а/Махамбет өмір сүрген дәуірден

мағлұмат беру, Махамбет жайында

жазылған шығармалардан,

еңбектерден ақын екендігін таныту;

ә/шығармашылықпен жұмыс істей

білуге, өзінше тұжырымды ой айта

білуге үйрету;

б/ақынның шығармаларына деген

қызығушылығы мен сүйіспеншілігін

ояту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер,

порттреттер, газет – журнал

материалдары.

Сабақтың түрі: семинар- конференция

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ХҮІІІ- ХІХ ғасырдағы қазақ халқының басындағы ең үлкен мұң- қайғы- жер мұңы, жер қайғысы, жер зары болды.

Қасиетті жерінен айырылу- бәрінен айырылу. Мұны біз сонау бағзы заманнан бері келе жатқан әр дәуір жырларының толғауларынан оқып таныстық.

Сұрақтарға жауап алу:

1. ХҮ ғасырдағы Қазтуған жырау толғауларының тақырыбы қандай?

2. ХҮІІІ- ХІХ ғасыр Ресей патшалағының қазақ жерін отарлауы тұсындағы Шортанбай толғауын еске түсірейік.

3. Қазақ даласының орыс патшалығына бағынуына байланысты Орталық Қазақстанда салына бастаған бекіністерді ата, олардың қызметі жөнінде әңгімеле.

4. Дулат Бабатайұлының патшалық Ресейге отарлау саясатын әшкерелеуі жөнінде айта отырып, өлеңдерін еске түсірейік.


ІІІ. Жаңа сабақ


Кіріспе әңгіме: «Махамбет есімі- өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы» деген екен жазушы З.Қабдолов ағамыз.

Ақын болу - бір басқа. Батыр болу - бір басқа. Осы екі ұғым екі дара тұрып қалмай, қосылып,бір адамның бойынан табылып жатса- бұл да ерекше құбылыстың бірі деп қарауымыз керек. Міне, осы қосылған екі талант Махамбет шығармашылығынан аңғарылады.

Ер Махамбет бүкіл өмірін күрес үстінде өткізген, сондықтан ақын жырлары асау сезім, қайсар рухқа толы.


Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім...

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір ақ тусаншы!

Халықтың кегін қусайшы!

Бұл – Махамбеттің арман- мұраты еді. Бостандық, тәуелсіздікті аңсау- қандай ұлы арман!

Бүгінгі сабақта біз Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы туралы оқушылардың өзінен естиміз.

Сабаққа «тарихшы» - Бекжан

«ғалым» - Дария

«әдебиетші» - Нұрберген

«өнертанушы» - Зарина

«тілші» - Тоғжан қатысып отыр.


Тілшіден ғалымға сұрақ: «Махамбеттің балалық шағы»

туралы қысқаша дерек берсеңіз.

тарихшыға сұрақ: Исатай мен Махамбет

бастаған шаруалар көтерілісі

қай жылдары, қай жерде

болды? Махамбеттің хан

сұлтандарға жау болу себебі

неде?

өнертанушыға сұрақ: Халықтың айтуына қарағанда

Махамбет арқалы күйші,

сазгер болған олай болса сізге

сұрақ мынадай: Махамбеттің

қанша күйі бар атап берсеңіз?

әдебиетшіге сұрақ: Қай жылдары қандай жағдайда

өлеңдері дүниеге келді? (кесте

арқылы)

кезеңдер

жылдар

негізгі оқиғалар

Оқиға ізімен туған өлеңдер

І




ІІ




ІІІ





Қандай өлеңнен үзінді деп білесіз? («Қызғыш құс», «Хан емессің қасқырсың»)

Соңғы сауалымыз ғалымға: Біз «Қарой»

әңгімесінен Махамбеттің

басын Ықылас кесіп алғанын

білеміз, сонда денесі мен

басы бөлек жерленді ме?


Махамбет- дауылпаз ақын.

Махамбет шығармашылығы- өр рухты поэзия. Махамбет жасынан – ақ шешендігімен, ақындығымен көзге түскен. Өткір мінезді ақын өлеңдері өмір шындығын терең бейнелеген, ханға қарсы қасқая тұрып, шындықты бетке айтқан. Халық намысының аяққа басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын бас кетер деп қорықпай, ханның жауыздығын әшкерелейді.

Махамбет шығармашылығы – өр рухты поэзия. Ақынның қай өлеңін алып оқысаң да отты да өткір. Оның жауынгерлерді елін, жерін қорғау үшін қаншама қиындыққа, аштыққа, шөлге, төзімділікке шақыратын, жігерлендіретін, рухани күш беретін өлеңдерінің бірі- «Ереуіл атқа ер салмай» (өлеңі сұралады) «Толарсақтан саз кешіп», «Мұңайма», «Айныман», «Баймағанбт сұлтанға айтқаны» өлеңдері айтылады.


ІҮ. Тапсырма: кесте қағаздағы сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, тақырыпқа қатысты әңгіме құрау Исатай, Махамбет, соғыс, мақсат, Қиялы мола, қайсар, батыр, шаруалар көтерілісі, 1836 жыл


Ү. «Махамбет» (топтастыру тәсілімен)


ҮІ. Пікір айту «Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?» 3 минут


Жоқ Бар

ҮІІ. Махамбет жайлы еңбектер аталды

1. Б. Аманшин «Махамбеттің тағдыры» романы

2. Ә. Әлімжанов «Махамбеттің жебесі» романы

3. Қ. Жұмалиев жинақтары

4. Ф.Оңғарсынова «Махамбет аудармашысымен әңгіме» өлеңі «Алмас қылыш» поэмасы

5. Құрманғазы «Кішкентай» күйі

6. М. Шаханов «Қарақұм трагедиясы»

7. «Махамбет» «Жыр- Жебе» жинақ

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Қорытынды: Махамбет есімі мәңгі өшпейді. Көше, театр, университетке есімі берілді.

Х. Үйге тапсырма: 159- 163 бет, «Мұнар да мұнар, мұнар күн» жаттау

Махамбет- «қабағын шытпас ер», «дініне берік жауынгер», «қолына қоңыраулы найза алып», «Исатайдың соңынан ерген ереуіл ақыны Абылайдан кейінгі батырлардың батыры».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі